Баяндауыштық тұлға. Баяндауыштық тұлға туралы Н.Сауранбаев,
С.Аманжолов, М.Балақаев еңбектерінде сөз болады. Н.Сауранбаев баян-
дауыштық тұлға ретіндегі сөздердің жіктік, тəуелдік жалғауымен -ныкі, -нікі қосымшаларымен, көптік жалғауымен келетіндігін атап көрсетсе,
С.Аманжолов тек атау септігіндегі сөздер мен жіктік жалғаулы сөздерді
ғана көрсетеді. Ал М.Балақаев баяндауыштарды екі топқа жатқызады:
сөздердің түбір күйіндегі баяндауыш жəне сөздердің грамматикалық
тұлғалары арқылы жасалатын баяндауыштар [29, 101 б.]. Сөйлемнің
тұрлаулы мүшелері жайлы арнайы оқу құралын жазған Т.Сайрамбаев
баяндауышты осы қызметте жұмсалып тұрған сөз табының тұлғасына
қарай қарастырады да, жіктік жалғауы ең негізгі баяндауыштық тұлға, ол
етістікке де, есім сөзге де қатысты болады, - дейді. Т.Сайрамбаев осы ең-
бегінде етістіктер баяндауыштық қызметте түбір күйінде де, түрлі жұр-
нақ, жалғаулармен жəне көмекші сөздердің қатысуымен де жұмсалады
дей келе, етістіктердің түбір күйінде баяндауыш болуы көбіне екінші жақ
баяндауыштарға қатысты деген пікір айтады [32, 100-105 бб.].
И.Е.Мамановтың «Түркі тілдерінде түбір етістіктер ешқашан басқа
сөздермен тіркеске енбейді де, сол күйінде дербес сөйлем мүшесі бола
алмайды» [35, 497 б.] деген пікіріне сүйенсек, жоғарыдағы ғалымдар
(М.Балақаев, Т.Сайрамбаев) айтқан етістік түбір күйінде баяндауыш бола
ма деген сұрақ туындайды.
Етістік баяндауыштың тұлғалары: 1. Жіктік жалғаулы етістік баяндауыштар:
Мен үнсіз арқамдағы қапшығымды шештім де, ананың көрсеткен полкасына қойдым. Апаңды сағынып, бір күні түнделетіп тайып тұрмайсың ба? Түс ауа бригадир мені атқа мінгестіріп алды да, жұмыс жаққа қарай алып жүрді. 2. Нөлдік тұлғалы етістік баяндауыштар:
Мұңайып қайтесің, ойна, күл, міне дала, міне трактор, мін де жер жырт. Ал, оталдыр да жүргіз! Тракторды оталдырдым да, үстіне қарғып міндім. Анау əлгі орнында қозғалмастан тұр (Д.Исабеков). Бірінші сөйлемдегі бірыңғай баяндауыштар бұйрық райдың екінші
жағының нөлдік тұлғасында тұрса, екінші сөйлемдегі бірыңғай баян-
дауыштар өзгелік етіс формасындағы бұйрық райдың екінші жағында
нөлдік тұлғада, ал соңғы сөйлем баяндауышы ашық райлы етістіктің
осы шақтағы үшінші жағының нөлдік тұлғасында тұр. Бұл сөйлемдегі
етістік баяндауыштардың сыртқы тұлғасы түбірмен ұқсас, яғни жалғау-
сыз. Бірақ, бұл баяндауыштарда жіктік жалғаудың көрсеткіші жоқ болға-
нымен, қай жаққа арналып айтылып тұрғаны белгілі. Демек, етістіктер
түбір күйінде баяндауыш бола алмайды, бұйрықты сөйлем екінші жақта
айтылса, осы шақтағы үшінші жақта құралған сөйлемде етістік баянда-
уыштар нөлдік тұлғада жұмсалады.
Есім баяндауыштардың тұлғалары:
-Жіктік жалғаулы есім баяндауыштар: Мына жігіт – Шауқар. Мен Шорақазымын. Қаракесек Рақымбердінің баласымыз. Сіз Ақан ағасыз ғой? (Т.Əлімқұлов)
Бірінші сөйлемнің баяндауышы 3 жақтағы жіктік жалғаудың нөлдік
тұлғасында, екінші, үшінші сөйлемдердің баяндауышы жіктік жалғауы-
ның бірінші жағында, соңғы сөйлем баяндауышы жіктік жалғаудың екін-
ші жағында жасалған.
- Септік жалғаулы есім баяндауыштар: Ақан аға сол тойда сіз шыр- қаған «Көкжендет» əлі құлағымда. Сол жолы Нұртаза болыстың ит терісін басына қаптағаныңыз əлі есімде. – Шырағым, Шорақазы! Менің үмітім алда, уанышым артта. Тəттімбет сол жылы отыз тоғызда еді, биыл қырықтың төртеуінде (Т.Əлімқұлов).
Септік жалғауларының ішінде баяндауыш тұлғасын жасап предикат-
тылыққа ие болатыны – жатыс септігі. Есім сөздердің үш түрі де (зат
84
85
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар есім, сын есім, сан есім), есімдік, көмекші есім де жатыс септігінде
тұрып, баяндауыш қызметінде жұмсалады.
-Тəуелдік жалғаулы жəне иелік формалы есім баяндауыштар: Апам Алтайдың арғы бетіндегі Керей елінің қызы. Шынымды айтсам, біз- ді, тіпті бізді ғана емес, ертеректе əкемізді, оның іні-қарындастарын асыраған – Апамның теректен ойып жасалған келісі мен ескі астауы. Жалғыз үйлі шалдың өмір тарихы жеке бір кітаптың жүгі (О.Бөкей).
– Ал жүрдім. Енді кезек сенікі. – Ой, лағып кеттіңіз. Ендігі жүріс біздікі (Д.Исабеков). Анау шудалана көтерілген түтін Қаршығанікі, - деді əкем қамшысын кезеп, - шешесі, жүзге келген атасы – үшеуі бірге тұрады (О.Бөкей).
Сонымен, етістіктер түбір күйінде сөйлем мүшесі бола алмайды,
жіктік жалғауында немесе жіктік жалғауының нөлдік тұлғасында баян-
дауыш қызметінде жұмсалады. Есім сөздер де жіктік жалғауында келіп
баяндауыш қызметінде жұмсалады. Есім сөздер тəуелдік жалғауында
немесе -нікі, -дікі иелік формасында келіп те баяндауыш болады. Есім
баяндауыштардың тағы бір ерекшелігі – жатыс септігінде келіп те пікірді
тиянақты етіп, баяндауыш қызметінде жұмсалады.