Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет22/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Тəуелдік жалғауы. Тəуелдік жалғауы да, А.Ысқақов айтқандай, мор-
фологиялық, синтаксистік жəне аралас тəсіл арқылы жасалады. Əрине, 
соның ішіндегі тəуелдік жалғауының морфологиялық тəсілі үш жақта да 
жалғаулар арқылы берілетіні белгілі.
Əрине, мұнда қай сөз таптары тəуелденеді дегеннен гөрі сол тəуелдік 
жалғаулы  сөздер  қандай  сөз  тіркестерінде  кездеседі  деген  сұрақ  басты 
мəселе  болып  тұр.  Ондай  кезде  тəуелдік  жалғаулы  сөздердің  сөзді  өзі 
аяқтап тұруы ғана негізге алынуы керек. Ал олардың балаларымның си-
яқты ілік жалғауының алдында келуі сөз бен сөзді байланыстыра алады 
деп ойлаймыз.
Тəуелдік жалғауы көбіне сөз тіркесінің соңғы сөзіне жалғанады делі-
неді.  Мысалы,  Алтайдың  қара  шаңырағы  тұрғанда,  қайда  барамыз? 
(Ғ.Мұстафин) деген сөйлемнің Алтайдың шаңырағы деген сөз тіркесінде 
тəуелдік жалғауы басыңқы сыңарда айтылып, өзіне ілік жалғауды керек 
етіп тұр. Сонда тəуелдік жалғаулы сөздер осы қалпында матаса байла-
нысқан сөз тіркесін кұрауда үш түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, он-
дай тіркесте тəуелдік жалғауы үнемі айтылатын болса, екіншіден, бағы-
ныңқы сыңарлары біз, сіз есімдіктері болып келгенде тəуелдік жалғауы 
негізінде түсіріліп те, кейде түсірілмей де айтыла береді, үшіншіден, тə-
уелдік жалғаулы сөздерге өзінен кейін тағы да септік жалғаулары келе бе-
реді, ондай кезде тəуелдік жалғауының сөз бен сөзді жалғастыру қызметі 
солғындап, өзінен кейінгі сөздің қызметі арта түседі.


28
29
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Үлкен ақ үйдің терме баулары барқыт пен жібекке, кесте мен оюға, 
бояу мен сырға орап қойғандай (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемдегі тəуелдік
жалғаулы баулары сөзі (үшінші жақ, көпше түрі) үйдің деген ілік жалғау-
лы есім сөзді керек етеді.
 Кейде тəуелдік жалғауларының үстіне септік жалғаулары жалғанып, 
сол  арқылы  ол  сөздерді  басқа  етістіктер  меңгереді.  Мартен  цехында 
инженер  Сағатова  құрышты  ОТК-ға  тапсырайын  деп  жатыр  екен
(З.Шашкин). Бұл сөйлемдегі тəуелдік жалғаулы сөз тіркесі Мартен це-
хында, ондағы тəуелдік жалғаулы сөзге жатыс септіктері жалғанып тұр.
 Тəуелдік жалғауларының матаса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы 
сыңары болуымен қатар, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары болу қызметі 
де кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет