Синтаксистік парадигмалар


шымылдықтың  қалқасындағы  төсекке  отырғызып,  жақын  жеңгесі



Pdf көрінісі
бет218/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

шымылдықтың  қалқасындағы  төсекке  отырғызып,  жақын  жеңгесі 
келінге  ағайын-туыстарының,  жақын-жарандарының  аты-жөнін 
айтып таныстырады. 
Қазақта жаңадан түскен келін өзінен кіші қайындары мен қайын-
сіңлілерін еркелетіп, сыйлап, құрметтегенін білдірмек болып, оларға 
ат қою рəсімі жасалады. Жас келінді былай қойғанда, жасы келген əй-
елдер де күйеуінің атын тура атамаған («Парасат»). 
Мəтіндегі қарамен терілген сөйлемдер – көсемшенің -ып, -іп формасы 
арқылы құрмаласқан бағыныңқы сөйлемдер. Алғашқы сөйлемді контекс-
тен  бөліп  алсақ,  жоғарыда  талдаған  сөйлемдегідей  Жеңгесі  қалай  та-
ныстырады?, Жеңгесі қашан таныстырады? деген сұрақтың екеуін де 
қоюға болады. Бірақ мəтіндегі оқиғалар сабақтастығы, бірінен кейін бірі 
мезгілдес,  үйлесе  орындалып  жатқан  қимыл  процестерінің  легі  келесі 
сөйлемге де ықпал етеді. Сөйтіп абзацтағы сөйлемдер бір мезгілде орын-
далатын не орындалып жатқан əрекеттерді бейнелеп, сөйлемде мезгілдік 
мəн доминанттық сипатқа ие болады. Оған осы сөйлемдегі отырғызып 
баяндауышын түрлендіру арқылы да көз жеткізуге болады:
1)...төсекке отырғызып, жеңгесі ...таныстырады.
2)...төсекке отырғызған соң, жеңгесі ...таныстырады.
3)...төсекке отырғызғаннан кейін, жеңгесі ...таныстырады.
4)...төсекке отырғызады да, жеңгесі ...таныстырады
Ал мəтіндегі қарамен терілген екінші сөйлемде мезгілдік мəннен гөрі 
мақсаттық мəн басым жатқанын аңғару қиын емес. Бағыныңқы сөйлем 
Ат қою рəсімі не мақсатпен болады? деген мақсат бағыныңқының жа-
уабы болып тұр.
Қазақ тіл білімінде мақсат бағыныңқы сөйлем жасаудың санаулы түрі 
ғана көрсетіліп жүр. Негізгісі – тұйық етістік пен үшін шылауының тір-
кесуі арқылы жасалуы. Мысалы: Алыптың кеудесі биік болуы үшін, ха-
лықтың кеудесі биік болуы керек (Қ.Мырза Əли). 
Екіншісі - көсемше тұлғасы (де, бол көмекші етістіктеріне тіркескен 
-ып, -іп, -п  формасы).  Əулие  көмек  берер  деп,  басына  халық  түнепті 
(Д.Қанатбаев).  Əсіресе  бұл  форма  мақсатты  келер  шақ  формасында 
тұрып, мақсат бағыныңқы сөйлем жасайды. Қазіргі қалыптасқан түсінік 
бойынша,  мақсат  мəнді  сөйлемдер  тек  қана  сабақтаса  байланысады. 
Төмендегі сөйлемдерге назар аударайық:
Саған екінші өмір сыйлаған ағаны көрсет, Қазақстанға барып қай-
тайық  («Егемен  Қазақстан»).  Өзіңді  өзгеге  сыйлата  біл,  ол  үшін,  ал-
дымен,  өзіңді  өзің  сыйла  («Парасат»).  Азат  басың  болсын  құл,  Қолдан 
келмес іске ұмтыл (Абай). Ол күнге де жетерміз, аман болайық («Ана 
тілі»). Өскелең ұрпақ саналы азамат болып ержетуі керек, ол үшін оқу-
лық сапасын арттыру мəселесін ойластырғанымыз жөн. 
Компоненттер  баяндауыштары  тиянақты,  өзара  салаласа  байла-
нысқан.  Ал  мағыналық  қатынас – мақсат  мəнді.  Жоғарыдағы  сөйлем-


264
265
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
дердің  алғашқы  компоненттері  Қазақстанға  не  үшін  бару  қажеттігі,  не 
үшін адам өз-өзін сыйлау керектігі, не үшін аман болу кажеттігі жөнінде 
айтылып  тұр,  дəлірек  айтсақ,  бірінші  компонентте  екінші  компонентте 
айтылған ойдың мақсаты баяндалып тұр. Компоненттер арасына ол үшін 
шылаулы тіркесін қойып айтуға болады.
Жалпы  мақсат  мəнді  құрмаластардың  жасалу  жолы  шартты  сала-
ластарға  көбірек  ұқсайды.  Бұл  мақсат  жəне  шарт  ұғымдарының  бір-
бірімен сабақтастығынан туындаса керек. Қандай да бір мақсатқа жету-
дің белгілі бір шарттары болатыны белгілі (6-кесте). 
6-кесте – Мақсат жəне шарт мəнді құрмаластар
Мақсат-шарт
Шарт-нəтиже
1
2
1)  Егер  де  ақылыңыз  дұрыс  жұмыс 
істесін  десеңіз,  өзіңіздің  денеңізді 
бақылап отырыңыз (Р.Декарт). 
1) Өзіңіздің денеңізді бақылап 
отырсаңыз, ақылыңыз дұрыс жұмыс 
істейді. 
2)  Ақыл-ой  қимылдауы  үшін,  дене 
қозғалыста болуы қажет. 
 2) Дене  қозғалыста  болуы  қажет, 
сонда ақыл-ой да қимылдай бастай-
ды (Ж.Руссо).
3) Тоғыз жауға алдырмас үшін, сегіз 
досың болуы керек. 
 3) Сегіз  досың  болса,  тоғыз  жауға 
алдырмайсың (Қ.Мырза Əли).
4) Санаңды ашу үшін, тамақты тарта 
же.
 4) Тамақты  тарта  жесең,  санаңды 
ашар (Ф.Бэкон).
5)  Қазіргі  уақытта  мəдениетті,  са-
уатты  адам  деп  саналу  үшін,  өзінің 
ана тілін, өзінің əдебиетін сыйлауы, 
бағалауы керек.
 5) Кімде-кім  қазіргі  уақытта  өзінің 
ана  тілін,  өзінің  əдебиетін  сыйла-
маса,  бағаламаса,  оны  мəдениетті, 
сауатты адам деп санауға болмайды 
(М.Əуезов).
Бұдан шығатын қорытынды: мақсат-шарт-нəтиже ұғымдарының ара-
сында  диалектикалық  байланыс  бар.  Бірінші  бағандағы  сөйлемдердің 
мəніне назар аударайық: Мақсат не? Мақсат – (1) ақылды дұрыс жұмыс 
істету, (2) ақыл-ойды қимылдату, (3) тоғыз жауға алдырмау, (4) сананы 
ашу, (5) мəдениетті, сауатты адам деп саналу. Осы мақсатқа жету үшін 
қандай шарт қажет? Шарт – (1) денені бақылап отыру, (2) дененің қозға-
лыста  болуы, (3) – сегіз  достың  болуы, (4) – тамақты  тарта  жеу, (5) - 
өзінің ана тілін, өзінің əдебиетін сыйлау, бағалау керектігі. Ал егер осы 
сөйлемдер  компоненттерінің  орнын  ауыстырсақ,  дəлірек  айтсақ,  шарт 
мəнді компонентті алға шығарсақ, мақсатымыз орындалған не күтілетін 
нəтижеге айналады. 
Тіл  білімінде  мақсаттық  жəне  себептік  қатынастардың  байланысы 
жөнінде де айтылып жүр. Аталған қатынастардың байланысын Т. Жуке-
ев былай түсндіреді: «Синтаксистік қатынастардың ішінде синкреттене, 
астаса келетін қатынастардың бірі – мақсаттық жəне себептік қатынас-
тар. Біз бұл тұста психологиялық негіз бар деп есептейміз. Психология-
дағы іс-əрекет теориясы бойынша, жалаң түрткі себеппен (мотив) ғана 
болғанда,  іс-əрекет  əлі  соқыр  болады.  Сондықтан  іс-əрекет  орындалуы 
үшін оның мақсаты болу керек. Демек, түрткі себеп бар жерде мақсат, 
мақсат бар жерде түрткі себеп болуы қажет. Міне, осыдан келіп мақсат 
бағыныңқылы  сөйлем  мен  себеп  бағыныңқылы  сөйлем  синкреттенеді. 
Мысалы:
Ұйықтасын деп бөбегім,
Домбыраның қос ішегін
Жамбыл бабаң қағады (Жамбыл).
Бұл сөйлемнің бағыныңқы сөйлеміне екі түрлі сұрау қоюға болады: 
не себепті, не мақсатпен Жамбыл бабаң домбыраның қос ішегін қағады» 
[86, 21 б.] Бұл оларға қойылатын сұрақтардың мəндес, жасалу жолдары-
ның ұқсас болуынан да көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет