Синтаксистік парадигмалар


құрылысы жағынан да тиянақты болып келеді



Pdf көрінісі
бет230/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

құрылысы жағынан да тиянақты болып келеді. Əр шумақ сайын ұй-
қас өрнегі тағы бір қайталанып отырады. 
Шумақты əдебиет зерттеушілері көбінесе өлең жолдарының (тар-
мақтарының)  əр  түрлі  ретпен  топтасуы,  ұйқастардың  кезектесіп  ал-
масу  тəртібі  жағынан  қарастырып  келеді.  Мұның  өзі  шумақтың  əр-
түрлі өрнек-үлгілерін ажыратып, айқындап сипаттауға себін тигізеді» 
[2, 386 б.]. Осы анықтамадағы біз қоюлатып көрсеткен тұстарға мəн 
беріңіз, өйткені бұл пікірлерді кейінгі баяндауларымызда тірек ететін 
боламыз. 
Академик З.Ахметов кейінгі жарияланған «Поэзия шыңы – даналық» 
атты  еңбегінде  де  шумақтың  біз  іздеген  синтаксистік-семантикалық 
жақтарына  мəн  береді. «Шумақтың  тұтастық-бірлігін  күшейтіп,  жеке-
леніп бөлінуіне себін тигізетіндер – айтылатын ойдың белгілі дəрежеде 
тиянақталуы, сөйлемдер синтаксистік құрылысы жағынан алғанда толық 
аяқталып, дауыс толқынының (интонацияның) тынуы. ... əр шумақ біт-
кенде айтылатын бір түйін ой не аяқталып, не белгілі дəрежеде тиянақта-
лып отырады. 
Сөйлемнің  синтаксистік  құрылысы,  дауыс  толқынының  (интона-
ция) өзгеріп, түрленуі жағынан алғанда да, қатар келген бірнеше тармақ 
жалғастық, жақындық (айталық, синтаксистік параллелизм, не болмаса 
сөйлемнің интонациялық сипатындағы біркелкілік) ұшырасуы ықтимал. 
Бірақ бұлар да əр тармақтың қалайда белгілі дəрежеде дербестігі болаты-
нын жоққа шығара алмайды», - деп жазады ол [3, 159 б.].
«Шумақтың  ой,  мағына  жағынан  бөлектеніп,  оқшауланып  тұруын
дұрыс  түсіну  керек.  Бұл  алдыңғы  шумақтағы  ойдың  арасында  жалғас-
тық,  жақындық  болмайды  деген  мағынаны  білдірмейді.  Ондай  жалғас-
тық, əрине, бола береді. Кейде бір шумақ пен екінші шумақ мағына-ой 
жағынан  тығыз  байланысты  болып  келуі  де  ықтимал.  Ой  тізбегі  қалай 
да шексіз, шетсіз созыла бермейді. Түйін-түйін болып, үзіліп, аяқталып, 
жаңадан басталып, жалғасып отырады» [3, 159 б.].
Орыс  əдебиеті  бойынша  анықтамалық  əдебиеттерде  де  шумақтың 
синтаксистік  бүтін  екені  айтылады: «Как  правило,  объединенные  риф-
мой стихи в строфу и представляют ритмическое и синтаксическое це-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет