Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет21/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Септік  жалғаулары.  Осы  күнгі  ғылыми  еңбектерде  септік  жалғау-
лары жайлы пікірлерде бірізділік бар. Сөздерге септік жалғануының өзі 
оның басқа бір сөзге қатысты екендігін көрсетеді. Барыс, жатыс, шығыс, 
көмектес жалғаулы сөздердің басқа сөздерге қатысынан оның байланы-
су  тəсілі  айқындалады.  Септік  жалғауының  басқа  жалғауға  қарағанда 
сөз бен сөзді байланыстырудағы рөлі ерекше. Септік жалғаулары басқа 


26
27
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
сөздермен, біріншіден, сабақтаса байланысса, екіншіден, сол сөздердің 
байланысының нəтижесінде грамматикалық қосымша мағынаға ие бола-
ды. Мысалы: Нариманды ымдап шақырып еді (Ш.Мұртаза) сөйлеміндегі 
сөз тіркесі – Нариманды шақырып еді. Бұндағы жалқы есімді жалғаусыз 
айтсақ, Нариман шақырып еді болып, сөздердің байланысы мүлдем өз-
геріп  кетеді.  Септік  жалғаулары  сөз  бен  сөзді  байланыстырумен  қатар,
түрлі-түрлі синтаксистік қатынасты, яғни барыс септігіндегі сөздер бет-
алысты,  бағытты,  мақсатты,  мезгілді  т.б.  білдіреді.  Сондай  мағыналық 
қатынастар  тек  жалғау  жалғанған  сөздердің  əртүрлі  болуынан  ғана  ту-
майды, тұтас сөз тіркесінің қарым-қатынасынан туады. Септік жалғаулы 
сөздер мағыналық үйлесімі бар етістіктермен ғана сөз тіркесін құрай ала-
ды. Мысалы, машинаны деген сөз бұз, жөнде, айда, жу, сүрт, ал, бер т.б. 
сөздерді ғана керек етеді. Бұлай болуының екі түрлі себебі бар:
Біріншіден, əрбір етістіктің мағынасы солардың тиістісін тілеп тұра-
ды. Сол мағыналар мен синтаксистік қызмет əуелі тіркес құрамында пай-
да болады. Солай үйлесімін тапқан сөздер тіркесі көп жылғы дағды бо-
йынша өздерінің ұласқан жұбын жазбайды. Одан сəл ауытқу, бір жалғау-
дың  орнына  екінші  жалғау  жұмсай  салу  сөз  тіркесінің  тұрқын  бұзады. 
Мысалы, атты мінді дегенді аттан мінді, атпен келді дегенді аттан 
келді деуге болмайды, болса басқа мағынада жұмсалады.
Септік  жалғауларының  сөз  бен  сөзді  байланыстырудағы  қызметінің 
өзін екі жақты қарау керек сияқты. Ілік жалғаулы сөз бен оның басыңқы 
сыңары жəне барыс, табыс, шығыс жалғаулы сөздердің басыңқы сыңар-
ларымен  арақатынасы,  сөз  табына  қатыстылығы  жағынан  өзара  бірдей 
емес. Оның өзі ондай кездегі сөз тіркестерінің түрлерінің пайда болуына, 
яғни ілік жалғаулы сөздер арқылы негізінде есімді сөз тіркестері де, ал 
басқа жалғаулар арқылы əрі есімді, əрі етістікті сөз тіркестері жасалады. 
Осы  Шұғыланың  өзінде  қаншама  завод  салынады,  осы  аймақтан  қан-
шама кеніш ашылады (Ш.Мұртазаев). Оның көзіне ит қандай дəу болып 
көрінді  десеңші  (И.Тургенев)  деген  сөйлемдерде  Шұғыланың  өзі,  оның 
көзіне  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңарларындағы  Шұғыла  сөзінің 
басқа сөздермен тікелей байланысуында ілік жалғауының дəнекер болуы 
себеп болып тұр. Ілік жалғаулы сөздер өзі қатысты сөздермен ондай кезде 
алшақ та, іргелес те тұра беруі мүмкін. Ілік жалғаулы сөз міндетті түрде 
басқа бір сөздердің белгілі көрсеткішін қажет етеді, яғни ілік жалғаулы 
сөздер міндетті түрде тəуелдік жалғауды қажет етеді. Кез келген сөз табы 
ілік жалғауында жұмсала бермейді. Ондай кезде көбіне бірінші орында 
зат есім мен есімдік жұмсалса, онан кейінгі орында сын есім, сан есім, 
есімше, қимыл есімі, т.б. жұмсалады.
Кейде  ілік  жалғаулы  сөздер  үнемі  өзі  басыңқы  сөзімен  сөз  тіркесін 
құрауға  қатыса  бермейді.  Мысалы:  Бір  елдің  ішінде  жамағайынды 
кісіні бірге туғандай көріп, іші елжіреп, жақсы көріп тұрып елге кел-
се,  əрі-беріден  соң  қайта  қашқандай  қылатұғыны  қалай («Лениншіл 
жас») деген сөйлемдегі ілік жалғаулы ел зат есімі іші көмекші есімімен 
байланысып сөз тіркесін құрай алмайды. Ондай кездегі ілік жалғауы сөз 
көмекші сөздермен тек түйдекті тіркес кұрайды.
Барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулары жалғанған сөздерін не-
гізінен етістікпен байланыстырып тұрады. Бұл жалғаулардың есімдермен 
тіркесуі де актив құбылыс. Барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес 
жалғаулы  сөздердің  əрқайсысының  қызметі  əртүрлі  жəне  олардың  түр-
лері де көп. Зат есімдер мен жіктеу есімдіктері жəне заттанып септелетін 
сын есім, сан есім, есімше, кейде қимыл есімі мен үстеу сөз таптарын 
етістік, есім жəне есім мен көмекші етістік, бар, жоқ сөздерімен байла-
ныстырып тұратын – барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес септік 
жалғаулары.
Бұл жалғаулардың ішінде барыс, табыс, шығыс жəне көмектес жалғау-
лы  сөздер  басыңқы  сыңармен  тіркескен  кезде  ешбір  өзгеріске  ұшыра-
майды, ал жатыс жалғаулы сөздер қалада жүр деп айтумен бірге кейде 
жатыс  жалғаулы  қала  сөзіне  -ғы  жұрнағының  жалғануы  арқылы,  яғни 
соңғы  жұрнақтың  əсерімен  енді  есімдікті  сөз  тіркесіне  ауысып  кетеді. 
Мысалы: Қаладағы үй. Жалпы алғанда, бұл жалғаулар сөз бен сөзді бай-
ланыстыруда басқа жалғауларға қарағанда өте белсенді қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет