Сан есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Сан есімдердің ішін-
де бастауыш қызметінде жұмсалуға ыңғайы барлары есептік, реттік, жи-
нақтық сан есімдер. Мұндай сан есімдер ықшамдап сөйлеу кезінде өздері
қатысты зат есімдерді түсіріп, бастауыш қызметінде жұмсалады. Есептік
сан есімдер бастауыш қызметінде заттық мағынада, жас деген мағынада
жұмсалады. Мысалы: Жиырма бес маған тағы қайтып келді, сəлемін ал- тын күннің айтып келді (Жамбыл).
Жинақтық, реттік сан есімдер бастауыш қызметінде көбінесе кісі ту-
ралы айтылған есімдер болады. Мысалы: Оқып жүргенде екеуміз сыр- ласушы едік (Б.Момышұлы). Үшеуі келгелі айдан асты (Ғ.Мұстафин). Екеуіңіз бір жерден шықтыңыз (Х.Есенжанов).