Синтаксистік парадигмалар


Зат  есімнің  бастауыш  қызметінде  жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет58/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   374
Зат  есімнің  бастауыш  қызметінде  жұмсалуы.  Зат  есімнің  барлық 
түрі (жалқы есім, жалпы есім, деректі, дерексіз зат есімдер) атау септігі 
тұлғасында бастауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Раушан қалты-
рап тұр, өкпесі аузына тығылып сөйлеуге ерік бермейтін секілді (Б.Май-
лин). Шырылдап ұшқан бозторғай үй үстіндегі аспанға ілініп, қадалып 
тұр (М.Əуезов). Батырлық майданда сыналады, Ақылдылық ашу үстін-
де сыналады (Мақал). 
Зат  есімдер  көптік  жəне  тəуелдік  жалғауымен  келіп  те  баста-
уыш  қызметінде  жұмсалады.  Мысалы:  Жауынгерлер  ақ  қар,  көк  мұз
аязды күндер мен түндерді елемей жүріп келеді (С.Бақбергенов). Жақ-
сының  ісі  менен  аты  өлмейді,  тарихта  жазып  кеткен  хаты  өлмейді 
(Мақал). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет