4.5 Мəтін құрастыратын бөліктердің функционалдық-коммуника- тивтік сипаттары Синтаксистік күрделі бірліктер коммуниканттардың сипатына қарай
үш түрге бөлінеді: монологтық бірлік, диалогтық бірлік, төл сөзді (ортақ
төл сөзді) бірлік.
Монолог – белсенді сөйлеу қызметінің нəтижесінде тікелей қабылдауға
арналған сөйлеу түрі. Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола
бермей жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда (ауызша жəне жазбаша)
негізгі ерекшелігі бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Моно-
логтың өзіне тəн байымдау, синтаксистік құрылым лексикалық бірліктерді
(единицаларды) таңдап жұмсау біршама жинақы пікір сияқты өзгешелік-
тері болады. Бұл аталған белгілердің сөйлеу немесе жазу жанрларына бай-
ланысты (көркем монолог, шешендік сөз, тұрмыстағы əңгіме т.б.), функцио-
налдық-коммуникативтік қызметіне қарай (сипаттау, баяндау, əңгімелеу,
сендіру т.б.) түрлі монологтар көрініс береді. Жанрішілік айырмашылықтар
(автор сөзі, кейіпкерлер тілі, баяндама, үгіт-насихат мақсатындағы сөз т.б.)
монологтың стилистикалық ерекшеліктерін танытады. [5, 279 б.] Мысалы,
мына бірлікте монологтық сипат айқын көрінеді:
Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның ата- сы. Атадан алған мирасымыздың жайы мағлұм, балаға бұл қалыпта тұрып не мирас қалдырмақпыз, оны болжауға да артық əулиелік қажет емес. Көп жұртта ғылым, өнер кем, бəрі қарайлас, тең заманда қазақ та қалт-құлт етіп, өз алдына хан болып жүрді. Хандары да, халқы да, ғылым, өнерді керек қылмаған. Бір-бірімен жауласып, басқа берекелі жұмыс ойланбаған. Өзге жұрттар ілгері басқанда, қазақ кері басқан. Ханы надан, халқы надан жұрт мықты мемлекеттің жанында өз ал- дына хан болып тұруға көп күш керек екен, ол күш алты бақан ала ауыз қазақта болмаған. Хан басын қарашаға теңгеру жеңіл болмаса да, өз ал- дына жұрт болып тұра алмайтұғын болған соң, хандарымыз халқыме- нен Россияға қосылған (А.Байтұрсынов). Монологтық жағдайда контекстік ықпал бірліктің тұтас мазмұнынан
шығып жатса, диалогтық сөйлеуде контекстік ықпал репликаларының
арақатынасынан келіп шығады, өйткені диалог, негізінен, ауызекі сөйлеу
синтаксисінің бірлігі. Осыған байланысты диалогтық бірліктердің мына
тəріздес ерекшеліктері болады:
– сөйлеуден тыс, сөйлеуді қостаушы ым-қимылдардың ишара-тұспал-
дардың қолдануы;
– айтылыстардың, əсіресе, сұрақ-жауап түріндегі диалогтарда, қысқа,
ықшам болатындығы;
– иннотация, просодикалық өзгешеліктер;
– репликаға немесе сөйлеу ситуациясына байланысты толымсыз сөй-
лемдердің алуан түрлі өзгешеліктерімен қолданылуы;
– басым көпшілік жағдайда жай сөйлемдердің қолданылуы;
– жазба тіл нормаларынан тыс сөйлем қолданыстары;
– алдын-ала даярланбаған сөйлеу ретіндегі синтаксистік нормалар-
дың бұзылуы т.с.с. Мысалы:
1) Мені кеше орденге ұсынып едіңіз ғой? – деді Долгушев салмақты жүзін бұған жартылай бұрып. 2) Иə, ал?... 3) Полковник Сидлер бекітпепті. 4) Қойшы? 5) Қоятын түгі де жоқ. Жаңа Тайновқа соғып, өз көзіммен көріп шықтым. 6) Не дейді? Сонда ... сонда қалай болғаны... – деп Бобров иығына су кеткендей, алақанын жайып, дал болып отырды да, кенет Долгушевке жалт қарады. - Неге бекітпейді? 7) Тылдың жұмысы нашар, жанармайды нормасынан артық жаққан көрінеді дейді. Онысы – бос сөз. Ілгіш ол емес. Комбригтің құлағына сы- бырлап қойған адам бар. 8) Ол кім? 9) Өз ішімізде. 10) Айтшы маған! Кім де болса оның мойнын бұрап, жұлып алайын. 11) Бізден гөрі олардың мойны беріктеу. Қайта, біз олардан өз мой-