Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет235/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
Шумақ  пен  салалас  құрмалас  сөйлемнің  ұқсастықтары  мен  айыр-
машылықтарын тілдік айғақтармен дəлелдеуге көшейік. 
Алдымен шумақ пен жалғаулықсыз салалас құрмаласты салыстыра-
йық:
№1. Бір ауыздан «бермеймінді» айту қажет /1/. Сол – елге белгі /2/. 
Сол бірді бірге қосады /3/. Құрастырады /4/. Бір жағадан бас, бір жең-
нен қол шығарады /5/.
Соны шала-пұла ұғынған сайын əрбір жиылушы жас-кəрінің бəрі де 
бойына айдын, қайрат жиып, ызалы, намысты, кіжінулі сияқты еді /6/. 
(М.Əуезов). 
Бұл  үзіндідегі  жеке  пішімделген  сөйлемдердің  арасындағы  байла-
ныстар жалғаулықсыз салалас құрмалас сыңарларының арасындағы бай-
ланыстарға  ұқсайды: 1-ші  жəне 2-ші  сөйлемдер – себеп-салдарлық  қа-
тынаста, ал 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші сөйлемдер мезгілдестік (ыңғайластық) 
қатынаста  тұр.  Бұл  қалып  салалас  құрмалас  сөйлемнің  заңдылықтары-
на келіп тұрғандай. Енді алғашқы бес сөйлемді біріктіріп тəжірибе жа-
сап  көрейік:  Бір  ауыздан  «бермеймінді»  айту  қажет,  сол – елге  белгі, 
сол бірді бірге қосады, құрастырады, бір жағадан бас, бір жеңнен қол 
шығарады.
Байқалып тұрғандай, бұл өзгерістер сөйлемдердің экспрессивтік, ком-
уникативтік мəнін де өзгертіп жібереді; сондай-ақ автордың көркем ойы 
мен  коммуникативтік  мақсаты  да  бұрмаланып  кетеді;  бұл  өзгертілген 
түрде «сол» есімдігін анафоралық тұрғыдан қайталау артық болып көрі-
неді; демек, стиль өзгереді, қараңыз: Бір ауыздан «бермеймінді» айту қа-
жет, сол - елге белгі, бірді-бірге қосады, құрастырады, бip жағадан бас, 
бip жеңнен қол шығарады; 4-ші, 5-ші сөйлемдер сөйлемдік тұрғысынан 
айрылып  бірыңғай  баяндауыштарға  айналады,  біз  оларды  мұндай  күй-
де тұрғанда бағанағы грамматикалық тұрғыдан аяқталған дербес сөйлем 
күйіндегісінен  басқаша  қабылдаймыз;  соған  қоса,  интонация  өзгерген 
(бұлар  сөйлемге  тəн  тиянақты  интонациядан  айрылған),  ал  интонация-
ның сөйлемнің басты үш белгісінің бірі екені белгілі; интонация өзгер-
се, айтылыстың просодикалық сипаты өзгереді. Ал 6-шы сөйлемді сырт 
пішімі  салалас  құрмаластың  сыңарына  келіп  тұрғанмен,  алдыңғы  сөй-
лемдермен біріктіре алмаймыз: ол алдыңғы сөйлемдердің бəрімен бірдей 
байланыста тұрып, сол сөйлемдердегі ойларды қорытып тұр. Осы тұрғы-
дан келгенде, Л.М.Лосеваның: «күрделі синтаксистік тұтастықтағы сөй-
лемдердің арасындағы байланыс, бұл – бəрінен бұрын тілдің (сөйлеудің) 
бөлшектерінің  емес,  тұтас  коммуникативтік  бірліктерінің  арасындағы 
байланыс», - дегеніне сенуге болады [25, 7 б.]. 
Мұнан шығатын қорытынды сол, сөйлемді дербес бірлік ретінде (шу-
мақ компоненті ретінде) қолданудың немесе құрмалас сөйлем компоненті 
ретінде қолданудың негізінде автордың коммуникативтік мүдде-мақсаты 
жатады. Сол бір ақпарат əр түрде ұсынудың арқасында əр басқа болып 
қабылданады.
Енді сыңарлары жалғаулық арқылы байланысатын салалас құрмалас 
пен шумақты салыстыру мəселесіне көшейік.
Қазақ  тілі  синтаксисінде  жалғаулықты  салалас  пен  жалғаулықсыз 
салаластың  мағыналық  айырмашылықтары  сараланбайтыны  белгілі. 
Шумақ  пен  жалғаулықты  салаласты  салыстырғанда  жалғаулықтардың 
қолданысындағы  сипаттарға  мəн  беруге  тура  келеді:  жалғаулық  дербес 
сөйлем құрамында тұр ма əлде құрмаластың компонентінің құрамында 
тұр  ма?  Егер  жалғаулық  салалас  құрмаластың  құрамындағы  сөйлемнің 
емес,  дербес  сөйлемнің  құрамында  тұрса,  онда  ол  екі  сөйлемді  байла-
ныстырушы  қызметті  атқарып  қана  қоймайды,  өзінің  грамматикалық 
мағынасын күшейтіп, қабылдаушының зейінін сол мағынаға аудартады. 
Мəселен, қарсылықты шылау – қарсылықты мағынаны, себеп-салдарлық 
жалғаулық өзіне тəн мағынаны айрықшалап, бөлектеп тұрады, ал салалас 
құрмаластың  құрамында  бұлардың  екі  сыңарды  құрылымдық-мағына-
лық тұрғыдан байланыстырушы қызметіне мəн беріледі. Осы тұрғыдан 
келгенде  бұлар  кейде  демеулікке  ұқсап  тұрады,  бұлардың  бір  сөз  табы 
шылауға  жатқызылуында  осындай мəн  бар сияқты. Кей  жалғаулықтар-
дың түп төркіні демеуліктерге барып тірелетіні туралы тарихи-этимоло-
гиялық талдаулар да мұны растай түсетіндей [26, 218-332 бб.].
Құрамында  жалғаулық  қолданылған  дербес  сөйлем  сол  контексте-
гі  басқа  сөйлемдерге  қарағанда  ерекше  интонацияда  болады.  Сонымен 
қатар дербес сөйлемдегі жалғаулық пен құрмалас сөйлем құрамындағы 
жалғаулықтардың  арасында  тон  биіктігі,  дауыс  қаттылығы,  ұзақтығы 
жағынан елеулі айырмашылықтар болады [27, 50-55 бб.; 28, 67-73 бб.]. 
Бəлкім,  көптеген  жазарманның  дербес  сөйлем  құрамындағы  жалғау-
лықтарды  тыныс  белгісімен  оңашалап  жазатыны  да  осыдан  болар.  Са-
лалас  құрмаласқа  қарағанда  дербес  сөйлемдегі  жалғаулықтың  өзек-
тенетінін  тілдік  айғақтармен  дəлелдеп  көрейік.  Бүгін  үйден  таңертең 
шығып еді, сондықтан қарны ашып тұрғаны рас. деген салалас құрма-
ластың сыңарларын салдарлық мағынадағы жалғаулық байланыстырып 
тұр.  Мұны  сөйлем  мүшелеріне  қарай  талдасақ, «сондықтан»  жалғау-
лығы мүшелік қызмет атқара алмас еді, - шылаудың толық емес, көмекші 
мағынадағы сөз ретінде сөйлем мүшесі бола алмайтыны – қалыптасқан 
қағида. Ал мұны екі дербес сөйлем етіп қолдансақ (Бүгін үйден таңер-
тең шығып еді. Сондықтан қарны ашып тұрғаны рас.), мəселе басқаша 
болып шығар еді. Бұл контексте «сондықтан» сөзінің есімдік мəні жан-
данып шыға келеді: «сондықтан» сөзі алдыңғы сөйлемнің семантикасын 
бойына тартып алады да «Бүгін үйден таңертең ерте шыққандықтан» 
деген сөйлемнің орнына жүреді, сөйтіп толық мағыналы сөз ретінде се-
беп  пысықтауыш  қызметін  атқарып  шыға  келеді.  Қазақ  синтаксисшісі


292
293
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
О.Күлкенованың себеп пысықтауыштың жасалу жолдарының бірі ретін-
де «сондықтан» сөзін көрсетуі бекер емес [29, 148 б.].
Салалас  құрмалас  сөйлемде  жалғаулық  іргелес  тұрған  сөйлемдерге 
қатысты болады, ал шумақта жалғаулық дербес сөйлемдердің тобына қа-
тысты да қолданылады. Мысалы, мына шумақта:
№2.  Шалдиннің  орнына  келген  застава  бастығы  Иван  Головтың 
iстepiнe  құлағы  қанық.  Асырып  айтуға  əуес  қазақтың  аузында  ол  ту-
ралы алып-қашты əңгіме көп. Дақпырттың да сұсы бола ма, осы бей-
таныстың  eсiмiн ecтice,  абыржитыны  рас.  Соңынан  түскен  Голов 
отрядымен бетпе-бет келіп шайқаса кетуден тайсақтап тайқып шыға 
беретіні сондықтан (Мұқаев). Жалғаулықтың орны мен қызметі өзгеше. 
Құрмалас сөйлем мен шумақты ажырататын тағы бір жайт – шумақта 
ой тиянақты болады, ал құрмалас сөйлем қаншалықты күрделілігіне қа-
рамастан  синсемантикалы  болып  келуі,  мағына-мазмұнының  ашылуы 
контекстегі басқа сөйлемге я сөйлемдерге тəуелді болуы жиі кездеседі. 
Мысалы, мына бір көпқұрамды əрі көлемді салалас құрмаластар осын-
дай сипатта:
Оның дөңгелек көзі кірпігін қақпастан қадала қалатын əдеті бар еді, 
бұл  жолы  ол  тесіле  қараған  жоқ,  Əбдірахманның  тұла  бойын,  жүзін 
шарлап  қарады.  Белан  бұлардың  солдат  екенін  бірден  білді  жəне  өзін 
көріп  қалды  деп  ұқты,  өйткені  солдаттардан  өзге  жеті  түнде  атқа 
мініп жүретін жанның реті жоқ, көрші деревнядан келе қоярлық адам-
ның  түрі  шамалы  (Х.Есенжанов).  Мұндағы 1-сөйлем  тиянақталу  үшін 
«ол» дегеннің кім екенін, 2-сөйлемдегі «бұларды» əлі де анықтау керек, 
əрине, ол үшін контекст керек. Ал шумақ құрамында тиянақсыз сөйлем 
тиянақталу қажет болады.
Екеуінің  айырмашылығын  көрсететін  тағы  бір  жайт – бұлар  мəтін 
құрамында иерархиялық қатарда тұрады, шумақ үлкен, ал сөйлем төмен-
гі сатыда болады. Басқаша айтқанда, жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де 
шумақты құрастыратын тең хақылы сыңарлар болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет