Синтлксистік плрадигиаллр


Бастауыш. Бастауыштың өзіне тән белгілері



бет4/21
Дата02.12.2023
өлшемі129,25 Kb.
#132051
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
treatise42698

Бастауыш. Бастауыштың өзіне тән белгілері
Бастауыш - екі негізді сөйлемдегі бас мүшенің бірі. Сөйлемде ай- тылған ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның иесі болатын мүшені бастауыш дейміз.
Сөйлемнің құрылымдық-семантикалық компоненті ретіндегі баста- уышқа тән белгілер мыналар:

  1. сөйлемдегі бас мүше;

  2. құрылымдық жағынан басқа мүшелерге тәуелсіз;

  3. сөйлемде атау септігі тұлғасында қолданылады;

  4. сөйлемдегі орны - баяндауыштың алды;

  5. айтылған ойдың, қимылдың субъектісі (иесі);

  6. сөйлемге «тема» ретінде қатысады.

Әр түрлі оқу құралдарында бастауышқа тән белгілердің бірі ретінде оның сұрақтары да көрсетіледі. Бірақ бастауыштың негізгі сұрақгары ретінде саналатын кім? не?
сөйлемде басқа мүшелерге де қойылады. Мысалы: Інім - оқушы. Кім оқушы? Інім кім? Сөйлемнің бастауышының да, баяндауышының да сұрағы - кім? Гүлнүр гүл екті. Гүлнүр не екті? Не сұрағы сөйлемдегі толықтауыш мүшеге қойылады. Сөйлемде кім? не? сұрағына жауап беретін сөзді бастауыш деп тану үшін бастауышқа тән негізгі белгілерді ескеріп отыру қажет.
Бастауыштың жасалу жолдары. Бастауыш қызметінде жеке сөз, сөз тіркесі, тіпті сөйлем де жұмсала алады. Бастауыш қызметінде жұм- салатын сөздер атау септігінің нөлдік, көптік және тәуелдік жалғауымен келеді. Бастауыш қызметінде ең көп жұмсалагын сөз таптары - зат есім мен есімдік. Себебі бастауыш сөйлемдегі ойдың негізі болады десек, сол негізгі ой заттар арқылы көрінеді. Ал есімдіктер — олардың орнына қол- данылатын сөздер. Сөйлемде бастауыш қызметінде басқа сөз таптары да жұмсалады. Сонымен, бастауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары мен сөз топтары мыналар:

  1. зат есімдер;

  2. есімдіктер;

  3. субъективтенген сын есімдер;

  4. сан есімдер;

  5. түрленбейтін сөз таптары (үстеу, шылау, т.б.);

  6. есімше мен қимыл есімі;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет