Синтаксистік парадигмалар


 ЖАЙ СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ СИНТАКСИСТІК



Pdf көрінісі
бет38/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

2 ЖАЙ СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ СИНТАКСИСТІК
ПАРАДИГМАЛАР 
2.1 Сөйлем туралы жалпы түсінік
Сөйлем – синтаксистік құрылыстың негізгі тірегі, басты санаты. Тіл-
дің басты қызметі коммуникативтік қызмет болса, ол – сөйлем арқылы 
іске асады. Бұл қызмет сөйлемнен басталады, сөйлемге дейінгілер (ды-
быс, морфема, сөз, сөз тіркесі) мұны атқара алмайды. Олар – сөйлемді 
құрастыруға  қатысатын  құралдар.  Сөйлемнің  тілдік  элементтерден, 
солардың  ішінде  сөз  тіркесінен,  ең  негізгі  айырмашылығы  коммуника-
тивтік  негізгі  тұлға  болатындығында.  Сондықтан  да  сөйлемді  синтак-
систің басты нысаны, негізгі санаты дейміз.
Сөйлемнің  грамматикалық  ұстыны  үш  тағанды  болады:  олар 
–  предикативтілік,  модальділік,  интонация.  Бұлар  геометриядағы 
үшбұрыштың  қатаңдығы  сияқты  бірлікте  тұрса  ғана,  тізілген  сөз-
дер сөйлем болып шығады. Сөйлемнің мұндай құрылымдық-мазмұндық 
белгілері  туралы  бұған  дейінгі  түрлі  еңбектерде  мол  жəне  дұрыс  та 
орынды  қамтылған.  Сондықтан  сөйлем  туралы  өзгешелеу  түсінік  бе-
реміз.
Адам  өз  ойын,  көңіл  күйін  басқаларға  сөйлем  арқылы  ғана  білдіре 
алады, сөйлем арқылы ғана басқаның ойын біле алады. Сөйлем – ойды 
жарыққа шығарушы көрсеткіш. Сондықтан тіл білімінде сөйлемге кей-
бір санақтар бойынша 500 реттен артық анықтама берілген екен, соның 
басым көбінде «ой» негізге алынады. Бұл орынды да. Өйткені ойлау мен 
сөйлеу ажырағысыз бірлікте болатыны – ақиқат жайт.
Қазақ  тіл  білімінде  сөйлем  тиянақты  ойды  білдіретін  сөздер  тіркесі 
екендігі туралы анықтама орыс тіл білімінен келіп орнығып алған. Бұл 
анықтама Аристотель заманынан бері пайдаланылып келеді. 
Қазақ тілтанушыларының сөйлемге берген анықтамаларын қарасты-
райық.
А.Байтұрсынұлы: «... айтушының  ойын  тыңдаушы  ұғарлық  дəреже-
де  түсінікті  болып  айтылған  сөздер  ғана  сөйлем  болады» [1, 157 б.], – 
деп  төлтума  анықтама  береді.  Назар  аударыңыз: «айтушының  айтуы», 
«тыңдаушының ұғуы» сияқты əрекеттер негізге алынған. Демек, ғұлама 
сөйлемнің  тілдің  басты  қызметі  коммуникативтік  қызмет  тұрғысынан 
шығып отыр, осы қызметтің тірегі сөйлем екенін айқындаған. Бірақ со-
веттік қысымның кесірінен бұл анықтама білім өрісіне кезінде шыға ал-
мады.


48
49
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Қ.Жұбанұлы: «... аяқталған ойды білдіретін бір иə бірнеше сөзді сөй-
лем  дейміз» [2, 35 б.], – деп  үйретті.  Əрине,  бұл – сол  кезең  үшін  то-
лыққанды анықтама. Өйткені синтаксис ХХ ғасырда сөйлем шегінен (бас 
əріптен нүктеге шейінгі шек) асқан жоқ болатын.
Қалай  десек  те,  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  ғалымдар  сөй-
лемнің аяқталған ой түгілі, тиянақты ойды да білдіре бермейтінін байқай 
бастады. 
 С.Аманжолов тілдік мысалға сүйене отырып: «... тиянақты ойды біл-
діру дегеннің өзі шекті нəрсе екен... Ақынның я жазушының бүтін рома-
ны, поэмасы, баяндамашының жасаған баяндамасы түгелімен бір ойға, 
күрделі бір пікірге байлаулы да болады. Сол роман я поэма біткенде ғана, 
ақын я жазушының ойлаған ойы, айтайын деген сөзі бітеді. Міне, бұдан 
ойдың  өрісі,  ішкі  көлемі  кең  екендігі  анық  көрінсе  керек.  Сөйтіп,  сөй-
лем дегеніміз кейде ұзын ойдың бір бөлшегін, кейде қысқа ойдың бүтінін 
қармайтын сөздер тобы екен», – деген пікірге келеді [3].
Көрнекті  тілтанушы  М.Балақаев «... сөйлем  сол  жеке  ұғымдардың 
синтезі ретіндегі байымдауды (суждение), хабарлауды, сұрауды модаль-
ділікті  білдіреді.  Əдетте,  бұлар  жеке  сөйлеммен  тиянақталып,  ойымыз 
жеке сөйлеммен аяқтала бермейді. Сөйлемнің аяқталмаған ойды білдіруі 
оның маңындағы басқа сөйлемдермен қатынасына қарай айқындалады... 
Контекстен бөліп алынған сөйлемдер əр уақытта мүлде аяқталған ойды 
білдірмейді, біршама (относительно) ғана аяқталған ойды білдіреді», – 
деп мойындады [4]. 
«Бұл біршама тиянақты мағына (біршама тиянақты ой) дегенді аяқтал-
маған ой тұрғысынан түсінуге болмайды. Себебі аяқталмаған ой абзац 
(бірнеше сөйлем) мазмұнын, кейде кітаптың тарау-бөлімі мазмұнын да 
қамтуы мүмкін», – деп жазды О.Төлегенов [5, 12 б.].
Профессор Т.Р.Қордабаев: «Сөйлем – ойды жарыққа шығарушы ма-
териалдық  көрсеткіш.  Бірақ  сөйлем  арқылы  берілетін  ойды  аяқталған, 
тиянақталған ой деу онша дұрыс болмайды. Өйткені ойды аяқтау үшін 
бір  емес,  толып  жатқан  сөйлемдер  айту  керектігі  тəжірибеден  белгілі. 
Сөйлем аяқталған ойды емес, жеке ойды білдіреді. Ондай жеке ойлар ло-
гикалық жағынан аяқталмауы мүмкін. Сөйлем – жеке ойды оған тетелес 
басқа ойдан бөліп көрсететін коммуникативтік дербес тұлға», – деп жаз-
ды [6, 101 б.].
Қазақ  синтаксисінің  белгілі  маманы  Р.Əмір  «Қазақ  тілінде  сөйлем-
дердің ішіндегі ең көп жұмсалатыны екі мүшелі болып, бастауыш, баян-
дауыштан құралады. Бұл кездейсоқ емес. Тіл мен ой тығыз байланысты. 
Сөйлем пікірді хабарлаудың амалы болғандықтан құрылысы жағынан да 
оған ұқсамай, оны қайталамай тұра алмайды... Тілімізде атаулы сөйлем 
деп аталатын бір мүшелі сөйлемдер бар. Бұл сөйлемдер пікірді білдіреді 
жəне  олар  екімүшелі  пікірге  тең.  Сөйлем  бір  мүшелі  бола  тұра  пікірді 
толық баламалап хабарлап тұр. Предикат та, субъект те сөйлемнің бір мү-
шесі арқылы көрінеді», – деп сөйлемді логикадағы пайымдаудың көрінісі 
ретінде таниды [7, 53-54 бб.; 8, 12 б.].
Шолу жасалып отырған пікірлер тілдік айғақтармен жеткілікті дəлел-
денбеген, талап, ниет деңгейінде ұсынылған. Дей тұрсақ та, «сөйлем ти-
янақты ойды білдіреді» дейтін қалыптасқан анықтаманың аксиома емес 
екенін байқатады.
Осыған  орай  болар,  қазақ  тілінен  шыққан  Академиялық  граммати-
каларымызда  да  сөйлемге  түйінді  анықтама  берілмеген. 1967 жылғы 
грамматикада  сөз  тіркесі  мен  сөйлемді  айыратын  сөйлемнің  логика-
лық пайымдауды білдіретіндігі емес екенін орынды сынай отырып: «... 
сөйлем мен сөз тіркесін мағынасына қарай айыру да мүмкін емес. Егер 
сөз тіркесі тиянақты ойды білдіретіндіктен сөз тіркесі болудан қалады 
десек,  онда  əрі  сөз  тіркесі,  əрі  сөйлемдік  қасиеті  бар  сөздер  тобының 
кейбір синтаксистік заңдылықтарын ескермегендік болады. Желсіз түн. 
Кең жайлау. Таудан аққан үлкен өзен. сияқтыларды біреулер сөйлем етіп 
жұмсаса, сөз тіркесі қасиетін жояды деу шындық болмайды. Сондықтан 
ондай  сөздер  тобын  сөйлемдік  қасиеттеріне  қарай  сөйлем  деп  танып, 
сөз тіркесілік белгілеріне қарай əрі сөз тіркесі деп тани беруге тиіспіз. 
Тілдің табиғаты солай етуді тілейді», - деп жазады да, сөйлемнің сөз тір-
кесінен ерекшелігі ретінде «оның біршама тиянақты ойды білдіретінін» 
ұсынып [9, 6 б.] қайшылыққа тіреледі. Шындығында, Желсіз түн. Кең 
жайлау. Таудан аққан үлкен өзен. сияқтылардың контекссіз табиғаты та-
нылмайды,  ол  сөз  тіркесі  шегінен  бұл  күйінде  шыға  алмайды,  сөйлем 
бола алмайды. 
Ал соңғы шыққан «Қазақ грамматикасында» сөйлем турасында түйін-
деме ереже бермеді [10].
Сонымен,  қазақ  тілінің  Академиялық  грамматикалары  да  тоқтамды 
анықтама ұсынбады.
Міне, осы себептерден келіп сөйлемге орамды сөйлеу көрінісі ретінде 
функционалдық-коммуникативтік  тұрғыдан,  контекст  аясынан  анықта-
ма беру қажеттігі туады. Сөйлемнің контекске тəуелділігі осы еңбектің 
мұнан кейінгі тармақтарында тілдік айғақтармен көрсетіледі.
Бұл  үшін  сөйлемді  синтаксистік  бірліктер  иерархиясынан  нысандау 
керек:  мəтінді  бүтін  десек,  сөйлемді  мəтіннің  бөлшегі  ретінде  қараған 
жөн.  Осы  тұрғыдан  келіп,  синтаксистік  бірліктерді  үлкен  екі  топқа 
бөлеміз: коммуникативтік емес бірліктер, бұған сөйлемге дейінгі сөз, сөз 
формалары,  сөз  тіркесі  жатады;  коммуникативтік  бірліктер,  бұған  сөй-
лем (жай жəне құрмалас), шумақ (күрделі синтаксистік тұтастық, күрделі 
синтаксистік бірлік), мəтін жатады. 
Осы иерархиясына сəйкес бұлардың «ойға» қатысы əртүрлі деңгейде 
болмақ. Сөз атаулық ұғымды білдіреді; сөз формалары – ұғымдардың өз-


50
51
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
гермелері; сөз тіркесі – ұғымдардың тіркесі. Яғни, коммуникативтік емес 
бірліктер ойдың статикалық көрінісі ұғымдық деңгейде болады.
Ал коммуникативтік синтаксистік бірліктерде ой үш деңгейде бола-
ды: 1) жеке ой; 2) тиянақты ой; 3) аяқталған ой. Сөйлем – мəтіндегі
алғашқы коммуникативтік буын, ол мəтіндегі жеке ойды білдіреді; шу-
мақ мəтін құрамында белгілі бір логикалық-коммуникативтік тиянақ тап-
қан буын, ол тиянақты ойды білдіреді; мəтін тұтастықта болады, оның 
тұтастығы философиядағы бүтін санатының тұтастығындай: бөлшектер-
дің байланыс, қатынастарынан құралады, ол аяқталған ойды білдіреді.
Сонымен,  байқағанымыздай,  сөйлемге  анықтама  беруде  граммати-
ка мен логиканы түйістіреміз. Олай болса, сөйлем табиғатын тану үшін 
оның аспектілерін көре білу қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет