Пысықтауыштың түрлері жəне жасалу жолдары. Пысықтауыштар
білдіретін мағыналарына қарай 6 түрге бөлінеді: 1) мезгіл пысықтауыш;
2) мекен пысықтауыш; 3) мақсат пысықтауыш; 4) себеп пысықтауыш;
5) амал пысықтауыш; 6) мөлшер пысықтауыш [34, 657-660 бб.].
Мезгіл пысықтауыш жəне оның жасалу жолдары (қашан?):
1. Мезгіл үстеулерден жасалады: Ерғабыл азанда тұрып алады да, шашы желбең-желбең етіп, əлгі машинасымен əлек боп жатады. Кейде екі-үш күн бойы зым-зия хабарсыз кететінін қайтерсің. Міне, бүгін бей- мезгіл уақытта кіріп келді (Д.Исабеков). 2. Мезгіл мəнді зат есімдерден жасалады. Ерғабыл, осындай қақаған қыста матасекл мініп, жау қуды ма сендерді? Биыл көктемде, жан аман болса, Ерғабылыңыз жиырма екіге толады екен. Қыздары бір күн түнде жоқ болып, орнын сипалатып кетті (Д.Исабеков). 3. Есім сөздер мен есімше тіркесіп жатыс септігі тұлғасында
пысықтауыш қызметінде жұмсалады: Ерғабыл даладан келгенде кəрі адамның жанын жадыратып, мейірін қандырып ашық жарқын бір сөйлемейді. Сөйтіп, арада бір апта өткенде Ерғабылдың үйлену тойы болды. Байғұс ана Нəзираның жат босағаға кеткенін жұрт аузынан естігенде қызының көйлегін көкірегіне басып ұзақ жылады (Д.Исабе-
ков). 4. Шақтық мағынадағы зат есімдер атау күйінде, не түрлі қосымшалар
жалғанып, алдындағы сілтеу есімдіктерімен (бір, əуелгі, соңы, сол) күр-
делі мезгіл пысықтауыш болады: Осы кезде ауызғы үйден кішкене қыз бен тағы бір əйел кіріп, қонақтардың киімін ала бастады. Бала алдында əкенің де айтарға сөз таппай қиналатынын Қарекең осы сəтте ғана сезген сияқты. Сол уақытта іштен шыр етіп жылаған нəрестенің да- уысы естілді (Д.Исабеков). 5. Септеулі кейде атау тұлғалы есімдер кейін, соң, дейін, бері, бойы
көмекші сөздерімен тіркесіп күрделі пысықтауыш болады: Біраздан соң ол құдасының шылбырынан ұстап тоқтатты. Əлден уақыттан кейін шығарып салушылар қоштасып кейін қайтты. Қарекең осы өміріне күн сайын мың шүкіршілік келтіреді. Келгелі бері бақылап отыр, құдасы жа- ман кісі көрінбейді (Д.Исабеков).