Синтаксистік парадигмалар



Pdf көрінісі
бет83/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   374
Байланысты:
Paradigma2015-1

Жанама толықтауыш – сөйлемдегі салт немесе сабақты етістіктер-
мен барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тіркесіп, баяндауыш 
арқылы айтылған əрекеттің не сапаның жанама нысаны қызметінде жұм-
салатын сөз немесе сөз тіркесі. 
Жанама толықтауыштар əртүрлі септік жалғауында əртүрлі тіркестер 
құрамында айтылатындықтан, олардың мағыналары да əр алуан болады. 
Барыс  септігіндегі  жанама  толықтауыштар  қимыл  процесінің  кімге, 
неге  арналғанын  білдіреді.  Мысалы:  Түс  ауа  бригадир  мені  атқа  мін-
гестіріп  алды  да,  жұмыс  жаққа  қарай  алып  жүрді.  Бүгін  сенің  ке-
летініңді Шойынқұлаққа айтқанмын. Трактор айдауға шамаң келе ме? 
Оның қол бұлғағанына қарамай, жанынан өте шықтым. – Алданыш, сен 
мұны ешкімге айтпашы, - деп жалындым (Д.Исабеков). 
Жатыс септігіндегі жанама толықтауыштар кімде? неде? сұрақтарына 
жауап беріп, қимылдың не басқа сапаның оған тəндігін білдіреді. Мыса-
лы: - Ақымақ, сені сағындым ғой мен, - деді ол басымнан еркелете сипап. 
Оның бұл даусында өзін-өзі ұстай алмағандықтан туған өксу ме, діріл 
ме, сол сияқты бір өзгеріс бар еді. Адамда осындай мінез бен махаббат 
та кездесе береді екен-ау! (Д.Исабеков).
Шығыс септігіндегі жанама толықтауыштар кімнен? неден? сұрақта-
рына жауап беріп, қимыл процесінің заттық арнасын, неден бастау алаты-
нын білдіреді. Мысалы: Мен анамнан сендей кезімде ажырағанмын. Еш-
кімнен кем болған жоқпын, біреуге əке, енді біреуге жездемін. Ол менің 
мезгілсіз  келуімнен  бір  жылы  хабар  күтіп,  трактордан  секіріп  түсті. 
Үйреніп қалған құлақтан алыста келе жатқан трактордың гүріліндей 
бір сарын ызылдап кетер емес (Д.Исабеков). 
Көмектес  септігіндегі  жанама  толықтауыштар  кіммен?  немен? 
сұрақтарына жауап беріп, бірнеше мағынада жұмсалады.


94
95
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
1. Бірлестік пен ортақтастық мағынасын білдіреді. Мысалы: Ол трак-
торын тоқтатып, қарғып түсті де, менімен нақ бір төбелесетін кісі-
дей, қимылсыз тұрып қалды. Осындағы бір жұмыс істейтін адамдар-
дың бəрімен танысып алдым. – Жақсы, жақсы, Шойынқұлақпен бірге 
істейтін боласың (Д.Исабеков). 
2.  Құралдық  мағынада  жұмсалады.  Мысалы:  Тілеуғабыл  Шо-
йынқұлақтың  айдап  кеткен  жерін  қамшысының  сабымен  əрі-бері  өл-
шепті. Шойынқұлақ оны ерге теріс қаратып отырғызып, шылбырмен 
əбден  шандиды.  Ол  қалта  фонарымен  жарық  қылып  отырды  да,  мен 
қағазды канистрдің үстіне қойып жаза бастадым (Д.Исабеков). 
3.  Материалдық,  заттық  мағынада  жұмсалады.  Мысалы:  Алақаным-
мен сипап көріп едім, маңдайым ашып сала берді. Қос басына бір май 
тасыған  машинамен  келіп  түскенімде  күн  дəл  түстікке  тірелген  еді. 
Елжіреген ғашық жігіттің жүрек сезімін қағаз бетіне түсіріп болып, 
хат соңын екі шумақ өлеңмен бітірдім (Д.Исабеков). 
Барыс,  жатыс,  шығыс,  көмектес  септігіндегі  сөздер  сөйлемде  əр 
уақытта толықтауыш бола бермейді. Олар сөйлемде пысықтауыш, кейде 
баяндауыш қызметінде жұмсалады. Осы септіктегі сөздердің сөйлемдегі 
қызметін анықтау үшін оның тіркескен сөзімен грамматикалық қатына-
сына, сөйлемдегі орын тəртібіне, басыңқымен байланысу тəсіліне де на-
зар аудару керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет