Есімдіктердің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің
əрбір тобының бастауыш қызметінде жұмсалу дəрежесі əртүрлі: жік-
теу, өздік есімдіктері бастауыш қызметінде сол қалпында, молынан
жұмсалса, басқа есімдіктер (сілтеу, сұрау, жалпылау, белгісіздік, болым-
сыздық есімдіктері) заттанып, бастауыш қызметінде жұмсалады. Мы-
салы: Мен ертең сөз өзіме тие қалғанда, сіз жіберген қатені қайтала- маймын (С.Бақбергенов). Құлыным-ау, сен отыра тұрсаңшы (Д.Исабе-
ков). Ол той өткен соң-ақ үй-ішінің тірлігіне араласып кетті (Д.Исабе-
ков).
Өздік есімдіктері тəуелдік жалғауымен келіп бастауыш қызметін-
де жұмсалуға бейім. Мысалы: Басқа айыпты жоқ, өзім, өзім кінəлімін (С.Бақбергенов).
Сілтеу есімдігінің бастауыш қызметінде жұмсалуы: Бар бəлесінің ал- дын алуға дайындалып, тас түйін отыр едім, мынаусы күтпеген соққы болды (Б.Əлімжанов). Сұрау есімдігінің бастауыш қызметінде жұмсалуы: Қане, кім қайда барады? Қайсың маған ересіңдер? (Т.Əлімқұлов)
Жалпылау есімдігінің бастауыш қызметінде жұмсалуы: Барлығы ты- ным таппай қимылдауда (С.Ерубаев). Белгісіздік есімдігінің бастауыш қызметінде жұмсалуы: Жігіттердің бірсыпырасы жалт берді, кейбірі аттың жалынын құшты (А.Байтұр-
сынов).
Болымсыздық есімдігінің бастауыш қызметінде жұмсалуы: Əмірқан- дай əнді ешкім сала алмайды (Ж.Аймауытов).
Есімдіктер өзара тіркесіп, күрделі бастауыш жасалуы: Өй, ол өзі ау- зына берік, сөзге жоқ, тыңдаудан жалықпайтын адам (Б.Əлімжанов).