Синтаксистік парадигмалар


Сан есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет61/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Сан есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Сан есімдердің ішін-
де бастауыш қызметінде жұмсалуға ыңғайы барлары есептік, реттік, жи-
нақтық сан есімдер. Мұндай сан есімдер ықшамдап сөйлеу кезінде өздері 
қатысты зат есімдерді түсіріп, бастауыш қызметінде жұмсалады. Есептік 
сан есімдер бастауыш қызметінде заттық мағынада, жас деген мағынада 
жұмсалады. Мысалы: Жиырма бес маған тағы қайтып келді, сəлемін ал-
тын күннің айтып келді (Жамбыл). 
Жинақтық, реттік сан есімдер бастауыш қызметінде көбінесе кісі ту-
ралы айтылған есімдер болады. Мысалы: Оқып жүргенде екеуміз сыр-
ласушы  едік  (Б.Момышұлы).  Үшеуі  келгелі  айдан  асты  (Ғ.Мұстафин). 
Екеуіңіз бір жерден шықтыңыз (Х.Есенжанов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет