Махмұт! Өй, Махмұт! - деп, өзіне тəн ширақ қимылмен лып етіп, Сұл-
танмахмұтты алдынан орап құшақтай алып еді (Д.Ə.). («Əрі қарата айт-
пай-ақ қойшы!» мағынасында).
Сонымен, вокативті сөйлем дегеніміз – ерекше шақыру дауыс ырғағымен айтылып, сөйлеушінің əртүрлі көңіл-күйін, сезімін білдіру үшін қолданылатын, грамматикалық жақтан не бастауышқа, не ба- яндауышқа жіктеле алмайтын мүшеленбейтін сөйлем. Вокативті сөйлемдердің басты белгілері:
а) вокативті сөйлемдердің тірек сөзі ретінде кісі есімдері жəне кісі- ге қатысты жалпы есімдер қолданылады; ə) тірек сөздің бойында бірнеше мағыналар тоғысып, синкретизм құ- былысы пайда болады; б) ерекше интонациямен айтылады; в) құрамы жағынан көбінесе бір сөзді (қайталанып та қолданылуы мүмкін); г) контекске, жағдаятқа бағынышты, яғни олар – жағдаятпен, кон- текспен шарттастырылған сөйлемдер; ғ) ең бастысы – сөйлем мүшесіне ажыратыла алмайды. Вокативті мүшеленбейтін сөйлемдердің нақты семантикасы көбінесе
жағдаятты.