Баяндауыштың жасалу жолдары. Баяндауыш қызметінде барлық
сөз таптары жұмсала береді. Дегенмен семантикасы жағынан осы қыз-
метке бейім сөз табы – етістік. Етістік дара күйде, күрделі болып та,
аналитикалық етістік болып та баяндауыш қызметін атқарады.
Баяндауыш мүше предикативтілікті білдіретін болғандықтан, ол
қай сөз табынан жасалса да, шақтық мағынаны білдіруге тиіс. Өйткені
шақтық мағына айтылатын оқиғаның болмысқа қатысын анықтайтын бас-
ты компонент. Осылай болғандықтан есім сөздер баяндауыш қызметін-
де жұмсалғанда, шақтық мағына арнаулы синтаксистік амалдар арқылы
үстеліп, дербес баяндауыштық формалар құралады: Ол – техник. Ол