Əбділдə, Байділдə атты алты ұл туған. Кəсені ғана ерте өлген, өзгесі,
біз көргенде тірі, Қосшығұлдың тірі бес баласының бесеуі де өте зор денелі адамдар... Шаруасы шағын үй болғандықтан кейінгі төртеуі үнемі жалшылықта жүреді (С.Мұқанов).
3. Артында қалып, майырға ерген лаушыдай қашанғы текіректейміз. Бұл қорлықты көргенше кел, Жұмеке, біз де аттың басын қоя берейік, - деп Байтас бурыл атты ағыза жөнелді. Жұмабай да еріксіз шапты. Аздан соң Абай бұларды тосып алып, енді үшеуі бірдей ұзақ-ұзақ жа- рысуға айналды. Қорықтан шыққалы таңертеңнен бері бөгелместен тартқан үш салт атты аттарын қан сорпа қылған қалпында кешкі екінді кезінде Қолқайнардағы Құнанбай аулына, Абайдың өз шешесі Ұлжан отырған аулына кеп жетіп еді (М.Əуезов).
«Бір» сан есімі контексте өзінің есептік, сандық мағынасынан
ауытқып қолданыла беретіні белгілі, яғни лексико-семантикалық жол-
мен басқа сөз таптарына тəн топтарға ауыса алады. «Бір» сан есімінің
осындай тəсілмен сандық ұғымды да сақтай отырып ауысатын қызметі
– есімдікке тəн қызмет. Бұл сөз контексте заттық ұғымдағы бір сөзбен
(оқиға, жайт, нəрсе т.с.с.) тіркесіп белгісіздік, сілтеулік, сандық мағына-
ны бойына жинай отырып, өзі қатысып отырған сөйлемнің мағынасын
кейінгі тұрған сөйлемдерге сілтеп, тəуелді етеді. Кейінгі сөйлемдерде
осы сөйлемнің белгісіз элементі түсіндіріліп, белгіліге айналады жəне
кейінгі сөйлемнің мазмұны «бір» сандық ұғымының аясына сыйып тұра-
ды. Мұны төмендегі үзінділерден көруге болады.
1. Сөзімізді бастамастан бұрын басын ашып алар бір мəселе бар. Əуелі соған тоқталайық... Сонда еліміз қай бағытты ұстау керек: Ба- тыс бағытын ба, Шығыс бағытын ба? Біздіңше, ортасын іздеген дұрыс («Егемен Қазақстан»).
Кейде алдыңғы сан есім мен ол тіркескен сөз сол сөйлем семантика-
сы тиянақталу үшін өзінен кейін бірнеше синтаксистік күрделі бірлікті
(абзацты) талап ететіні де болады.
Сын есімдер (есімдіктен жасалғаннан басқасы) сөйлемді контекске
тəуелді, синсемантикалы ете алмайды. Іздену нəтижесінде біз сілтеулік
(дейксис) мəндегі бірді-екілі сын есімнің синсемантикалық белгі болу
қасиеті бар екенін байқадық. Олар – «аталмыш», «жаңағы», «манағы»
сияқты сын есімдер.
Еврейлер осыдан отыз ғасыр бұрын тарих сахнасына аммонит, мо-