...Тілдерін шығаруын бұлардың! (М.Ə.) Осындағы генитивтер семан-
тикалық жағынан субъект пен оның іс-əрекетін білдіретін Əскер кетіп қалды; Мен саған сенбеймін; Бұлар тілдерін шығарды деген екіқұрамды
сөйлемдермен пара-пар. Енді осыларды интонация жағынан салыстыр-
сақ, генитивтердің ерекше сазбен, екпінмен айтылатынын көреміз, мы-
салы: Əттең, əскер кетіп қалды! - Əттең,əскердің кетіп қалғаны-ай! құрылымдарын интонация жағынан алып қарасақ, одағайдың барына қа-
рамастан, біріншісіндегі интонация солғындау.
2) Ойпыр-ай, желісінің қаттысы-ай! (М.Ə.); Даланың əдемілі- гін-ай! Тілінің ащысын-ай! Мінезінің жаманын! («Жұлдыз»). Бұл қа-
тардағы генитив сөйлемдерден трансформациялаудың негізінде субъект
пен оның сапасын білдіретін «Желісі қатты», «Дала əдемі», «Тілі ащы», «Мінезі жаман» деген екіқұрамды құрылымдар туады. Генитивтегі тəу-
елденіп тұрған сын есімдер субстантивтелген. Генитив құрылымдар мен
екіқұрамды сөйлемдерді салыстырсақ, біріншісінде логикалық екпін ба-
сым, сөйлеушінің айтылған дерекке байланысты эмоциясы айқын сезіліп
тұр.