Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет281/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Септеуліктердің сөйлемді синсемантикалы ету қызметі пресуппози-
ция құбылысымен байланысты. Тіл білімінде пресуппозицияның екі түрі 
айқындалған: прагматикалық пресуппозиция жəне логикалық пресуппо-
зиция.  Прагматикалық  пресуппозиция  сөйлеушінің  дара  тезаурусының 
(сөйлеушінің  өзіндік  сөздік  қорының)  құрылымын  білдірсе,  логикалық 
пресуппозиция сөйлемдер арасындағы семантикалық қатынастарды біл-
діреді.
Пресуппозиция ұғымы контекст жəне ситуация ұғымдарын қамтиды. 
Өзбек тілінің маманы А.Нұрмановтың айтуынша, пресуппозиция – ашық 
түрде айтылған я жазылған немесе ойдағы сөйлем. Ал сөйлем пресуппо-
зициялық қызмет атқару үшін керек құралдар – демеуліктер, септеулік-
тер, үстеулер. Пресуппозицияға логикалық екпін түседі, демек, ол акту-
алды  мүшелеумен  байланысты.  Зерттеуші  пресуппозиция  бір-бірімен 
жуық жəне ассоциативті байланыста болатын ұғымдар, қарсы мүшелер 
(пртоивочлены)  арқылы  айқындалатындығын  айтады [3]. Əр  сөйлемде 
тұратын бұндай мүшелер арқылы дербес сөйлемдер бір-бірімен жұптық, 
қарсылықты,  салыстырмалы  қатынаста  болады  да,  бұндай  сөйлемдер 
бір-бірінсіз не эксплицитті, не имплицитті күйде синсемантикалы бола-
ды. Сонда, кей септеуліктер қатысқан сөйлемдер басқа бір сөйлемдерді
ойға түсіреді, яғни ассоциативтік (имплицитті) сөйлемсіз бұл сөйлем тия-
нақсыз  болар  еді.  Ондай  септеуліктерге  тысқары,  басқа,  бірге,  емес, 
түгіл септеулік шылауларын жатқызуға болады. Мысалы: «Сенен басқа-
сы болды» деген сөйлемнің пресуппозициясы – «Сен болмадың», «Асан 
емес  Үсен  келді»  сөйлемінің  пресуппозициясы – «Үсен  келді». «Асан 
ғана емес, Үсен де келді» сөйлемінің пресуппозициясы – «Асан келді». 


358
359
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
«Оқудан тысқары жұмыс істеді» сөйлемінің пресуппозициясы – «Оқуды 
да оқыды».
Осындағы  бірінші  сыңар  сөйлемдер  екінші  сыңар  болмаса  (я  ашық 
түрде, я ойда) тиянақсыз болар еді. Демек, септеуліктердің де сөйлемді 
контекске тəуелді етуінде потенциалды ықпалы бар екенін əбден байқау-
ға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет