Синтаксистік парадигмалар


жоқ қонақасыға келгенде қазақтар алдына жан салмайтын болса ке-



Pdf көрінісі
бет285/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

жоқ қонақасыға келгенде қазақтар алдына жан салмайтын болса ке-
рек (С.Шаймерденов).
2. Оның үстіне Серəлинде екінші бір мамандық та бар еді. Ол күніне 
он кісіге пəтер тауып бере алады, жүз кісіге шетелден келген костюм, 
пальто тауып бере алады. Поезда бір орын жоқ деп тұрғанда, Сабыр 
жиырма  кісіні  мінгізіп  жібере  алады.  Қысқартып  айтқанда,  Сабыр-
дың жалғыз өзі — адамға керек нəрсенің бəрін тауып беретін бір ком-
бинат (Ғ.Мүсірепов).
3. Ояз жиналысына Кенжеғара Игілік үйіне соға жүрді. Ескі дəстүр 
бойынша сайланған болыс ояз бастығына сыйлық апару керек пе, жоқ 
па?  Ең  алдымен,  осыны  білгісі  келді.  Екінші,  өзінің  болыс  сайланған 
тойына шақырылмаған əкеден кешірім сұрау керек болатын шығар деп 
еді (Ғ.Мүсірепов).
4.  Қарап  тұрсақ,  Аралға  төнген  қауіпті  бірінші  сезініп,  алдымен 
аттандаған қаламгерлер екен. Əрине, арнаулы ғылыми мекемелер Арал 
теңізінің құруға біржола бет алғанын білген, оған дəйектемелері де мол 
болған (“Қазақ əдебиеті”).
Сан есімдердің контекстегі синсемантикалық қызметі дегенде біз мы-
надай жайттарды байқадық. Бір контекст аясындағы алдыңғы сөйлемде 


360
361
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
заттың я құбылыстың тұтас саны көрсетіледі де, кейінгі дербес сөйлем-
дерде ол таратыла, санамалай айтылады. Осылайша олардың мəн-мазмұ-
ны бір-біріне өзара тəуелді болады. Бұндайда кейінгі сөйлемдердегі сан 
есімдер тəуелдік тұлғада қолданылады. Мысалы: 
Бір  күні  бие  ағытар  уақытта  ауылдың  сыртындағы  төбешікте 
құпия сөйлесіп үш кісі отыр еді. Оның бірі – мағлұм Сəрсенбай, екеуі 
– сол елдегі атқа мініп жүрген, ел арасы тыныш болғаннан даулы, сөзді 
болғанын артық көретін пысықшалау адамдар еді (М.Дулатов).
Ол кісінің ел ішінде үш артық қасиеті болатын. Бірі – жүзгіштігі. 
Біздің «Күздік» деген қолды ортасынан жүзіп өткен. Екіншісі – құра-
лайды көзге атқан мергендігі. (С.Шаймерденов).
Кейде алдыңғы бір сөйлемдегі көптік мəнді сөз кейінгі сөйлемде же-
келене, таратыла сан есіммен ауыстырылады. Бұнда да сан есімдер тəу-
елдік тұлғада қолданылады. Мысалы:
Амал  не,  олардың  бір  де  бірі  қолдарында  қалмады.  Бірі  күйеуінің, 
екіншісі əйелінің соңына еріп жан-жаққа тарап кетті (С.Мəмет).
Кейде  алдыңғы  сөйлемде  санауға  келетін  заттар  мен  құбылыстар
жеке-жеке  аталады  да,  кейінгі  сөйлемде  олардың  орнына  жинақтау
саны  ғана  айтылады.  Осылайша  кейінгі  сөйлемнің  семантикасы  ал-
дыңғы сөйлемдерге не іргелесіп тұрып, не алшақ тұрып тəуелді болады. 
Мысалы:
1. Күн төмен түскенде, болыс пен тілмаш келді. Екеуі де ат соғып, 
күнге күйіңкіреп келген екен (С.Сейфуллин).
2.  Бəйділданың  əкесі  Қосшығұлдан:  Кəлер,  Кəсен,  Əлен,  Əлмен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет