Синтаксистік парадигмалар


 Сөйлемдегі сөздердің байланысу тəсілдері



Pdf көрінісі
бет19/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

1.3 Сөйлемдегі сөздердің байланысу тəсілдері
  Сөз  тіркестерін  бірлікке  ұйыстыратын  басты  құралдың  бірі – 
байланысу тəсілдеріСөз тіркесінің байланысу формалары мен түрлері 
синтаксистік қатынастарына қарағанда оның байланыс тəсілдері əзірше 
түркітануда да, қазақ тіл білімінде де тек оқулық көлемінде ғана айтылып 
келеді. Тіпті қазіргі əдебиеттерде байланысу тəсілдерінің атауы туралы 
əртүрлі көзқарастар кездеседі. Е.И.Убрятова, Н.З.Гаджиева мен Б.А.Се-
ребренниковтер  сөздердің  байланысу  формаларын  байланысу  тəсілдері 
деп атайды. Ал қазақ тіл білімінде сөз тіркестерінің байланысу тəсілдері 
түрліше түсіндіріліп жүр.
Кейбір ғалымдар сөз тіркесінің байланысуы туралы айтқанда, бағы-
ныңқы  сыңары  мен  басыңқы  сыңарларының  орын  тəртібі,  шылаулар, 
жалғаулар жəне интонация арқылы байланысады деумен шектелсе, екін-
ші бір топ ғалымдар бұған қоса аналитикалық, синтетикалық тəсілдерін 
де қоса көрсетеді.
Енді  бір  ғалымдар  сөз  бен  сөз  төрт  дəнекер  арқылы  байланысатын-
дығын айта келіп, оларды əрі қарай аналитикалық, синтетикалық деп ко-
сымша беріп отырады.
Профессор  М.Балақаев  сөз  тіркестерінің  байланысу  тəсілдерін  бір-
ден аналитикалық жəне синтетикалық деп берсе, кейбір еңбектерде оған 
үшінші етіп аналитикалық-синтетикалық тəсілдерді де қосады.
Сөз  тіркестерінің  байланысу  тəсілдері  жайлы  пікірлердің  бұлайша 
əртүрлі болуының өзі бұл саланың тоқтамға келетіндей зерттелмегенді-
гін  білдіреді.  Жалпы  сөз  тіркесі  байланысу  тəсілдерінің  атының  өзінің 
қалыптасуы,  оның  оқулықтардағы  берілу  дəрежесі,  түрлері,  олардың 
əрқайсысының ішкі ерекшеліктері, оның практикалык мəні сияқты мəсе-
лелер  жеке  қарастыруды  қажет  етеді.  Кеңестің  шешімінде  кадрларды 
даярлау  мəселелеріне  ерекше  көңіл  бөлінді («Ақ  жол»)  деген  сөйлемде 
кеңес, шешім, кадр даярлау, мəселе, ерекше, көңіл, бөл сияқты 7 сөз бар. 
Осындағы сөздерді жеке-жеке алып қарастыратын болсақ, онда ол жеке 
лексиканың немесе морфологияның нысаны деп ойлаған болар едік. Ал 
бұл жерде біз олардың сөйлемдік дəрежеде қолданылуында өзіндік саты-
лау үдерісінің бар екенін көреміз.
I. Осы сөйлемдегі сөздердің кез келгені екінші бір сөзбен байланы-
са бермейді, оның ішіндегі əрбір сөз екінші бір сөзбен тек мағыналық 
жағынан  қатысы  барлары  ғана  бір-бірімен  өзара  байланысып,  грам-
матикалық  мағынаға  ие  болады.  Сонда  сөз  бен  сөздің  тіркесуінде  ең 


24
25
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
негізгісі  олардың,  яғни  тіркесетін  сөздердің,  мағыналық  жақындығы 
негізге  алынса,  екіншіден,  сол  мағыналық  жақындықты  одан  да  əрі 
тұтастыра  түсуде  түрлі  дəнекерлердің  де  қызметі  ерекше.  Мысалы: 
жоғарыдағы  сөйлемдегі  кеңес,  шешім  сөздері  осы  қалпында  өзара 
байланыса алмайды, олар өзара байланысу үшін бірінші сыңарына да, 
екінші сыңарына да дəнекер жалғануы тиіс. Сонда кеңестің мəжілісі 
сияқты бірінші сыңарына ілік жалғауы, ал екінші сыңарына тəуелдік 
жалғауының жалғануы арқылы ғана өзара грамматикалық тұтастықта 
айтыла  алады.  Сол  сияқты  осы  сөйлемдегі  басқа  сөздер  де  өзара  тек 
түрлі дəнекерлер арқылы ғана байланысқанда ғана мағына жағынан да, 
түсініктілігі жағынан да жымдаса құралған сөйлемнің ішіндегі кішкен-
тай бір мағыналық бөлігі болып табылады. Осындай мағыналы топтар-
дың негізінде сөйлем кұралатыны белгілі. Олай болса, сөйлемдегі сөз-
дер қалай болса солай байланыса салмай, белгілі дəнекерлер арқылы 
байланысып  топталуы  өзара  пікір  алысу  дəрежесіне  жетудің  басты 
шарты болып табылады. Бұған қарағанда тілдегі лексика саласындағы 
дербес мағынасы бар немесе дербес мағынасы жоқ сөздеріміздің бар-
лығы  да  ретіне  қарай  сөйлемде  жұмсалады.  Бірақ  сол  белгілі  бір  сөз 
тобына  қатысты  сөздер  қалайда  сөйлем  ішінде  өзара  тек  дəнекерлер 
арқылы  байланысқанда  ғана  сөйлем  құрауға  негіз  болады.  Сөздерді 
зат есім, сын есім, етістік, үстеу, т.б. топтау олардың морфологиялық 
белгісіне негізделеді. Олардың сол сөйлемде қолданылуының өзі сол 
сөз  таптарының  морфологиялық  өзгерісіне  байланысты.  Əдетте,  бір 
сөз табы морфологиялық өзгеріске ұшырап, септеліп, көптеліп, тəуел-
деніп жұмсалса, ал енді бір сөз таптары ондай қасиетке ие емес. Жал-
пы тіл біліміндегі кейбір пікірлерге қарағанда, мысалы жеке сөз табы 
деп  қолданылатын  бала  зат  есіміне  барыс  септігінің  жалғануының 
екі  сыры  бар.  Бала  сөзінің  барыс  немесе  басқа  септіктерде  септелуі 
ол зат есімнің негізгі қасиеті десек, сол сөздің балаға, баладан, бала-
мен болып айтылуы мен қолданылуының өзінен сол сөздерге басқа бір 
сөздердің тіркесу кажеттігі туатындығы айқын. Олай болса сол септік 
жалғауларының  өзі – синтаксистік  санаттың,  яғни  сөз  тіркесінің  бір 
сыңары болудың алғы шарты. Бұдан синтаксистің үлкен бір саласы сөз 
тіркесінің  морфологиямен  тығыз  байланыстылығын  көруге  болады. 
Сонда сөз бен сөздің өзара сөз тіркесін құрауын синтаксистік мəселе 
десек, ал олардың аралығындағы дəнекер элементтер морфологиялық 
элементтер болып табылады екен.
Ертеректегі тілдің даму үдерісін зерттеуші ғалымдардың пікірлеріне 
қарағанда, сөйлем құрамында, тіпті, сөйлем мен сөйлемді байланысты-
ратын дəнекерлер болмаған делінеді. Сонда сөз бен сөздің, сөйлем мен 
сөйлемнің арасының дəнекерлік қасиеті көбіне іргелес тұру арқылы ғана 
жүзеге асқан сияқты.
Əрине, сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы дəнекерлер 
туралы көбіне оның ішіндегі құрмалас сөйлемдердің арасындағы дəне-
керлер туралы сөз болғаны белгілі. Ал сөз тіркесіндегі байланысу тəсіл-
дерінің қалыптасуы əзірше сөз болған жоқ.
Құрмалас сөйлемдерді өзара байланысына қарап паратаксис, гипотак-
сис дейтін үлкен екі топқа бөліп қарастыратыны белгілі. Сонда құрмалас 
сөйлемдердің əрбір сыңарының бір-бірімен ешбір дəнекерсіз тек іргелес 
тұруы  арқылы  байланысуын  паратаксис  дейді.  Оның  негізгі  мəні  оны 
құрайтын  əрбір  сыңары  бір-бірімен  ешбір  жалғаусыз,  қосымшасыз  тек 
мағыналық байланысы ғана негізге алынады. Бұған қарағанда екі немесе 
бірнеше сөйлемдердің өзара бір құрмалас сөйлем болып бірігуінде көбі-
не  орын  тəртібі  басым  сияқты.  Ал  құрмалас  сөйлемдердің  бір-бірімен 
өзара түрлі дəнекер арқылы байланысы гипотаксис делінеді. Ғалымдар-
дың айтуына қарағанда, құрмалас сөйлемдердің гипотаксис, паратаксис 
түрлері арқылы байланыстарының алдымен паратаксис, соңынан гипо-
таксис түрінің пайда болуы нақтылы дəлелденген. Құрмалас сөйлемдер-
дегі  осындай  құбылыс  сөз  бен  сөздің  өзара  тіркесі  негізінде  де  айқын 
байқалады. Əрине, сөз тіркестеріндегі қабыса, меңгеріле, матаса, қиыса 
байланысу формаларының тілдік жағынан қалыптасуының да өзіндік та-
рихы болуы керек. 
Біздіңше, сөз тіркестерінің байланысу тəсілдерінде де меңгеру, матаса 
байланысу формаларына қарағанда екі сөздің орын тəртібі арқылы бай-
ланысуын ерте формасы деу орынды сияқты. Сонымен, соңғы ғылыми 
зерттеулерге сүйене отырып, сөз тіркестерінің байланысу тəсілдерін ана-
литикалық,  синтетикалық  жəне  аналитикалық-синтетикалық  тəсіл  деп 
қарастырған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет