Синтаксистік санаттар иерархиялық тұрғыда: сөз тіркестері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, мәнмәтін, мәтін атты парадигмалық қатарда қарастырылады
2. Синтаксистік санаттар иерархиялық тұрғыда: сөз тіркестері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, мәнмәтін, мәтін атты парадигмалық қатарда қарастырылады.
2. Синтаксистік санаттар иерархиялық тұрғыда: сөз тіркестері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, мәнмәтін, мәтін атты парадигмалық қатарда қарастырылады.
Ең бірінші, синтаксистің зерттеу нысаны болу үшін қандай шарттардың болу керектігін анықтауымыз керек. Оларды коммуникативтік дербестігі бар және коммуникативтік дербестігі жоқ құрылымдар деп қарастырамыз. Екеуіне ортақ талап, олардың белгілі бір грамматикалық қатынастарға құрылуы шарт. Екі тілдік бірліктің арасындағы байланыс грамматикалық-абстрактылы байланыс - грамматикалық мағынаға негізделуі қажет. Осы шартқа сәйкес келетін ең кіші коммуникативтік дербестігі жоқ синтаксистік бірлік ол - сөз тіркестері.
Сөз тіркестерінен туындайтын мағына алуан түрлі: олар адамның өзара түрлі қатынасын, табиғаттағы заттардың, құбылыс процестердің арасындағы байланыстарды, адам еңбегіндегі түрлі қатынастарды, процестерді білдіреді.
Салаласа байланысқан сөз тіркестерінде екі компонент мағына, қызмет жағынан теңдес келеді, грамматикалық тұлғасы жағынан бір ыңғайлас болады.
салаласа байланысқан сөз тіркестері
5. Салаласа байланысқан тіркестер бір-біріне мағына, қызметі жағынан бағынышты емес, екі компонент теңдік қатынасқа құрылады және грамматикалық тұлғасы жағынан бірыңғайлас болады.
Бірінші мысал: Студент кітапты ұқыптап, зейінмен оқыды. Бұл мысалдан ұқыптап оқыды, зейінмен оқыды деген тілдік бірліктер тең дәрежеде салаласа байланысқан. Олар бірін бірі синтаксистік тұрғыдан анықтап, пысықтап, толықтап тұрған жоқ. Бұлардың арасынан туындайтын грамматикалық мағына: ыңғайластық. Байланыстырып тұрған амал: орын тәртібі. Сонымен қатар жалғаулықтар сөйлеушінің талабына сай шылауды да қатыстырып құрам алады: ұқыптап және зейін қойып оқыды.