Сипаттама: «Шекарасыз тәрбие» атты еңбек екі түрлі мәдениетке бейімделуге



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата22.12.2022
өлшемі158,66 Kb.
#59135
1   2   3   4   5
4


Білім асуында 
Батыс пен Шығыс елдері білімге деген әртүрлі ұстанымдарымен ерекшеленеді. Батыс елдері
баланың шығармашылығын, еркіндігін, ерекше шешімдер жасауын алға тартса, шығыс елдері
қайсарлық пен еңбекқорлықты, талапшылдық пен тәртіпті өте маңызды деп біледі. Алайда, екі
жүйенің де кем тұстары баршылық. Бүгінде әлемдегі ең білімді халық санатындағы
финляндиялықтар педагогикалық және экономикалық мақсатта англо-америкалық елдерге мүлде
ұқсамайтын басқа жолды көрсете білді.
Бірінші құпия: білікті мамандар. Бұл елде мұғалім мәртебелі мамандық саналады. Әсіресе
мұғалімдердің шығармашылық белсенділігіне ерік берілген. Оқытушы болып жұмысқа тұру оңай
шаруа емес. Үздік магистрлік диплом да еш кепілдік бермейді. Олар емтихан тапсырады, арнайы
әңгімелесуден өтеді. Ең алдымен өздерінің тұлғалық қасиеттерін, адалдығын, тез тіл табыса
алатынын және балаларға деген кіршіксіз махаббатын көрсетуі қажет. 
Екінші құпия: түрлендіру. Фин мектептерінде үй шаруашылығы сабақтары өте әйгілі. Балалар
пәндік сабақтардан кейін тамақ пісіру, үй жинау, үтіктеу, тігін, бау-бақша жұмысы, кір жуу секілді
тұрмыста қажетті жұмыстарды атқара отырып есейеді. Осы арқылы ерте бастан дербес тұлға
болып, құрбы-құрдастарымен оңай араласып кете алады.
Үшінші құпия: жауапкершілік пен еркіндік. Үлкендер балаларының өздері сияқты шынайы
болғанын құп көреді. Осылайша балаларға еркіндік беру арқылы әлеуметтік жауапкершілік
дағдыларына үйретеді. Ал жауапкершілік тұлғаның ішкі мінез-құлқын реттеп, тұлғаның даму
үдерісінде өз іс-әрекетін саналы түрде атқаруына әкелді. 
Білім беру ісін жаңғыртудың финляндиялық үлгісі елде жоғарғы білім беру түгелдей тегін
қамтылған. Оқушыларға бүкіл елдегі мектептердің біркелкі білім беру деңгейіне жетуге
Фин тағылымы. Сапалы әрі жоғары білімнің құпиялары:


мүмкіндік жасап қойған, яғни білім беру жүйесі аймақтарда бірдей дамиды. Дәл осы себепті ата-
ана мен бала арасында болашақ үшін қысым, абыржу мен қорқыныш, «үнемі алда болу»
психологиясы болмайды. Сәйкесінше, балалар алаңдамай әлеммен танысып, табиғат пен
адамдарға қайырымды қарауды үйренеді. Есте сақтаңыздар, мұның барлығын дүниетаным
негізінде қалыптасқан өзіндік көзқараспен іске асырады. Ал білім алу үшін бұл – ең маңызды
фактор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет