Синтаксистік парадигмалар


Көп  компонентті  салаластар



Pdf көрінісі
бет190/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Көп  компонентті  салаластар.  Өзара  салаласа  байланысатын  үш 
немесе одан да көп компоненттердің бір сөйлемге ұйысуы нəтижесінде 
қалыптасқан көп компонентті салалас құрмаластардың екі компонентті 
құрмаластардан басты ерекшелігі – компонент санында болса, көп ком-
понентті  өзге  құрмаластардан  айырмашылығы – құрамындағы  компо-
ненттерінің  бір-бірімен  тек  қана  салаласа  байланысуында.  Бiр  салалас 
сөйлем құрамында да үш одан да көп жай сөйлемдер келе алады. Мұн-
дай көп компоненттi салалас сөйлемдердi компоненттерiнiң бiр-бiрiмен 
мағыналық қатынастарына қарай атау мүмкін емес. Өйткенi ондағы ком-
поненттердің бiр-бiрiмен мағыналық қатынастары əртүрлi болып келедi. 
Мысалы: Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік, не түрлі боларын 
біліп сұрадың (Абай). Молдакесi, кенже балам едi, өзi өте қорқақ, тым 
ұра бермессiз.
Мысалдың бiрiншi сөйлемінде алдыңғы екi компонент өзара салыс-
тырмалы қатынаста айтылса, соңғы үшiншi компонент ол екеуiне қайшы 
мағынада  айтылған.  Екiншi  сөйлемде  алдыңғы  екi  компонент  бiр-бiрi-
мен ыңғайластық қатынаста айтылса, соңғы, үшiншi компонент ол екеуiне
себептiк қатынаста тұр.
Көп  компонентті  салалас  сөйлем  компоненттерi  бiр-бiрiмен  жалғау-
лықтар арқылы да байланыса бередi.
Мысалы: 1. Қатыннан келген жалғыз алашаны қыстыгүнi ашыққан-
да сатпай сақтап едiм, соған жарты пұт тары алып сеуiп едiм, ендi 
мынау  бəрi  налогқа  кетейiн  деп  отыр  (Б.Майлин).  Оның  дөңгелек  көзi 
көпiрген қақпастан қалада қалатын əдетi бар едi, бұл жолы ол тесiле 
қараған жоқ, Əбдрахманның тұла бойы, жүзiн шарлап қарады (Х.Е.).
2. Қарын ашады, бiрақ қосқа баруға қорқамын, оны маңайлап қасқыр-
лар жүрген сияқты (С.Мұқанов). Ақырын ғана есiктi iшке қарай итерiп 
едi, болмашы саңылау көрiндi, бiрақ кiлттi ме, əлде iштен сұқпа салған 
ба, байқап болар емес (Х.Е.).
Келтiрiлген  мысалдың  бiрiншi  тобындағы  сөйлемдер  компоненттерi 
бiр-бiрiмен жалғаулықсыз iргелесе құрмаласқан. Екiншi топтағы сөйлем-
дердiң алдыңғысында бiрiншi компонент екiншi компонентпен жалғау-
лық арқылы, екiншiсi үшiншi компонентпен жалғаулықсыз құрмаласса, 
соңғы сөйлемде, оның керiсiнше, бiрiншi мен екiншi жалғаулықсыз, екiн-
шi мен үшiншi жалғаулық арқылы құрмаласқан. Сөйтiп, бұл сөйлемдер 


218
219
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
компоненттердiң  бiр-бiрiмен  байланысы  əрi  жалғаулықсыз,  əрi  жалғау-
лықты түрде араласып келген.
Сонымен, көп компонентті салалас сөйлем, компоненттерiнiң бiр-бiрi-
мен байланысу тəсiлi жағынан, жалғаулықсыз болып та, жалғаулықты бо-
лып да, əрi жалғаулықты, əрi жалғаулықсыз аралас болып та айтыла бередi.
Көп компонентті салалас сөйлем компоненттерi жоғарыда келтiрiлген 
мысалдардағыдай əрдайым əрқайсысы əртүрлi мағыналық қатынастарды 
білдіріп қана қоймайды, олар бiртектес, бiрыңғай мағыналық қатынасқа 
да  негізделеді.  Сондай-ақ  қазақ  тіл  білімінде  көп  бағыныңқылы  сабақ-
тасқа  ғана  тəн  деп  көрсетіліп  жүрген  жарыспалы,  сатылай  байланыс-
тар  құрмаластың  көп  құрамды  түрлерінің  барлығына  тəн.  Көп  компо-
нентті  салаластардың  компоненттері,  əсіресе  жарыспалы  байланысқа 
негізделеді. 
Мысалы: Кiлем, көрпе төсеулi, күмiстеткен сары ала тегене сапыру-
лы, керектiнiң бəрi бар, артық ешнəрсе жоқ (Ғ.Мүсiрепов).
Мұндағы  компоненттер  өзара  байланысты,  бiр  уақыттың,  бiр  мез-
гiлдiң  iшiндегi  жарыспалы  (параллель)  өтіп  жатқан  көрiнiстi,  оқиғаны, 
жай-күйдi суреттейді:
(2-сурет)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет