тар не бір тау жоқ, не орман жоқ (Ғ.Ахметов).
Ал егер сөйлеушінің болжауы, долбары қоса білінетін болса, мұн-
дай құрылымдағы сөйлемдер таза талғау мəніне ие болады. Мысалы:
Қашқақтауы тегін емес. Не шын мəнінде уақыты жоқ, не саған қары-
зын берер шамасы жоқ («Қазақ əдебиеті»).
Талғау мəнді құрмаластарды жасауда модаль сөздердің де өзіндік рөлі
бар. Бұрыннан қалыптасқан қағида бойынша, тек қана жалғаулықтар
арқылы байланысады деген құрмаластардың қазіргі кезде жалғаулықсыз
да осы мəнді беретіндігі байқалып жүр. Мұндайда жалғаулықтар беретін
талғау мəнін модаль сөздер не субъектінің долбар жасауын білдіретін
өзге сөздер де ауыстыруы мүмкін.
Мысалы: Өздерінен бір хабар болып қалар, біз əзір жата тұруымыз
да мүмкін («Қазақ əдебиеті»). Айтпай қоя тұрыңыз, ойым өзгеріп кетуі
де ғажап емес («Парасат»).
Екі сөйлемнің алғашқы компонентінде белгілі бір хабар баяндалған,
екінші компонентте осы оқиғаға сабақтас басқа бір əрекетке болжам
бар. Талғау мəні қай жерде? Екі сөйлемнің де алғашқы компонентінің
бойында белгілі бір дəрежеде шарт бар. Сондықтан бұл компонентті ха-
бар-шарт деп қабылдауға болады, ал екінші компоненттегі нəтиже-бол-
жамның астарында талғау мəні бар:
хабар болса, жатпаймыз;
Хабар болып қалар,
хабар болмаса, жатамыз.
айтып қойсаңыз, ойым өзгеріп кетер;
Айтпай қоя тұрыңыз,
айтып қоймасаңыз, осы шешімде
қалуым да мүмкін.
272
273
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Құрылымдық грамматикада байқала бермейтін сөйлемнің ішкі семан-
тикасындағы мұндай нəзік тұстарды айқындау – келешектің ісі.
Кезектес мəнді құрмаластардың өзіндік ерекшелігі ретінде талғау мəн-
ді құрмаластар секілді тек қана жалғаулықтар арқылы жəне салаласа бай-
ланысатыны айтылып жүр. Қазақ тіліндегі салалас құрмаластың осын-
дай түрінің бар екендігін айтқан С.Аманжолов болса, мұндай мағыналық
қатынас сабақтастарда да кездесетінін Қ.Шəукенұлы көрсетеді. Расында
да төмендегі сабақтаса байланысқан сөйлемдерде кезектесе орындала-
тын іс-əрекет баяндалып тұр: 1. Азып-тозған ауыл тұрғындары оның
бір мезет бағана басына тырмысып тұрғанын көрсе, келесі сəтте ол
темір тұяқтарын белбеуіне қыстырған күйі үй жағалап, бүкеңдеп бара
жатушы еді (Қ.Тоқмырзаұлы). 2. Бір күні əуелетіп салған əн дауысын
естісең, бір күні қара домбыраны қыса ұстап күмбірлеп күй төгетін
(С.Жүнісов).
Алғашқы сөйлемде əдеттегідей кезектестік мəн беретін шылау жоқ,
бірақ бұл мəнді беру функциясын компоненттердегі бір мезет, келесі
сəтте, қайталана қолданылған бір күні сияқты кезектестікті білдіретін
мезгілдік мəндегі тіркестер атқарып тұр. Талғау мəнді құрмаластардан
айырмашылығы – онда екі компонентте айтылған ойдың біреуінің ғана
орындалатынына болжау жасалса, кезектесте екі компонентте айтылған
ой да жүзеге асады, бірақ бірінен соң бірі кезектесе орындалатын оқиға,
əрекет баяндалады.
Кезектес салалас
Қазан аспаның астында от кейде
жылтылдайды, кейде қызыл жалын
лапылдайды (М.Əуезов).
Біресе Хамит Күдірені алып ұра-
ды, біресе Күдіре Хамитті алып
ұрады (С.Сейфуллин).
Кейде мен шабыттана өлең оқи-
мын, кейде ол асқақтата əн айтады
(О.Бодықов).
Бұл қылмысымды бірде атырап тү-
гел біліп қойғандай болады, бірде
айнала меңіреу қалып танытады
(Ж.Ізбасаров).
Қанша уақыт кейде арман алға
тартқандай болады, кейде өзі
ұмтылады (Ж.Сəкенов).
Кезектес сабақтас
Қазан аспаның астында от кейде
жылтылдап, кейде қызыл жалын
лапылдайды.
Біресе Хамит Күдірені алып ұрса,
біресе Күдіре Хамитті алып ұрады.
Кейде мен шабыттана өлең оқы-
сам, кейде ол асқақтата əн айтады
(О.Бодықов).
Бұл қылмысымды бірде атырап
түгел біліп қойғандай болса, бірде
айнала меңіреу қалып танытады
(Ж.Ізбасаров).
Қанша уақыт кейде арман алға
тартқандай болса, кейде өзі ұмты-
лады (Ж.Сəкенов).
Кезектес мəнді құрмаластар құрамындағы кейде, бірде, біресе жалғау-
лықтарының басты ерекшелігі - компоненттерді салаластыра да, са-
бақтастыра да байланыстыратындығы. Бұл қазақ тіл білімінде «жалғау-
лық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді тек салаластыра
байланыстырады» деген қағиданың біржақтылығын көрсетеді. Десе де
салаластар құрамындағы жалғаулықтардың компонент байланысты-
ру қызметі сабақтастармен салыстырғанда күштірек. Бұл бағыныңқы
сөйлем құрамындағы формалардың компоненттерді байланыстыруда
доминанттық рөл атқаруымен байланысты болса керек. Оның айғағы
жоғарыдағы сабақтас мəнді құрмаластар құрамынан жалғаулық шылау-
ларды алып тастағаннан, сөйлем мағынасына ешқандай нұқсан кел-
мейтіндігінде: Қазан аспаның астында от жылтылдап, қызыл жалын
лапылдайды. Хамит Күдірені алып ұрса, Күдіре Хамитті алып ұрады
(С.Сейфуллин).
Соны қытайлар біресе қасқыр менен баладан туды десе, біресе ол ұл
қасқыр менен хан қызынан туыпты-мыс (Ш.Құдайбердиев). Сабақтаса
байланысқан кезектес мəнді құрмаластар құрамынан жалғаулықты алып
тастауға болатындығы жөніндегі тұжырым бұл типтегі сөйлемдерге тəн
емес. Ол екі компонентке ортақ ойдың, субъектінің не нысанының (со-
ны-ол ұл) болуымен байланысты болса керек.
Қорыта келгенде, құрмаластың мағыналық түрлерін түзуде өнімді қыз-
мет атқаратын тəсіл ретінде төмендегілерді көрсетеміз:
- ыңғайлас мəнді құрмаластарда – семантика-грамматикалық немесе
аналитикалық тəсіл (сөйлем мүшелерінің үйлесімі);
- мезгіл мəнді құрмаластарда – грамматикалық немесе синтетикалық
тəсіл, шақтық үйлесім;
қарсы мəнді құрмалас сөйлемдерде - аналитикалық (ассоциативті ан-
тонимдер) мен синтетикалық тəсілдер;
түсіндірме мəнді құрмаластарда аналитикалық-синтетикалық (орын
тəртібі), содан соң семантика-грамматикалық тəсілдер (есімдіктер);
себеп мəнді құрмаластарда аналитикалық-синтетикалық (шылаулар)
тəсіл;
шарт, мақсат жəне амал мəнді құрмаластарда грамматикалық не син-
тетикалық тəсіл;
талғау жəне кезектес мəнді құрмаластарда аналитикалық-синтетика-
лық (шылаулар) тəсіл;
салыстырмалы мəндегі құрмаласты жасаудың орталық аймағында се-
мантика-грамматикалық, одан кейін аналитикалық-синтетикалық тəсіл-
дер, ал шеткері аймақтан грамматикалық (синтетикалық) тəсілдер орын
алады.
274
275
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Достарыңызбен бөлісу: |