362
363
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Бір сөйлемнің құрамында сол сөйлемнің өзінің мазмұн-мағынасының
ашылуын, ойдың тиянақталуын контекстегі басқа сөйлемдерге қатысты
ететін бірнеше синсемантикалық белгілер қапталдаса келеді жəне ол бел-
гілер əртүрлі сөз табынан болуы əбден мүмкін. Бұндай жайт қазақ тілі
мəтіндерінде жиі кездесіп отырады. Мысалдар:
Сөз жазатын адам əрі жазушы, əрі сыншы боларға керек. Сөздің
шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды,
дəмді болуына сыншылық керек; мағыналы, маңызды болуына білім ке-
рек. Абайда осы үшеуі де болған (А.Байтұрсынұлы).
Бұл мысалдағы асты сызылған сөйлемде үш синсемантикалық көр-
сеткіш қапталдаса келген:
осы (сілтеу есімдігі),
үшеуі (сан есім, тəуел-
дік, жалғаулы сөз) жəне
де (демеулік шылау).
Островский шындықты сүйген адам. Сондықтан оның барлық
шығармалары шындыққа арналады. Оның жазған пьесалары сол кездегі
қараңғылық басқан Ресейдің күңгірт өмірін суреттеді. Патшалы Ресей-
дің зұлымдығын əшкерелеп жазды. Оның шығармалары тараған жерге
қоғам мүшелерінің сезімі оянып үкімет орындары мен көпшіліктің ара-
сында келісімсіз қайшылықтар туа бастады. Əрине, ондай пьеса чинов-
никтер үшін керегі жоқ (Б.Бұлқышев).
Бұл бірліктер синсемантикалық көрсеткіштер араласа келген екі сөй-
лем бар (асты сызылды): оның алғашқысында «сондықтан» жалғаулық
шылауы мен «ол» есімдігі болса, кейінгісінде «əрине» қыстырма сөзі мен
«ол» есімдігі сөйлемді тиянақсыз етіп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: