2.3.3 Сөйлемнің үйірлі мүшелері Сөйлем мүшелері өзі жасалған сөздің құрамына қарай дара жəне күр-
делі болып бөлінеді. Дара мүше бір сөзден жасалса, күрделі мүше екі
немесе одан көп сөздерден жасалады.
Күрделі мүше сол мүшенің құрамына кіретін сөздердің ішкі қатына-
сына қарай күрделі (анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі негізінде
жасалған) жəне үйірлі (предикаттық қатынастағы сөз тіркесі негізінде
жасалған) мүше болып бөлінеді.
Демек, үйірлі мүше де кемінде екі сөзден құралатын күрделі құрам-
ды болады, яғни күрделі мүшенің ерекше түрі. (Бұл жайлы күрделі жəне
үйірлі анықтауыштар бөлімінде кең айтылған, себебі үйірлі мүше, ал-
дымен, анықтауыш мүшеге қатысты танылған).
Үйірлі мүше туралы арнайы тоқталудың себебі бар. Үйірлі мүшенің
ішкі құрылымы бастауыш-баяндауыш болып құралатындықтан, мұндай
мүше қатысты сөйлемді құрмалас сөйлем деп танитын жағдайлар орын
алмас үшін үйірлі мүшені дұрыс тану қажет. Үйірлі мүшенің ерекшелік-
тері мыналар:
1) үйірлі мүшені құрайтын сөздер іштей бастауыш-баяндауышқа бөлі-
не алатын предикаттық бірліктер;
2) үйірлі мүше құрамындағы «баяндауыш» есім сөздер, есімдік, есім-
ше болады;
3) бұл құралым (конструкция) сөйлемнің кез келген мүшесіне тəн.