Күрделі сөз Сөз тіркесі Күрделі сөз – сөз жасаудың бір түрі.
Сөз тіркесі - синтаксистік санат.
Күрделі сөздің əрбір сыңары бір-бірімен
тығыз мағыналық байланыста айтылады.
Сөз тіркестерінің сыңарлары
бір-бірімен синтаксистік байла-
ныста болады.
Күрделі сөздің əрбір сыңарында жеке-
жеке мағына болуы да, болмауы да
мүмкін. Бірақ оның сыңарларының жеке-
жеке мағынасы болғанымен, тұтас сөздің
мағынасы сыңарларының мағынасынан
гөрі күңгірттеу болып келеді.
Сөз тіркесінің əрбір сыңарының
мағынасы айқын болады.
Күрделі сөздің əрбір сыңарына жеке-жеке
сұрақ қойылмайды, ол екеуі бір-ақ сұраққа
жауап береді.
Сөз тіркесінің əрбір сыңары
дербес сұраққа жауап береді.
Күрделі сөздің əрбір сыңарының орны
жылжымалы емес, тұрақты.
Сөз тіркесінің əрбір сыңары
дербес сұраққа жауап береді.
Күрделі сөз тұтасымен морфологиялық
өзгеріске ұшырамайды. Яғни, оның əр-
бір сыңары жеке-жеке морфологиялық
өзгерісте болмайды, сол тобымен тұлға-
ланып көптеледі, септеледі, жіктеледі.
Сөз тіркесінің əрбір сыңары
түрлі
морфологиялық
өзгерістерге
ұшырайды.
Күрделі сөз тұтасымен басқа сөзбен
синтаксистік байланысқа түседі.
Сөз тіркесінің əрбір сыңары
жеке-жеке синтаксисік байла-
ныста жұмсалады.