Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет219/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   374
Амал мəнді құрмаластарКүрделі ой білдіруде қолданылатын тіл-
дік тəсілдер өзінің көпқырлылығымен ерекшеленеді. Субъект жəне оның 
əрекеті, жай-күйі, əлде бір əрекет, оқиғаны жүзеге асыруда қолданыла-
тын амал-тəсілдері сөйлем жүйесінде тілдік бірліктер арқылы көрініс та-
бады. Осы тұрғыдан келгенде, субъектінің қимыл, процесті қалай, қайтіп 
жүзеге асыруы мəселесі тілде амал, сын мəніндегі сөздер, осы мəнді ту-
дырушы формалар арқылы беріледі. Жай сөйлем синтаксисінде амал пы-
сықтауыштар, құрмалас сөйлем синтаксисінде амал (қимыл-сын, сын-қи-
мыл)  бағыныңқылар  деп  аталатын  грамматикалық  ұғымның  табиғатын 
танудың  да  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Терминдегі  ала-құлалықтың  өзі 
осы  грамматикалық  ұғымның  білдіретін  семантикалық  мəнінен  туын-
дайды.  Дəлірек  айтсақ,  амал  пысықтауыштар  да,  амал  бағыныңқылар 
да, алдымен, қимыл процесімен тығыз байланысты болады. Егер аталған 
қызметтегі сөз не грамматикалық форма есім мəнді сөзбен тіркессе, ол 
мұндай  мəннен  айырылып,  көбіне  анықтауыш  қызметін  атқарады,  мұ-
ның  өзі  аталған  грамматикалық  бірліктердің  қатыстық  грамматикалық 
мағынасының  күштілігімен  түсіндіріледі.  Екіншіден,  қимылдың  қалай 
орындалғанын  сындық  тұрғыдан  да,  үдеріс  тұрғысынан  да  бейнелей 
алуы – бұл грамматикалық тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің бірі болып 
саналады. 
Аталған  сөйлем  туралы  академик  М.Серғалиев: «Қазіргі  қазақ  əде-
би тілінде сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы бөлігінің басыңқы 
бөліктің амалын, тəсілін, қимыл-сынын білдіретін кездері де кездеседі. 
Бұларды  əдетте  амал  бағыныңқылы  сабақтастар  деп  атайтыны  белгілі. 


266
267
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Бір  қызығы – дəл  осылай  аталған  салаластар  кездеспейді.  Тіпті  амал 
бағыныңқылы  сабақтасты  салаласқа  айналдырғанның  өзінде,  соңғыла-
рының өзгешелеу мағынаға ауысып кететінін байқау қиындыққа соқпай-
ды», – дейді [61, 209 б.].  Десе  де  аталған  құрмаластың  тек  сабақтаса 
байланысатыны  жөнінде  үзілді-кесілді  пікір  түюге  болмайтын  сияқты. 
Бір  кездері  Т.Қордабаев  айтқан  бағыныңқысының  баяндауышы  -дай, 
-дей тұлғалы есімшеден болған «Біреу əдейілеп лак жаққандай, жас жа-
пырақтар күн санап өсіп келеді» тəрізді сөйлемдерді салыстырмалы са-
бақтасқа жатқызу қажеттігі туралы пікірі ойлануды қажет етеді. Өйткені 
бағыныңқы сыңар қалай өсіп келеді? деген сұрақтың жауабы болып тұр. 
Егер басыңқы сөйлемнің баяндауышы есім сөзден жасалса, жоғарыдағы 
сөйлемде  есім  сөздің  сыны  сипатталып,  салыстырмалы  мəнді  сөйлем 
түзілген  болар  еді:  Біреу  əдейілеп  лак  жаққандай,  жас  жапырақтар 
жап-жасыл.
М.Серғалиев жоғарыдағы еңбегінде қалай-солай, қандай-сондай сөз-
дерінің  қатысымен  жасалатын  сабақтастардың  бағыныңқы  сыңарының 
құрамынан қалай, қанша сөздері қабаттаса қолданылмаса, сондай, солай 
сөздерінің салыстырудан мүлдем басқа мағынада, таза амалдық мағына-
да қолданылатынын айтады [61, 212 б.]. 
Расында  да  мұндай  құрылымдар  салаласа  байланысып,  амал  мəнін 
білдіретінін  жоққа  шығара  алмаймыз.  Анафоралық  есімдіктер  арқылы 
жасалады. Кейде екінші компоненттегі қатыстық сөз де түсіп қалады. 
Мысалы: Бауыры үшін қалай жүгіріп қызмет етсе, маған сондай қыз-
мет қылсын (О.Бодықов) // Бауыры үшін жүгіріп қызмет еткен, маған 
сондай қызмет қылсын (Қалай қызмет қылсын?). 
Жастардың əзілі сондай жарасымды, соған лайық отырыс та көңіл-
ді өтті.
Қаншалықты мені жақсы көресің, соншалықты мен де сені сүйемін 
(Н.Асылбек).
Алматының осы бір кезі құдды бір масаты жамылғандай, көргеннің 
көзін тартады. 
Астана адам танымастай өзгерген, екі ай көрмеген адам жаңа қа-
лаға келгендей əсер алады (Н.Жаңабаева).
Амал мəнді салалас құрмаластардың жасалуында алғашқы компонент-
тің сұраулы сөйлем формасында жұмсалу амалы жиі кездеседі. Мысалы:
«Сыйға – сый, сыраға – бал» дей ме қазақ, мен де солай күттім («Па-
расат»). Соншалықты дос болып шыға келді ме, Бəрі бірдей мақтап жа-
тыр, о, тоба! (Д.Досжан).
«Қазіргі  қазақ  тілінде  бағыныңқы  сыңары  формалық  жағынан  да, 
мағыналық жағынан да тиянақсыз болып келіп, басыңқы сөйлемнің бір 
мүшесіне  меңгеріліп  тұратын  сабақтас  сөйлемдер  бар  да,  бағыныңқы-
лары  басыңқыға  баяндауыш  формасы  жағынан  ғана  тəуелді  болып, 
мағыналық  жағынан  дербес  тұратын  сабақтас  сөйлемдер  бар  екендігі 
белгілі. Амал бағыныңқылы сабақтастар алғашқы құрылымдағы сөйлем-
дердің қатарына жатады. Өйткені ондағы бағыныңқы сыңар тұтасымен 
басыңқы сыңардың бір мүшесіне меңгеріліп, соның бір ғана тұрлаусыз 
мүшесі қызметінде келеді де, қалыпты сын пысықтауыш сияқты «қалай? 
қайтіп?» деген сұрауларға жауап береді», – дейді Б.Қапалбеков [87, 709 
б.]. Амал бағыныңқылы сөйлемдер синтетикалық тəсілмен де, аналити-
калық-синтетикалық тəсіл арқылы да жасалады. 
Амал  бағыныңқылы  сөйлемдер  тілімізде  жиі  кездескенімен,  жасалу 
формасы санаулы ғана. Синтетикалық тəсілмен жасалуына көсемшенің 
-п, -іп, -п, -а, -е, -й формалары арқылы жасалуы жатады. 
Мысалы:  Есептің  арғы  жағы  айтылмай,  отырғандар  күлісіп  кет-
ті  (Ғ.Сланов).  Екі  көзі  қанталап,  денесі  ашумен  булыға  қалшылдайды 
(Д.Əбілев).
Тіліміздегі етістік сөз табының, оның ішінде көсемшенің қызметі ту-
ралы М.Оразов былай дейді: «...Көсемше етістіктің тиянақсыз формасы 
болғандықтан,  сөйлемде  тиянақты  баяндауыш  болу  үшін  оған  көмек-
ші  етістік  тіркеседі  де,  екі  атауыш  сөздің  алғашқысын  тиянақтау  үшін 
соңғысы көмекші сөзге айналады» [88, 34 б.]. 
Көсемшенің -ып, -іп, -п формасы арқылы сабақтастың өзге де түрлері 
жасалады.  Кейбір  еңбектерде  көсемшенің  аталған  тұлғасы  арқылы  са-
бақтастың алты түрі (амал, мезгіл, себеп, мақсат, қарсылықты, ыңғайлас) 
жасалатыны айтылып жүр [87, 704 б.]. Мұның өзі грамматикалық фор-
маға қарап, құрмалас сөйлем мағынасын ажыратудың бір жақты екенді-
гін тағы да дəлелдей түссе керек. 
Салыстырып көрелік (7-кесте):
7-кесте – Көсемшенің -ып, -іп, -п формасы арқылы қалыптасқан
бағыныңқылардың мағыналық түрлері
Көсемшенің -ып, -іп, -п
формасы арқылы қалып-
тасқан  бағыныңқылар-
дың мағыналық түрлері
Мысалдар
Амал бағыныңқы
Көңілі тетік тартып, басына түскен уайым-қайғы-
ны өзі де ұмыта бастаған (Қ.Жұмаділов). 
Себеп бағыныңқы
Бұл  қасірет  ақынның  өмірлік  қайғысына  айна-
лып,  осы  қазалы  хал  ел  ішіне  аңыз-əңгіме  боп
тарайды.
Мақсат бағыныңқы
Ауыл сыртына алтыбақан құрмақ болып, жігіттер 
сонда шақырылады («Ел аузынан»).


268
269
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Мезгіл бағыныңқы 
Осы кезде есік шалқасынан ашылып, үстінде қау-
дырлақ  сулығы  бар,  шоқша  сақалды,  ұзын  қара 
шал кіріп келді (Қ.Жұмаділов).
Қарсылықты 
бағы-
ныңқы
Сиыршы атымен қуа түсіп, артынша өзі кері шап-
ты (Ш.Айтматов).
Ыңғайлас сабақтас
Бұл ақшаға ғимарат төбесі бүтінделіп, су жүретін 
қаңылтыр құбыр орнатылды (Д.Досжан).
 
Көрсетілген бағыныңқы сөйлемдердің ішінде аталған форма, негізі-
нен, амал бағыныңқылар үшін негізгі тəсіл болып саналады да, қалған 
бағыныңқыларда  сол  сөйлемдерді  жасаушы  өзге  басты  формалармен 
қатар қолданылатын форма ретінде қарастырылады. Десе де бұл форма 
арқылы жасалған құрмаластардың ішінде мезгілдес, ыңғайлас сабақтас-
тар мен амал бағыныңқыларды бір-бірінен ажырату оңай емес.
Мысалы: Жер қақ айырылып, жарық пайда болды (Д.Досжан). Осы 
сөйлемдегі  компоненттер  арасындағы  мағыналық  қатынасты  ажырату 
үшін басыңқы сыңардан сұрақ қойып көрелік. Бір жағынан алғанда, ба-
сыңқы сыңар қашан жарық пайда болды? деген мезгіл мəнді құрмалас 
болатын болса, екінші жағынан, қалай жарық пайда болды? деген амал 
бағыныңқының да жауабы сияқты болып тұр. Мұндайда контекст пен си-
туацияның рөлі, сөйлеушінің не жазушының қай мəселеге назар аударып 
тұрғанын ескерген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет