Сандық мағынаға ие сөйлемдер (заттың сан-мөлшерлік сипатын білдіреді): Біз үшеуміз; Олар көп.
Әрине, жай сөйлемдерді бұлай топтау әлі де жетілдіре түсуді қажет етеді. Алайда сөйлемнің мазмұны мен оны бейнелеуші тілдік қүралдар- дың сәйкестігі жағынан бұлай жүйелеудің қисыны бар.
2.3 Жай сөйлем қүрамындағы бірліктер (сөйлем мүшелері)
2.3.1 Сөйлемнің түрлаулы мүшелері Жай сөйлем қүрылымына қарай екі негізді және бір негізді болып бөлінеді.
Екі негізді жай сөйлемнің предикативтік негізі түрлаулы мүшелердің - бастауыш пен баяндауыштың тіркесуінен жасалады. Бір негізді жай сөйлемнің предикативтік негізі бір ғана тұрлаулы мүшеден түрады. Мы- салы: Ай жап-жарыц болып түр(екі негізді сөйлем). Жарцыраган ай (бір негізді сөйлем).
Бастауыш пен баяндауыш - екі негізді жай сөйлемді қүрайтын бас мүшелер.
Тіл туралы зерттеулерде бастауышты субъект, баяндауышты предикат деп қолдану дәстүрі орын алган. Бірақ субъект пен бастауыш, предикат пен баяндауыш үнемі сәйкес келе бермейді. Мысалы: Агамныц Астанада түргысы келеді.Сөйлемдегі субъект - ағам. Бірақ ол сөйлемде анықга- уыш қызметінде жүмсалған.