Бастауыш. Бастауыштың өзіне тән белгілері Бастауыш - екі негізді сөйлемдегі бас мүшенің бірі. Сөйлемде ай- тылған ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның иесі болатын мүшені бастауыш дейміз.
Сөйлемнің құрылымдық-семантикалық компоненті ретіндегі баста- уышқа тән белгілер мыналар:
сөйлемдегі бас мүше;
Әр түрлі оқу құралдарында бастауышқа тән белгілердің бірі ретінде оның сұрақтары да көрсетіледі. Бірақ бастауыштың негізгі сұрақгары ретінде саналатын кім? не? сөйлемде басқа мүшелерге де қойылады. Мысалы: Інім - оқушы. Кім оқушы? Інім кім? Сөйлемнің бастауышының да, баяндауышының да сұрағы - кім? Гүлнүр гүл екті. Гүлнүр не екті? Не сұрағы сөйлемдегі толықтауыш мүшеге қойылады. Сөйлемде кім? не? сұрағына жауап беретін сөзді бастауыш деп тану үшін бастауышқа тән негізгі белгілерді ескеріп отыру қажет.
Бастауыштың жасалу жолдары.Бастауыш қызметінде жеке сөз, сөз тіркесі, тіпті сөйлем де жұмсала алады. Бастауыш қызметінде жұм- салатын сөздер атау септігінің нөлдік, көптік және тәуелдік жалғауымен келеді. Бастауыш қызметінде ең көп жұмсалагын сөз таптары - зат есім мен есімдік. Себебі бастауыш сөйлемдегі ойдың негізі болады десек, сол негізгі ой заттар арқылы көрінеді. Ал есімдіктер — олардың орнына қол- данылатын сөздер. Сөйлемде бастауыш қызметінде басқа сөз таптары да жұмсалады. Сонымен, бастауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары мен сөз топтары мыналар:
зат есімдер;