Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет39/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   374
Сөйлемнің аспектілеріЛогикалық аспект. Тіл білімі – философия 
мен  логиканың  қойнауынан  шыққан  ғылым.  Сондықтан  да  болар,  сөй-
лем  сипатын  ашуда  ғалымдар  логикалық  санаттарға  сүйенеді.  Аристо-
тель заманынан бастап ХХ ғасырдың соңғы шеніне дейін сөйлем логика-
лық байымдаумен тығыз байланыста қарастырып келеді. Бұл екі ұғымды 
теңестіре қарау да орын алған. Неміс тілі синтаксисінің маманы Ф.Бек-
кер,  орыс  тілі  синтаксисінің  көрнекті  маманы  Ф.И.Буслаев  сөйлемге 
осы  тұрғыдан  келген.  Ф.И.Буслаевтың  бұндай  көзқарасы  оның  өзінен 
кейінгі синтаксис мамандарына үлгі болып келеді. Сөйлемді логикалық 
байымдаумен тікелей байланыстыру түркі тіл білімінде де бар. Мəселен, 
Н.К.Дмитриев сөздердің тобы байымдауды білдірсе-сөйлем, байымдау-
ды білдірмесе-сөз тіркесі болатынын жақтайды.
Жоғарыда айтылғандай, мектепке арналған оқулықтарда «сөйлем де-
геніміз аяқталған, тиянақты ойды білдіреді» дейтін анықтама осы күнге 
дейін бар; мұның нышанын жоғары оқу орындарына арналған қазақ тілі 
оқулықтарынан да, тіпті, Академиялық грамматикамыздан да [9] көруге 
болады, тек бұл аталған еңбектерде сөйлемнің аяқталған, тиянақты ойды 
білдіретініне қосымша «біршама» деген мөлшер айтылған.
Логицизм қазақ тілі синтаксисінде сөйлем мүшелеріне анықтама бе-
руге де əсерін тигізді. Бастауышқа қатысты бір-екі дəйек келтірейік:
1. «сөйлемдегі ойдың иесі болып тұрған тұрлаулы мүшені бастауыш 
дейміз» [11, 10 б.]; 
2. «сөйлемнің кім, не туралы екенін білдіретін, айтылған ойға негіз 
болатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз» [12, 1-8 бб.].
Сөйлем  мен  логикалық  байымдауды  теңестіріп  жіберу  синтаксисте-
гі  логицизмге  қарсы  психологиялық  бағыттың  шығуына  əсер  етті.  Бұл 
бағыттағы  зерттеушілер  логикалық  санаттар  мен  грамматикалық  са-
наттардың  арасында  қандай  да  бір  болмасын  байланыстың  болатынын 
теріске  шығарады.  Дүние  жүзіне  белгілі  неміс  лингвисі  Г.Штейнталь 
грамматика  мен  логиканың  сыйыспайтын  ұғымдар  екені  туралы  тезис 
ұсынды. Орыс ғалымы А.А.Потебня осы тезиске сүйене отырып: «Грам-
матикалық сөйлем логикалық байымдаумен əсте теңесе, жұптаса алмай-
ды» – деп  жазды [13, 32 б.].  Ол,  тіпті,  тіл  білімі,  оның  ішінде  грамма-
тиканың  логикаға  ешқандай  жақындығы  жоқ  деп  есептейді [13, 70 б.]. 
Осыдан  келіп  А.А.Потебня  сөйлем  арқылы  берілетін  ойды  байымдау 
емес, «апперцепция» деп атады («Апперцепция» - латын сөзі, қабылдау-
дың адамның бастан кешкен тəжірибесі, білім қоры жəне рухани өмірінің 
жалпы  мазмұны,  қабылдау  сəтіндегі  психикалық  жай-күйіне  тəуелді 
екенін білдіреді). Орыс лингвисі А.А.Шахматов та осы бағытты қолдап, 
сөйлемге  тікелей  сипат  ретінде  «психологиялық  коммуникация»  деген 
терминді ұсынды [14, 17 б.].
Сөйлемді  психологиялық  тұрғыдан  түсіну-түсіндіру  жалпы  тіл 
білімінде  ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  кең  тараған. 
Бұл бағытқа тəн анықтама берген – ХІХ ғасырдағы младограмматикашы 
Г.Пауль. Оның анықтауынша: «Сөйлем тыңдаушының психикасындағы 
сол бір түсініктердің сондай бір байланыстарының символы, көрінісі бо-
лып  табылады» («Предложение  является  выражением,  символом  того, 
что в психике слушателя такого же соединения тех же самых представ-
лений») [15, 148 б.].
Сөйлемге  деген  логикалық  жəне  психологиялық  көзқарастардың 
арасында,  психологиялық  бағыт  коммуникативтік  қызметке  бір  табан 
жақын  болғанымен,  синтаксис  үшін  аса  принципті  айырма  жоқ,  олай 
дейтініміз бұл екеуі де сөйлемнің таза өзіндік тілдік қасиеттерін ескер-
мейді.
Бұл айтылғандардан келіп, біз сөйлем сипатындағы логикалық тұрғы-
ны жақтамауымыз керек пе? Əрине, жоқ. Мəселе синтаксистік құбылыс-
тардың да қоғамдағы басқа құбылыстар сияқты əрқырлылығында.
Осының  себебінен  үндіувропалық  тіл  білімінде  синтаксистік  құ-
былыстардың əртүрлі қырынан қарастыратын көптеген теориялар өмірге 
келді.  Синтаксистік  бірліктердің  көп  қырлы  сипаты  оларды  зерттеудің 
аспектілерін саралап, жіктеді. Бұлардың ішіндегі келелі аспектілері: ло-
гикалық,  құрылымдық,  семантикалық,  коммуникативтік  (функционал-
дық).  Коммуникативтік  пен  функционалдық  аспектілерді  біріктіре  алу 
себебіміз сонда, сөйлемнің коммуникативтік мүшеленуі дегеніміздің өзі 
сөйлемнің функционалдық перспективасын көрсетеді.
Қазіргі  синтаксис  ғылымында  бұл  аспектілер  синтаксистік  бірлік-
тердің белгілі жеке жақтарын таңдап алып, басқа бағыттардан ерекшелей 
бөліп қарастыратын бағыттардың қалыптасуына себеп болды. Қазақ тіл 
білімінде синтаксистік құбылыстарды зерттеуде дəстүрлі логика-грамма-
тикалық бағыт, құрылымдық, статикалық тұрғылар айтарлықтай нəтиже 
берді.  Ал  семантикалық  синтаксис,  коммуникативтік,  функционалдық, 
динамикалық бағыттар турасында бұлай деп айта алмаймыз.


52
53
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Синтаксистік  бірліктердің  кешенді  құбылыс  екендігінің  даусыз-
дығын  айта  отырып,  осы  кешеннің  қырларының  (аспектілерінің) 
басқа  қырларының  ерекшеліктерін  түсіндіре  кетуді  жөн  санаймыз. 
Өйткені бұлай жіктеп қарау қазақ тіл білімінде арнайы көрініс берген 
жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет