Есімше мен қимыл есімінің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Заттық мағынаны білдіру арқылы бастауыш қызметінде жұмсалатын
сөз таптарының бірі – етістік. Нақты айтқанда, етістіктің ерекше түр-
лері – қимыл есімі мен есімше. Олар етістікке тəн семантикасын сақтай
отырып субстантивтеніп, бастауыш қызметінде жұмсалады. Бұлардың
ішінде есімшенің қызметі сын есімге ұқсас. Есімше бастауыш қызметін-
де жұмсалғанда оның бойында үш түрлі қызмет көрінеді: алдымен ол
– қимыл, екінші қимылдың сапасы, үшінші қимылдың иесі – адам. Мы-
салы: Жығылған – күреске тоймас (Мақал). Көрмес – түйені де көрмес (Мақал). Екі аразды табыстыратын да, айыратын да – арадағы кісі (Б.Майлин).
Қимыл есімі (тұйық етістік) зат есім сияқты түрленеді, сондықтан зат
есім сияқты синтаксистік қызмет атқарады, демек, бастауыш қызметін-
де жұмсалады. Мысалы: Жақсы ойдың тууы қандай қиын болса, өлуі де оңай емес (Ғ.Мүсірепов). Тап тартысы күшейді, қазақ əдебиеті өркен- дей түсті (Б.Кенжебаев).