442
443
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
ІІ бөлім. Коммуникативтік парадигмалар
Бұл бірлікте əр компонент қимыл-əрекет дамуының бір кезеңі екені
көрініп тұр. Сөйлемдердің баяндауыштары жедел өткен шақта тұр, осы
арқылы бірліктегі қимыл-əрекет динамикалылығы сипатталып тұрғаны
көрініп тұр. Құрастырушы сыңарлар бір-бірімен əрекеттердің бірізділік
санамалылығы тəрізді мағыналық байланыста. Бірлік параллелизм
арқылы өрілген (баяндауыштары бір жақта, бір шақта). Соңғы сөйлемнің
бұл бірлікті аяқтап, келесі эпизодқа жол ашып тұрғаны мəтін мазмұ-
нынан байқалады.
Орамды тілде (связная речь) суреттеу немесе баяндау мəніндегі бір-
ліктер «таза» күйінде ұшыраса бермейді, көбінесе бір бірліктің ішінде
суреттеу мен баяндау араласып отырады. Мысалы, мына бірлікте:
Бұлар осылай біресе сынаса сөйлесіп, біресе қалжыңдаса отырып
Игіліктің үйіне жетіп қалды. /1/. Биік қақпа ашыла берді /2/. Пəуеске
бір биік үйдің баспалдағына таяй келіп тоқтады /3/. Барлық қораға қа-
раған он шақты терезеден жарқыраған шамдар ... /4/. Кең баспалдақпен
көтеріліп кіретін ағаш үй, бəрі де еріксіз қошемет-құрмет көрсетуді
тілеп тұр /5/ (Ғ.Мүсірепов).
Алғашқы үш сөйлем баяндау (баяндауыштары қозғалыс етістіктері-
нен жасалған), одан кейінгілері суреттеу мəнді бірліктерге тəн. Төртінші
компоненттен бастап динамикалық баяндау статикалық суреттеуге кө-
шеді.
Ой қорыту мəніндегі, дəлелдеу сипатты синтаксистік күрделі бірлік-
тер, əдетте, үш бөліктен тұрады: тезис (тақырып, бастау, кілт), дəлелдеу
(негізгі бөлік) жəне қорытынды. Бұл сияқты бірліктер ғылыми стильге
тəн, сирек те болса көркем əдебиетте ұшырасып отырады.
Ғылыми əдебиеттен мысал:
Тілдегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тəсілдердің қол-
данылу принциптерін ретке келтіретін лингвистикалық стилистика-
ның қарастыратын мəселелері көп (Бұл – тақырыпты ашып тұрған те-
зис. – Ж.Ж.)
Мəселен, фонетикалық стилистика тілдегі дыбыстардың
жүйеленуін, жасалуын зерттемейді, ол дыбыстарға тəн дауыс құ-
былысын, қайталауды, дыбыстардың үйлесімділігі сияқты дыбыстық
ерекшеліктерді белгілі мақсатта мəнерлі құрал ретінде пайдалануды
қарастырады. Ойды мəнерлі жеткізуде синтаксистік тəсілдердің де
маңызы ерекше, өйткені сөйлемдердің айтылуына, қолданылу ыңғайы-
на қарай толып жатқан мағыналық бояулар, реңктер аңғарылады. Осы
сияқты семасиологиялық, морфологиялық стилистиканың да өзіндік то-
лып жатқан ерекшеліктері бар (Бұл –дəлелдеуге арналған негізгі бөлік.
– Ж.Ж.).
Стилистиканың осындай қырларының кейбір келелі мəселелерін
ескерген жөн (Бұл – қорытынды бөлік) (Ф.Мұсабекова).
Көркем əдебиеттен мысал:
...қонақ сыйлау – жеке адамның кісілік қасиетінің қандай екенін ғана
көрсетіп қоймайды. Сонымен бірге ұлттық психологияны да анықтай-
тын құбылыс. Бір елде ерлік деп саналатын оқиға – екінші елде күнделік-
ті тіршілікте аяқ басқан сайын кездесе беретін жай нəрсе. Бір елде
ерлік деп саналатын істің екінші елде ұят саналмайтынын байқауға бо-
лады. Əр халықтың дүниетанымы əрқилы. Əйтпесе жан-құты қалмай
жүрген мадияр жазушысын сараң дей алмайсың.
Асылы, есебі жоқ қонақасыға келгенде қазақтар алдына жан салмай-
тын болса керек (С.Шаймерденов).
Бұл бірліктегі алғашқы сөйлем негізгі бөлікке тақырып ашып тұр (те-
зис), 3; 4; 5; 6-сөйлемдер өзінен бұрынғы сөйлемдерде айтылған ойды
нығайтып, пікірді дəлелдеп тұрса (дəлелдеу), соңғы сөйлем бірліктегі ой
ағымына қорытынды жасап тұр.
Ой қорыту мəніндегі синтаксистік күрделі бірліктерді аталған үш ке-
зеңнің бəрі бірдей болуы міндетті емес. Мысалы, төмендегі мына бірлік-
те қорытушы бөліктің қатыспай тұрғанын байқауға болады (Кенжеғара-
ның мақсаты орындалды ма, жоқ па – белгісіз) :
Ояз жиналысына Кенжеғара Игілік үйіне соға жүрді. Ескі дəстүр
бойынша сайланған болыс ояз бастығына сыйлық апару керек пе, жоқ
па? Ең алдымен, осыны білгісі келді. Екінші, өзінің болыс сайланған то-
йына шақырылмаған əкеден кешірім сұрау керек болатын шығар деп еді
(Ғ.Мүсірепов).
Сөйтіп, синтаксистік күрделі бірліктер функционалдық мақсатына
қарай құрамындағы сөйлемдердің мəн-мазмұнына, құрылымына кон-
текстік ықпал етіп отыратынын байқадық.
А.Байтұрсынұлының мəтіндерді жіктеуі де, бүгінгі тұрғыдан алған-
да, əдебиеттанушылық емес, тілтанушылық тұрғыдан қарастырылған
[8]. Мұны бүгінгі мəтінтану айналымына енгізу арнайы жұмыстың ен-
шісінде.
Достарыңызбен бөлісу: