Айқындауыш. Айқындауышқа тəн белгілер Сөйлемнің грамматикалық құрылымында зат есімнен жасалған кез
келген мүшені мағыналық жағынан нақтылай, айқындай кіретін сөзді не-
месе сөз тіркесін айқындауыш дейміз.
Сөйлемнің құрылымдық-семантикалық компоненті ретіндегі айқын-
дауышқа тəн белгілер:
1) зат есімнен жасалады;
2) айқындайтын сөзінен кейін орналасады;
3) айқындайтын сөзімен сөз тіркесін құрамайды, оны мағыналық
жағынан нақтылайды;
4) сөйлемдегі қызметі нақты емес, өзі айқындап тұрған сөзбен тұлға-
лас келіп, сол мүшенің қызметін бірге атқарады;
5) сөйлемнің «тема» жəне «рема» бөлігінде кездеседі.
Айқындауыштар құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1) қосалқы ай-
қындауыш; 2) қосарлы айқындауыш; 3) оңашаланған айқындауыш.