ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар лемді толымсыз етіп құрау - айтылыстың коммуникативтік орталығын
анықтаудың басты жолының бірі.
Толымсыз сөйлемдердегі тиісті мүшенің я мүшелердің қатыспай
тұруының екі себебі бар: контекст жəне ситуация (жағдаят). Басқаша айт-
қанда, түсіп қалған мүшені контекст немесе ситуация арқылы тауып қоя
аламыз. Мысалы:
Өз мінезін өзі түсіне алмай Ажар əуре. Бір жағынан, Арыстансыз ел аңырап тұрған сияқты, екінші жағынан, Ажардың күні-түні тілегені –
Арыстанға ұшыраспау. “Не бетіммен! — деп ойлай бастайды да, ар жағы жастықты жуған көл-көсір ыстық жасқа апарып соғады (Ғ.Мүсірепов).
Бұл үзіндіде көзге анық көрініп тұрған толымсыз сөйлем -”Не бетім-
мен” - ремалық қызмет атқарып тұр. Жетіспей тұрған мүшені контекстен
ойша орналастырамыз: “Не бетіммен Арыстанға ұшырасамын”.
Сөйлемнің толымдылығы мен толымсыздығын шендестіруге бола
ма? Біздіңше, бұлар кереғар құбылыстар емес, алайда бір-бірімен бай-
ланысты, орамды сөйлеу үстіндегі кезеңдер, өйткені толымды деген
сөйлемнің өзінің мəтін көлемімен алғанда əлдеқайда толымсыз екенін
байқауға болатын жайттар жиі кездеседі. Сөйлемнің толымдылығы да,
толымсыздығы да абсолютті емес, салыстырмалы түрде алынған ұғым
деп қарау жөн. Өйткені сөйлемге құрылымдық қана емес, коммуника-
тивтік тұрғыдан қарасақ, қарым-қатынас үстінде адам кез келген зат не
құбылыс туралы бар керегінше толық хабар, мағлұмат алуға тырысады.
Ал мұндай барынша толық хабарды бір сөйлемнің ішіне сыйғызу қиын,
тіпті, мүмкін емес. Сондықтан толымды хабар, негізінде, синтаксистік
күрделі бірлікпен, мəтінмен тиянақталады. Мысал үшін С.Шаймерде-
новтің мына бір этюдтік əңгімесін сөйлемнің толымды-толымсыздығы
жағынан талдап көрейік:
Қызылорда облысының Қармақшы ауданын аралап жүріп бір жігіт- пен кездестім. Еңгезердей, шойын қара. Көзі қып-қызыл. Мұрны бетіне мүлде батып кеткен. Ал құлағы... шынымды айтсам, бір құлағы орнымен мүлде жоқ. Ұстарамен орып тастаған секілді. Білмекке құмарлықтың үстем болғаны соншалық, жаңа ғана таныс жігіттен сұрауыма тура келді: -Ау, жігітім, бір құлағыңыз қайда? Жігіт қипақтаңқырап қалды. Ол үшін жауапты екінші біреу беріп жатыр: -Туа солай. Жұрт ду күлді. Жігіттің өзі де күлді. -Ə, бұл бір хикая ғой, - деп күмілжиді. Сірə, ұялатын сыңайы бар секілді. Кейін білдім, оқиға былай екен: Мына Шойын қара өзінің көптенгі досы Мағаумен отырып арақ
ішіпті. Шойын қара таудай да, ал Мағау болса шынашақтай-ақ. Соған қарамастан екеуі əлденеге келіспепті де жанжалдасқан. Жанжал аяғы төбелеске ұласқан. Мына Шойын қара қойсын ба, Мағауды көтеріп алып ұрған ғой. Бірақ шақар Мағау қарап жатпапты. Оңтайына келген бір сəтте Шойын қараның құлағын қыршып алып түкіріп тастапты. Істің насырға шапқанын байқаған жұрт екеуін айырып, Шойын қараға кеңес бермей ме: -Мына құлақты ал да, ауруханаға шап. Жамататын бол! Шойын қара көнер емес: -Құлақ маған айғаққа керек! Мен бұл иттің баласын түрмеге жаптырамын. Ертеңіне мастықпен бірге ашу да тарқайды. Түгендесер болса, кім кімді түрмеге жаптырады, ешкімнің көзі жетпейді. Ақыры ескі достар қайта табысып, ауруханаға барса, құлақ өліп қалған... Арақ шіркіннің арандатар жері көп-ау (С.Шаймерденов).
Осы мəтіндегі бірінші сөйлем 2, 3, 4, 5, 6 - сөйлемдерге қарағанда
толымды. Алайда 1-сөйлемнің хабарымен оқырман қанағаттанбайды: жі-
гіт қандай екен (анықтауыш анықталушыны қажет етеді), оны оқырман
кейінгі 2,3,4,5,6 - сөйлемдерден табады. Ал 5-сөйлемнен бастап тағы бір
“жұмбақ” шығады: “құлағының жоқ болу себебі”. Оның жауабы кейінгі
контексте тұтас синтаксистік күрделі бірлік түрінде берілген.
Сөйлемдердің толымды, толымсыздығын шендестіре отырып, біз “то-
лымды” сөйлемдерде, толымсыз сөйлемдерге қарағанда, синтаксистік
байланыстардың айқындылығын, мағыналық жағынан неғұрлым тия-
нақтылығын байқаймыз. Бірақ толымды сөйлем ойды түсінікті етіп жет-
кізуге əрқашан икемді бола бермейді. Мəселен, қарым-қатынас үстінде
əр сөйлемді толымды етуге тырысу көпсөзділікке, түсініксіздікке əкеп
соғар еді. Сондықтан орамды тілде толымды сөйлемнен гөрі толымсыз
сөйлем икемді болғандықтан, солар жиі қолданылады.
Сөйлем контекстен тəуелсіз тұр дегеннің өзінде, ақпараттық-семан-
тикалық жағынан толық дегеннің өзінде құрылымдық жағынан толым-
сыз болуы мүмкін. Айталық, “Бар жақсымыз - балаларға”, “Өрелі іске