Синтаксистік парадигмалар


Мөлшер  пысықтауыштың  жасалу  жолдары



Pdf көрінісі
бет90/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Мөлшер  пысықтауыштың  жасалу  жолдары  (қанша?  қаншама? 
қаншалықты?): 1) мөлшер  үстеулерінен  (онша,  сонша,  бірен-саран,  аз, 
көп, едəуір, талай т.б.) жасалады: Сол қағазды тұмардай қып жаулығы-
ның  ұшына  түйіп  көпке  дейін  көз  алдында  ұстап  жүрді  (Д.Досжан). 
Əйтеуір, олардың анау шағын бөлмесінен анда-санда ащы айғай естіліп 
қалып  жүрген-ді  (Д.Исабеков).  Қарекең  сөзін  неден  бастарын  білмей 
едəуір отырды. 
2) мөлшерді білдіретін сын есімдер (ұзақ, қысқа т.б.) етістікпен тір-
кесіп  пысықтауыш  болады.  Жас  келіннен  əуелде  хат  жиі  келетін,  ба-
ра-бара  мүлде  сирексіді  де,  ақырында  үзіліп  тынды  (Д.Досжан).  Сол 
орнында Қарекең ұзақ тұрды да шығып кетті (Д.Исабеков). Олардың 
арасында қандай келіспеушілік болғанын Қарекең де Бибігүл де анық біл-
меді (Д.Исабеков).


100
101
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
3)  сан  есімдер  етістікпен  тіркескенде  немесе  өлшемдік  мағынадағы 
көмекші сөздермен тіркесіп пысықтауыш болады: Сол Балғабайы Алма-
тыда бес жыл жүрді (Д.Досжан). Ол құдасының үйінде екі күн жатты. 
Тамақ желініп болған соң осы кеште үшінші рет дастархан жайылып, 
кісілер шай ішуге кірісті (Д.Исабеков).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет