Сабақтас құрылған сөз тіркестерінің нақты құрылысын билейтін басыңқы сөз. Басыңқы сөздің семантикалық бітімі, коммуникативтік бағыты бағыңқы сөзді талғайды.
Сабақтаса құрылған сөз тіркестерінің грамматикалық түр-түрге бөлінуі
зат есімді сөз тіркестері, сын есімді сөз тіркестері, есімдікті сөз тіркестері, етістікті сөз тіркестері: құмның жоны, қалың құм, шоғыр бұта, жыртылған жер, сол адамдар; удай ащы, күйедей қара, сегіз қырлы, бір сырлы, көздің жауын алады, қырығына шыдадың, қырықтың біріне де шыда, жетпіс жеті пұсталы ел.
Сондықтан сөз тіркестерінің жалпы ауқымын сол басыңқы компонентті негіз етіп түр-түрге топтаймыз:
Дәрісте пайдаланылған материалдар: 1. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы, 2003. 2. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар: (монография-оқулық) / – Алматы: Мемлекеттік тілдерді дамыту институты, 2016. 464 б.