144
145
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
танған форма құрайтын сөйлемді айтамыз», – деген анықтама береді
[6, 11 б.].
Атаулы сөйлем қазақ тілінде біршама қарастырылған (М.Балақаев,
Р.Əмір т.б.). Олардың ерекшеліктері мен қызметін мына мысалдардан
байқауға болады:
Ой. Тұңғиық ой... Неге бұлай?.. (З.Қабдолов). Теп-тегіс
жазық дала. Мұхиттай көгілдір, мұхиттай тұңғиық аспан. Оқшау-оқ-
шау қалқыған жардай-жардай ақшыл бұлт; мұхитта жүзген айсберг
сияқты (Ə.Тарази). Тау іші. Иен жайлау. Ұшқан құс, жүгірген аңнан өзге
тіршілік белгісі білінбейді (Қ.Жұмаділов).
Достарыңызбен бөлісу: