Сөз тіркесі жəне фразеологиялық тіркес. Қазақ грамматикасында
мұның біріншісі еркін сөз тіркесі, екіншісі тұрақты тіркес деп аталып
жүргені белгілі. Бұлардың екеуі де екі я бірнеше сөздің тіркесуінен тұра-
ды. Бұл жағынан, яғни сыртқы пішін жағынан ұқсас болып келеді. Алай-
да бұларды ажырататын белгілер бар.
1. Семантикалық жағынан алғанда, сөз тіркесінің əрбір сыңары бел-
гілі бір толық мағынаға ие болып тұрады, ал фразеологиялық тіркес
неше сөзден құралса да тұтастай бір мағынаны білдереді. Мысал үшін,
Билік халықтың көзіне көк шыбын үймелетуді үйретті. Билік халыққа қиындықты үйретті. деген екі сөйлемдегі үйретті сөзі басыңқы бо-
лып тұрған екі тіркесті салыстырыңыз: көзіне көк шыбын үймелетуді үйрету, қиындықты үйрету. Бірінші сөз тіркесінде де толық мағыналы
екі сыңар бар: 1. көзіне көк шыбын үймелетуді; 2. үйрету. 1-сыңар төрт
компоненттен тұратын фразеологиялық тіркестен жасалған, бірақ толық
мағыналы бір ғана сөздің өтеуіне жүріп тұр. Екінші сөз тіркесінде де то-
лық мағыналы екі сыңар бар: 1. қиындықты; 2. үйрету. Жалаң сөзден
тұрса да, бұлардың əрқайсысында толық мағына бар.
2. 1-белгіге орай, сөз тіркесінің əрбір сыңары дербес сұраққа жауап
береді, ал фразеологиялық тіркес тұтастай бір ғана сұраққа жауап бе-
реді. Мысал үшін жоғарыда келтірілген екі сөз тіркесінің сыңарларына
сұрақ қойса жетеді: көзіне көк шыбын үймелетуді үйрету, 1-сыңардың
сұрағы – «нені?» 2-сыңардың сұрағы – «не істеу?»; қиындықты үйрету, 1-сыңардың сұрағы – «нені?» 2-сыңардың сұрағы – «не істеу?».
3. Фразеологиялық тіркес дайын сөз пішіні ретінде сөз тіркесінің бір
сыңарының қызметін ғана атқара алады. Қисын жалғастығы үшін жоға-
рыдағыны мысал ретінде көрсетуге болады: көзіне көк шыбын үймеле- туді үйрету дегенде 1-сыңар көзіне көк шыбын үймелетуді фразеология-
лық тіркесі меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркесінің бағыныңқы
бір сыңарының қызметін атқарады.
4. Сөйлем құрамына енгенде сөз тіркесінің əрбір сыңары сөй-
лемнің жеке-жеке мүшесі болып кетсе, фразеологиялық тіркес,
сыңарларының санына қарамай, тұтастай бір ғана мүшенің қызметін
атқара алады. Дəлелдеу қисыны үзілмеу үшін жоғарыдағы екі сөй-
лемге мүшелік талдау жасап көрсетсек былай болып шығады: Билік халықтың көзіне көк шыбын үймелетуді үйретті. Билік халыққа қиындықты үйретті.