Синтаксистік парадигмалар


техник еді. Ол техник болады



Pdf көрінісі
бет70/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

техник еді. Ол техник болады.
1. Етістіктің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Етістіктің дара, күр-
делі,  аналитикалық  түрі  де 1-, 2-жақтық  жалғауында,  үшінші  жақтағы 
жіктік жалғауының нөлдік тұлғасында баяндауыш қызметінде жұмсала-
ды. 
Дара етістік баяндауыш: Күн бесінде Теріс өзенінен өттік (Ш.Мұр-
таза). Кербұғы тұралап ұзақ жатты (О.Бөкеев). Ол алды-артына қара-
май безді (Д.Досжан). 
Аналитикалық  етістікті  баяндауыш:  Жөтелгісі  келгендей  түйіліп-
түйіліп, денесі селк-селк етіп, бір уақытта дауыстап жылап жіберді 
(Ш.Мұртаза). Зерен үйіндегі ұрттам ақты шайқап, ыдысын қызықтап, 
ойланып отырып қалдым (Д.Досжан). 
2. Зат есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. 
Дара зат есім баяндауыш: Аянның бар байлығы – кітап. Тəттімбеттің 
көкейін кесетін дауасыз арманы – Сарыжайлау (Т.Əлімқұлов). Жас өскін-
ге иесінің жанында жүргені – медет, кетпен дыбысы – қуат (Д.Досжан). 
Күрделі зат есім баяндауыш: Əлімбектің жалғыз байлығы – ер-тоқы-
мы  (Ш.Мұртаза).  Топырақтағы  артық  тұз – талдың  соры,  ағаштың 
тамырын қиып сарғайтып жібереді (Д.Досжан). Ақанның қабырғасын 
қаусатып кеткен – Батыраштың озбырлығы (Т. Əлімқұлов). 
3. Сын есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Маңай көзге түрт-
се  көргісіз  қараңғы  (Д.Досжан).  Сəуле  мол  түскен  шағын  бөлменің  іші 
жарық  (Т.Əлімқұлов).  Кешегі  шілде  қайтып  оралғандай,  шуақ  мол 
(Т.Əлімқұлов). – Сен  бар  ғой,  сен  барып  тұрған  қусың!  (Д.Исабеков). 
Мен мəдениетсізбін, өйткені айдайтыным трактор (Д.Исабеков). 


82
83
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
4. Сан есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Жолаушы екеу екен 
(Т.Əлімқұлов). Тінəнің ағаш үйі сегіз бөлме (Т.Əлімқұлов). Олар бір пала-
тада бесеу (Д.Исабеков). Жəдігердің облыстық ауруханада жатқанына, 
міне, бес ай болды (Д.Исабеков). 
5.  Есімдіктің  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуы:  Мөшеке  бұлақ  ба-
сында бұйығып отырған төрт-бес қораш үй мынау (Т.Əлімқұлов). Ана 
жылы Керімбердінің тойында қолыңызға су құйып қызмет қылған бала 
– мен. Ал, жүріс сіздікі (Д.Исабеков).
6.  Үстеудің  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуы:  Тінəнің  қыстаудағы 
ауылы бірталай жер (Т.Əлімқұлов). Наданның жарлы болуы бір сəтте 
(Қабуснамеден). Қалмақтар тым жақын, қашпаса болмайды (О.Бөкей). 
7.  Еліктеуіштің  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуы:  Айнала  құлаққа 
ұрған танадай тым-тырыс (Д.Исабеков). Кеше ғана алып таудың қа-
сат қарын бұған бұздырып, өздері соңынан еретін дос-жаран бұғылар 
да  зым-зия  (О.Бөкей).  Дастархан  жиегіне  тізе  бүккен  жылқышының 
түрі əлем-жəлем (Д.Досжан). 
8. Модаль сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: Толағай баста 
ми болмаса екі аяққа зор түседі деген тегі рас екен (О.Бөкей). Түбі бізге 
сүйексіз қызыл тілден гөрі, ырзықты іс керек-ау (О.Бөкей). Дүйсенбінің 
үш жасында құла түзде ұмытылып қалғаны рас (Д.Досжан). Жұрт сен-
бейтін шындықты айтпағаның жөн (Қабуснамеден). 
9. Тұрақты тіркестердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: Шал үнде-
меген соң, біз де тіл қышытпадық. Мен еститінмін: Осы Сарқынды шал 
өзінің бір ғасырлық ғұмырында тышқан мұрнын қанатпаған екен. Сенің 
маған  туыс  екеніңді  ішім  сезетін.  Неге  екенін  білмеймін,  осы  кісінің 
мысы басады да тұрады (О.Бөкей)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет