Синтаксистік парадигмалар


 СУПЕРСИНТАКСИСТІК ПАРАДИГМАЛАР



Pdf көрінісі
бет228/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

СУПЕРСИНТАКСИСТІК ПАРАДИГМАЛАР
4.1 Күрделі синтаксистік тұтастық
Суперсинтаксистік  парадигмалар  деген  ұғым  қалыптан,  əдепкіден 
тыс,  жоғары  синтаксистік  көрсеткіштер  деген  мағынада  қолданылады. 
Осы тұрғыдан келгенде, бұл тұста дəстүрлі сөйлем санатынан жоғарғы 
синтаксистік  бірліктер  нысанға  алынады,  яғни  қазір  «күрделі  синтак-
систік тұтастық» деп атап жүрген бірлік, мəтін қарастырылады. 
Күрделі синтаксистік тұтастық – төменгі бірліктердің, яғни, грамма-
тикалық дербес сөйлемдердің бірлігі жəне жоғары бірлік, мəтінді, құрай-
тын сыңар ретінде қарастырылады.
Қазіргі тіл білімінде сөйлемнен үлкен, мəтіннен кіші синтаксистік бір-
лікті белгілейтін аталымдар көп, санамалап шықсақ (қазақ тіл білімінде 
мұны атауда орыс терминдерін калькалап аудару ғана бар болғандықтан, 
кейбірін  орыс  тілінде  береміз):  мəтін,  микромəтін,  прозаическая  стро-
фа,  дискурс,  сверхфразовое  единство,  сложное  синтаксическое  целое, 
сложное  синтаксическое  единство  т.б.  Советтен  кейінгі  кеңістіктегі  тіл 
білімінде  күрделі  синтаксистік  тұтастық  (сложное  синтаксическое  це-
лое)  термині  қалыптасқан.  Күрделі  синтаксистік  тұтастық  терминінде-
гі бір сəйкессіздік сонда, кəдімгі жай сөйлемнің өзі күрделі бола алады 
жəне тұтастық сипатқа ие болады. Сондықтан бұл еңбекте біз «шумақ» 
терминін қолданамыз.
  «Шумақ»  терминінің  уəждемесі. «Шумақ»  термині  филологияда 
поэзияға ғана тиесілі болып жүргені, мұның аксиомаға айналып кеткені 
белгілі. Біздің «шумақ» терминінің аясын кеңіткіміз келеді. 
Қазақ  филологиясында  термин  ретінде  «шумақ»  алғаш  рет  А.Бай-
тұрсынұлының  қаламына  ілікті.  Ол  шумақтың  мынадай  постулаттық 
анықтамасын  берді: «Өлең  кестесі  айшық  деп  аталады. ... Айшықтың 
əрбір тақтасы шумақ деп аталады» [1, 381 б., 382 б.]. Осы дəйексөзде-
гі «тақта» деген термин «Əдебиет танытқыштың» «Қара сөз» бөлімінде 
тағы қолданылады: «Əуезе көбінесе үш тақтаға бөлінеді: 1) мəлімдеу, 2) 
мазмұндау, 3) қорыту. Демек, «тақта», яғни, шумақтың қара сөзге де ти-
есілі екенін аңғартады [1, 397 б.].
Академик  З.Ахметов  шумаққа  кеңінен  түсініктеме  береді.  Оқиық: 
«Шумақ – өлең-жырларда, дастан-поэмаларда өлең тармақтарының бел-
гілі  ретпен  топтасуы.  Бір  жол,  бір  жеке  тармақтан  өлең  ырғағы  ай-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет