Сипаттама: «Шекарасыз тәрбие» атты еңбек екі түрлі мәдениетке бейімделуге



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата22.12.2022
өлшемі158,66 Kb.
#59135
1   2   3   4   5
Academia Lab
Қысқаша мазмұны
1
2


Ұйқы, ойыншықтар және тамақтану
Бала дамуы үшін уақытылы ұйықтау басты талаптардың бірі. Осы ретте бала жеке ұйықтағаны
дұрыс па, әлде анасының қасында жатуы тиіс пе деген сауал өте өзекті. Мәселен,
америкалықтардың басым көпшілігі баланың жеке ұйықтағанын дұрыс санайды. Олардың
ойынша, терең ұйқы мен күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру – балаға ең қажеті дүние. Тіпті сәби 3-4
апталық болса да кішкентайынан жеке ұйықтауға үйретеді, бұл баланың ерте жастан дербес тұлға
ретінде даралануына септігін тигізеді. Сонымен бірге бала бөлмесін қажетті жиһазбен толық
жабдықтау да жақсы ата-ананың негізгі міндетіне кіреді. 
Ал әлемнің өзге елдерінде баланың анасының қойынында, я аға-әпкелерімен бірге ұйықтағанын
теріске шығармайды. 136 мемлекетте жүргізілген зерттеуге қатысушылардың үштен екісі ана мен
баланың бірге ұйықтағанын қалыпты деп таныса, қалған респонденттер баланың жақын
туыстарымен бірге ұйықтауы үйреншікті жағдай деп атаған. Зерттеулерге сүйенсек, жалғыз
ұйықтаған бала түнде жиі оянбайтын көрінеді. Баланың жылағанына қарамастан, түнде бөлек
жатқызғанды құптайтын америкалықтар мұны ертерек білген сияқты. 
Ана мен бала ұйқысын зерттеу лабораториясының директоры, антрополог Д.Маккенна түнде
анасының қасында жататын балалардың ұйқысы синхронды келетінін айтады. Яғни ана мен бала
бір уақытта ұйықтап, бірдей оянады. Қасында жатқан бөпесі түнде оянып кетсе, тез жұбата алады.
Өзге бөлмеде ұйықтап жатқан бала үшін түнде бірнеше рет оянып, төсектен тұрып, келесі бөлмеге
бару әлдеқайда қиынырақ. Әйтсе де түнде қалғып кеткен ананың емізіп отырған баласын
абайсызда тұншықтырып алуы, болмаса сәби көрпе астында басылып қалып дем жетпей қалуы
сияқты оқыс жағдайлар жиі кездесіп жатады.
Мысалы жапондарда балаға жеке бөлме, жеке төсекке жатқызу мүмкіндігі бар болса да, олар
балаларымен бірге ұйықтайды. Жапон аналары балаға жеке кеңістік қажет дегенді мүлде
ойламайды. Керісінше, олар баланы ұзақ уақытқа жалғыз қалдырғанды жөн көрмейді. Оларша
Баланы бөлек ұйықтату дұрыс па?


жақсы ата-ана болу – бала қажеттіліктерін жыламай тұрып ымынан түсініп, жылдам жауап
қайтару. Жалпы, жапон ата-аналары күн тәртібі жайлы қатты абыржымайды. Есесіне, ешкім
ұйқым қанбады деп арызданған емес. Оларда бұл мәселе тіпті жоқ тәрізді. 
«Балалар ең жақсы дүниеге лайық» деген ұстаныммен өмір сүретін америкалық ата-аналар уақыт
өте келе күтпеген жайтқа тап болды. Бойға бала біте салысымен-ақ әке-шешесі авто орындық,
ойыншықтар, төсек пен арба, киім-кешек және өзге де түрлі заттарды сатып алып қояды. Ал
шынтуайтында олар компаниялардың өндірген заттарын барынша өткізуге атсалысып жатқанын
түсінбейді. АҚШ-та мектептерден гөрі көздің жауын алар сауда орталықтары көп. Осыдан да болар
жасөспірім қыздардың 93 пайызы киім-кешек алу үшін сауда орындарын аралап уақыт өткізгенді
сүйікті ісі ретінде атаған. Бұл тұрғыда профессор, әлеуметтанушы Жулия Скор шопингтің баланың
психикалық дамуына зиян екенін ескертеді. Материалдық құндылықтарға тәуелділік ерте
жыныстық есеюге, семіздікке, қатыгездікке, асқорыту жұмысының бұзылуына әкеліп, соңы түрлі
құмарлыққа ұласуы мүмкін.
Жапон ата-аналары балаларға тым көп зат алуды, олардың әр еркелігіне құлақ аса беруді дұрыс
емес деп біледі. Жапондар өте үнемшіл халық, балаларын да «қанағат қарын тойғызар»
қағидасымен тәрбиелейді. Олардың ойынша, баланы ұқыптылық пен қарапайымдылыққа ерте
бастан үйреткен дұрыс. Мысалы, баланың ойнайтын ойыншығы аз болған сайын, сындырып
немесе жоғалтып алмас үшін ойыншықтың қадірін түсіне бастайды. Дәл сол сияқты мектепке
барарда алынған былғары сөмкені бастауыш сыныпты бітіргенше ұстауы мүмкін. Мұндай
қарапайымдылық баланың тыныш әрі салмақты болуына әсер етеді. 
Баланың айтқанын екі етпеу
Жапондар азға қанағат етеді


Француздар балаларды мейрамханада тамақты сабырмен тосуға, сыйлықты күтуге үйретеді. Тіпті
әдейілеп түрлі сылтаулармен қалаған заттарын кешіктіріп береді. Осылай баланы
шыдамдылыққа, сол затты алғандағы қуанышты сезінуге және барды бағалай білуге баулиды. 
Балаға бақыт әкелу үшін бір парақтың өзі жеткілікті. Сурет салуға, қағаздан тырна жасауға,
дөңгелетіп дүрбі істеуге болады, бастысы бала қиялы шарықтай түседі. Демек, бала белгілі бір
материалдық заттарға қол жеткізе алмағаннан жаман болмайды. Есесіне қиял, тапқырлық,
қадірлеу, бағалай білу сияқты өмір бойы жетелеп жүретін қасиеттерге ие болмақ. 
Бала жасының әр кезеңіндегі тамақтануы айрықша талаптармен сипатталады, осы талаптарды
ескеру арқылы баланың ақыл-ойы мен денесінің қалыпты дамуына, өмірлік әлеуетін арттыруға
ықпал етуге болады. Ал балаларды дұрыс тамақтануға үйрету – оңай шаруа емес, сабырлы болу
мен шыдамдылықты, қиялды талап етеді. Бұл үшін ата-аналарға қоғамның көмегі сөзсіз қажет әрі
дұрыс тамақтануды мектеп бағдарламасына енгізген жөн.
Ұлыбританияда 4 мың бала қатысқан зерттеуде мәлім болғандай, 3 жасынан бастап майлы, тәтті
және жартылай дайын тағамдарды жеп өскен балалар сегіз жасқа толғанда өз қатарластарынан
зияткерлік қабілеті төмен болған. Соңғы жылдары зиянды тамақты мөлшерден тыс пайдаланудан
семіздікке шалдыққан балалардың да қатары артқан.
Әр елдегі тамақтану тәртібі туралы сөз қозғар болсақ, жапон халқының тамақтану мәдениетін
қалыптастыруда бірнеше қызық тәсілдері бар. Күншығыс елінің балалары үлкендер не жесе соны
жеп үйренген, ал олардың тамағы көбіне балықтан, көкөніс пен жемістерден тұрады. Сонымен
қатар, жапондарда тәтті тағамдарға тыйым жоқ. Тамақтану рәсімінің әсемдігі мен түстердің
Француз амалы: сыйлықты созып, кешіктіріп беру
Үстелге жайғасайық


үйлесімділігі баланың тамаққа деген қызығушылығын оятары сөзсіз. Жапондарда берілген
тамақты тауысып жеп қою бұлжымас әдет, осы үшін де әдетте тамақ үлесін аз салып береді.
Сондай-ақ, ақыл-ой және дене еңбегін басшылыққа ала отырып, балаларды жастайынан еңбекке
баулу мақсатында жапондар балабақшаларына шағын бау-бақша жасап қояды. Бастауыш сынып
оқушылары түрлі көкөністерді өздері күтіп, баптаса, жоғарғы сыныптарда тамақ пісіріп үйренеді.
Еңбек іс-әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы орындап қоймай, өз бетімен
ұйымдастыруға дағдыланады.
Шведтерде де тамақтану рәсіміне зор құрметпен қарайды. Тату үйдің тамағы тәтті демекші,
барлығы отырмай бастамайды және барлығы ас ішіп бітпей тұрмайды. Сенбі сайын балаларға
тәтті алып жеуге қолдарына азын-аулақ ақша ұстатып, кондитер дүкендеріне жіберіп тұрады. Бұл
әлдеқашан шведтердің айнымас дәстүріне айналған. Сонымен қатар, Кореяда, Францияда және
Италияда дұрыс тамақтануға аса мән береді әрі тамақты сүйсініп, тұшынып жеуді басты орынға
қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет