Оқытушы өткізетін өздік жұмыс
1. Сөздердің бір-бірімен байланысу тəсілін жəне олардың арасындағы
синтаксистік қатынастың түрлерін айқындаңыздар:
Сол екі арада-ақ келіп үлгереді, Нұрғалидың көзі, ыстық жастар,
ауылдан кеткен, көп өзгеріпті, қатты қадірлейді, əйел сəнқой екен, өз
бауыры.
2. Тіркестер арасындағы байланыс түрлерінің қабысуға не жанасуға
жататынын анықтаңыздар:
Əдейі сөйледі, жақсы сөйледі, жақсы жора, бүгін келдім, сен үшін
келдім, шалқалай құлады, күлімсіреп қарады.
3. Сөйлемдердегі матаса жəне меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін
теріп көшіріп, оларға түсініктеме беріңіздер:
Бірінен кейін бірі тізілген бір топ машина орталық жақтан біздің
ауылға қарай жақындап келеді екен. Біздің таудан кен көзі табылыпты.
Бұдан кейін де Жасылкөлге екі барып қайттық.
Соңғы жолы отыз шақты үйдің ауыл балалары тайлы-таяғымыз
қалмай жиылып барғанбыз. Жасыл көлден аққу енді кетпейді (Ы.Кенен-
баев).
4. Берілген тіркестердің қайсылары сөз тіркесіне жатады, қайсыла-
ры жатпайды? Сөз тіркесі болуының не болмауының себептерін түсін-
діріңіз.
Мен жаздым, маған жазды, хат жазу, жазу əрі оқу, жай айту, жай
таныс, студент қыз, оқытушы əйел, қатты күлу, қатты кету, қонақ
күту, қонақ кісі, боз торғай, үйдің қасы, таудың төбесі, əнші торғай.
5. Төмендегі сөз қатарларынан бағыныңқы сыңарларын тауып (олар
əртүрлі сөз таптарынан болсын), сөз тіркесін жасаңыздар. Бағыныңқы
сөздердің тұлғалық мағыналық ерекшеліктері сөз тіркесін жасауға қалай
əсер еткенін байқаңыздар. Сөз тіркестеріне мына схема бойынша тал-
дау жасаңыздар: 1. Бағыныңқы сыңары бойынша сөз тіркесінің түрі. 2.
Сөздердің байланысу тəсілі мен түрі. 3. Сөз тіркесінің грамматикалық
мағынасы.
Көрікті, судан, маған, теректің, үйге, қызыл, сөзге, үйде, бір, жыл-
дам, жақсы, кілт, жорта күліп, абайсызда, есіктің алдында, етпетінен,
кескінінен, түнде, сағат онда, микрофонмен, түнімен, бұрынғы уақыт-
тан, ежелден.
6. Төмендегі сөз қатарларынан басыңқы сөздердің бағыныңқы сыңар-
ларының толық парадигмасын жасаңыздар. Олардағы өзгерістер сөз тір-
кестерінің сипатын (мағыналық, грамматикалық ерекшеліктерін) жасау-
ға қалай əсер ететінін түсіндіріңіздер.
Келу, кету, қарау, бару, дос болу, қонақ ету, жеткілікті, аласа.
Үлгі. Мəскеуден келу, поезбен келу, күзде келу, ұялғаннан келу, тез
келу.
Достарыңызбен бөлісу: |