Мекен пысықтауыштың жасалу жолдары (қайда? қайдан?) :
1. Мекен үстеулері түбір күйінде немесе барыс, жатыс, шығыс жалғау-
ларында пысықтауыш болады: Төменгі жақта келіндер шай құйып отыр. Ерғабыл ақылға көніп, келіннің соңынан барар (Д.Исабеков). Олардың соңында соқыр шамның сəулесіндей діріл қағып біздер қаламыз (Д.До-
сжан).
2. Барыс, жатыс, шығыс жалғаулы есім сөздер мекен пысықтауыш
болады: Қуантайым келсе-ақ сызылып үйімнен шықпайды (Д.Досжан). Əлден соң ауыр ойдан бір серпіліп, орнынан тұрды да, есікке беттеді. Ол жүгері арасындағы жолмен жапырақтарды сатырлата құдасының ауылына бет түзеді (Д.Исабеков). 3. Көмекші есімдермен (алды, арты, қасы, жаны, үсті, маңы т.б.) тіркес-
кен зат есімдер барыс, жатыс, шығыс септіктерінде келіп мекен пысықта-
уыш болады: Сөйтіп жаңа көтерілген жас шаңырақ əкелер арасына осылайша əбігер де тастап кетті (Д.Исабеков). Сол қағазды тұмардай қып жаулығының ұшына түйіп, көпке дейін көз алдында ұстап жүрді. Ертең той деген күні қала шетінен аядай үй жалдаған (Д.Досжан).
4. Қарай, таман, шейін шылаулары тіркескен барыс, жатыс, шығыс
жалғаулы сөздер тұтасымен мекен пысықтауыш болады: Шырылдаған қызылшақа нəрестені құшақтаған Күнімпатша кейуана жас келінді Арыс стансасына, поезға дейін шығарып салған. Пошташы бала қолын- дағы тілдей телеграмманы қысып ұстаған күйі Күнімпатшаның үйіне қарай далақтап жүгіре жөнелді (Д.Досжан). Молдабай əлдене күткен- дей солай қарай еңсесін көтеріп қадала қалды (Д.Исабеков).
5. Сілтеу есімдіктері барыс, жатыс, шығыс септігінде, кейде (жақ,
жер, алыс) көлемдік мағынадағы есімдермен тіркесіп пысықтауыш бо-
лады. Əйтсе де, олардың қалған өміріндегі бар қызығы мен қуанышы осындаөсіп жатыр ғой!... Кеше колхоз бастық көріп қалып, сонадайдан əдемі атын бұрды (Д.Исабеков).