Сыр – Анам, Қаратау – Панам! 11 Наурыз сенбі 2017 жыл



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата31.03.2017
өлшемі12,87 Mb.
#10734
1   2   3   4

Қоғамда бензин бағасы 

шарықтап тұрғанда 

көлік иелері газ орнатуға 

ниетті. Әрине, бұл 

біріншіден, қаржылай 

демеу болады. Осы-

дан бірнеше жыл бұрын 

газбен жүретін көлікті 

естігенде көпшілік 

таңданыс білдіретін. Бұл 

шетелдегі техниканың

яғни, ғылымның дамыған 

кезеңі еді. Ал, бізде де 

бұл дәстүрдің тетігі бар 

десек те болады.

Мәселен, жаңақорғандық 

жас өнертапқыштар күн, 

жел мен судан өндірілетін 

электр энергиясын 

халық шаруашылығына 

бағыттауды ойлап 

жүрсе, енді бірі су-

мен күн көзінен жүретін 

көлікті жүзеге асыруды 

мақсат тұтыпты. Аудан 

орталығындағы агро-

техникалық колледждің 

студенті Сәулет Аман 

болашақта ғылыми 

жұмыстармен айналыс-

сам дейді. Иә, жас та-

лант ең алдымен күн 

энергиясымен жүретін 

ауылшаруашылығы 

бағытында 

қолданылатын трактор 

құрастыруды армандап 

жүр.

8  наурыз  –  Халықаралық  әйелдер  мерекесіне 

орай  барлық  білім  беру  ордаларында  мерекелік  кеш 

ұйымдастырылып,  ұстаздар  қауымына  құрмет  көрсетілді. 

Еңбегі елеулі ұстаздардың есімі ұлықталды. Сондай кештің 

бірі  «Қыз  өссе  елдің  көркі,  гүл  өссе  жердің  көркі»  атты 

тақырыпта  ұйымдастырылған  №255  мектептегі  мәдени 

шара.  Анаға  деген  мейірімділікті,  сүйіспеншілікті  арттыру, 

оқушы бойында ізгілік, инабаттылық пен биязылық сияқты 

қазаққа  тән  асыл  қасиеттерді  қалыптастыруға  тәрбиелеу 

мақсатында  өткен  кештің  мәні  зор,  мағынасы  терең.  Ша-

раны  мектеп  директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынба-

сары    Нұржан  Бектібаев  ашып,  барша  нәзік  жандыларды 

мерекелерімен құттықтады. Ыстық ықыласын, жылы лебізін 

білдірді. 

Одан  әрі,  кеш  бастауыш  сыныптың  концерттік 

бағдарламасына ұласты. Анаға арналып ән айтылды, өлең 

шумақтары төгілді. Мың бұралған би де биленді. Көтеріңкі 

көңіл-күйде болған көрермендер балалар өнеріне таңырқап, 

шараға жоғары баға берді.



Гүлмира ӘНУАРБЕКОВА.

***

Жуырда 


аудандық 

білім 


бөлімінің 

әдіскері 

С.Төлепбергенованың  ұйымдастыруымен  №221  мектеп-

те  аудандағы  математика  пәні  мұғалімдері  арасында  үш 

күндік оқу семинары өткізілді. Басты мақсат – тәжірибе ал-

масу,  мұғалімдер  біліктілігін  арттыру  еді.  Семинарды  Әль-

Фараби  атындағы  ҚазҰУ-нің  механика  және  математи-

ка  факультетінің  оқытушысы,  педагогика  ғылымдарының 

кандидаты,  доцент  Ләззат  Оразбекова  жүргізді.  Жал-

пы,  оқуға  аудандық  білім  беру  мекемелерінен  ұстаздар 

қауымы  қатысып,  тәжірибе  алмасты.  Семинар  барысында 

білім саласындағы жаңартылған бағдарламамен оқытудың 

әдістері  мен  формалары  үйретіліп,  ұлттық  бірыңғай 

тестілеуде  кездесетін  күрделі  есептерді  шешудің  тиімді 

жолдары  көрсетілді.  Сондай-ақ,  биыл  ҰБТ-ға  енгізілген 

«Ықтималдылықтар теориясы» тақырыбына берілген есеп-

тер шығарылды. 

Нәзікай ШОРАЕВА.

***

№3  мектеп-интернатта  Сыр  өңірінде  елеулі  орны  бар 

күйші  Әлшекей  Бектібайұлының  170  жылдығына  орай 

кітапханашыларының  ұйымдастыруымен  әдеби-сазды  кеш 

өтті. 5 және 8-сынып аралағында өткен мәдени шара «Ерке 

сылқым»  күйімен  ашылды.  Шараға  аудан  орталығындағы 

«Әлшекей»  атындағы  өнер  мектебінің  ұстазы  Сапар  ағай 

қатысты.  Жалпы,  ол  кісінің  айтуы  бойынша  Әлшекей 

күйшінің  116-ға  тарта  күйі  бар  болса,  бүгінгі  таңға  20-ға 

жуығы  ғана  жетіп  отырғанын  жеткізді.  Кеш  барысында 

күмбірлеген күй, әуелеген ән тербелді. Кеш барысында кітап 

көрмесі  көрсетілді.  Күйшінің  өмірбаяны  туралы  тереңірек 

мәлімет берілді. Асыл өнердің ұлылығы ұлықталды.

Гүлжахан ЕСЕНБЕКОВА, 

Жанар ИЛЬЯСОВА.

***

Жақында  №163  мектеп  кітапханашыларының  ұйытқы 

болуымен бастауыш сынып оқушылары арасында «Қиялдан 

туған  ертегілер»  атты  шара  ұйымдастырылды.  Шара  ба-

рысында  оқушылар  сурет  салып,  сол  суреттері  бойынша 

ертегі  құрастырды,  әрі  түрлі  тақырыпта  мақалдарға  жау-

ап беріп, бар өнерлерін ортаға салды. Ойларын ашық ай-

тып,  тілдерін  жаттықтырды.  Иә,  бұл  балалармен  оқыту 

сабағының  маңызы  да  сонда,  яғни  әр  оқушының  шешен 

сөйлеуге,  өз  ойын  толық  жеткізуге  тәрбиелейді.  Бағдар 

түсейді. Шара соңында қатысқан шәкірттерге ұстаздар ма-

рапаттап, сыйлықтар табыстады.



Әсемкүл ЮСУПОВА.

ҚЫСҚА-НҰСҚА

Шамшырақ


ЖАС 

ӨНЕРТАПҚЫШТЫҢ

№247 орта мектепте «Өзін-өзі тану: Ма-

хаббат пен шығармашылық педагогика-

сы» дәстүрлі онкүндік аясында пән мұғалімі 

Е.Жүнайдуллаев пен Ж.Алимованың ұйытқы 

болуымен біршама іс-шаралар атқарылды. 

Негізгі мақсаты – қоршаған ортаға махаб-

бат пен қуаныш сыйлап, мейірімділік, өзара 

түсінушілік пен ынтымақтастық арқылы 

шығармашылық қабылеттерді арттыру бола-

тын. Онкүндік аясында «Алтын жүректі анамыз», 

«Шын жүректен біз сіздерді жақсы көреміз» 

тақрыбында кеш ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 

басқа да тақырыпта өрбіген онкүндік соңында 

жақсы атсалысқан ұстаздар мен оқушыларға 

«Махаббатқа толы жүрек» номинациясы табы-

сталды.

Еркебұлан ЖҮНАЙДУЛЛАЕВ.

Ауыл балаларына сапалы білім, сана-

лы тәрбие беру бүгінгі күннің басты талабы. 

Бұл үдерістен шығу міндетін тиянақты қолға 

алып, санға емес, сапаға жұмыс істеп келе 

жатқан №213 орта мектебі үшін әр жыл табы-

сты болып келеді. Мәселен, оқушылардың оқу-

танымдық қабылетін арттыру, пәндік білімдерін 

тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын да-

мыту мақсатында жыл сайын республикалық 

пәндік олимпиада өткізіліп келеді. Аудан бой-

ынша жүлделі оралып жүрген шәкірттеріміздің 

бірі Бекжан Жолдасбек облыстан үшінші орынға 

қол жеткізді. Міне, бұл жеңісті күндердің ба-

стамасы деп білеміз. Жалпы айтқанда, жаңа 

технологиялық үрдістің қарыштаған заманында 

білімді ұрпақ елдің ертеңіне даңғыл жол салады. 

Жанар ИМАНБЕКОВА.

Шәкірт жетістігі қашанда ұстаз үшін үлкен 

абырой, мәңгілік қуаныш. Сондықтан, әрбір мек-

теп түлегі болашақта қандай биік мінбелерден 

көрінсе де алдымен мұғалімдеріне бас иеді, 

оларға қашанда қарыздар. Осы мақсатта жу-

ырда №56 орта мектепте «Олар біздің мектеп-

те оқыды» тақырыбында осы білім ордасын 

тәмімдап, өзге өңірлерде білім алып жатқан сту-

денттермен оқушылар кездсеті. Сұхбаттасты, сыр 

бөлісті. Кешке келіп, ашық әңгіме алаңында ашық 

сырласқалы келген шәкірттің бірі – Гүлжайна 

Нұрмухамбет. Бүгінде ол БҚО Орал қаласындағы 

Жәңгір хан атындағы университетте жоғары білім 

алуда. Жалпы айтқанда аға буынның ізін кішілер 

жалғап, білім шыңына бастар жолдан адаспау 

керек. Сонда дамыған отыздыққа ену жолында 

әрбір жанның үлесі айқындала бермек.



Роза НИЗАНБАЕВА,

Гүлнар ӘЛІБЕКОВА..

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 

№224 орта мектебінде «Жеңгесі жақсы қандай-

ды» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа 

мектептің 7-10 сынып қыздары өздерінің 

жеңгелерімен бірге қатысып, бар өнерін ортаға 

салды. Сайыс ережесіне сай, өнерлі қыздар 

мен жеңгелері ән айтып, би билеп, ұлттық 

дәстүрімізге сай көріністер көрсетті. Өздері 

жасаған қолөнер бұйымдарын жиналғандар на-

зарына ұсынды. Сайыстың мақсаты ұлттық 

тәрбиені, ұмыт болып бара жатқан дәстүрімізді 

жастарымыздың бойына сіңіру болып табыла-

ды. Әрі, қазақы тәрбиені ұлықтап, ұлы елдің 

ұлылығын дәріптеу де негізгі арқау.

Медет СКАКОВ.

ҚЫСҚА-НҰСҚА

Аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік 

жұмыстар орталығында «Өнер – таусылмас азық, 

жұтамас байлық» атты көркемөнер бірлестігі 

оқушылары мерекелік шара ұйымдастырды. Жас 

ұрпақты шығармашылыққа баулып, талантты да, 

парасатты ел азаматтарын тәрбиелеуді мақсат 

еткен шара мағыналы әрі мәнді өтті. Кеш бары-

сында ән айтылды, би биленді. «Қуыршақтар 

әлемі» үйірмесі ертегілерден сахналық көрініс 

қойды. Сондай-ақ, Құрманғазының «Бал-

бырауын» күйін нақышына кетіріп орындап 

шықты. Жалпы, қазақы тәрбие, салт-дәстүрді 

насихаттауға арналған бүгінгі кеште жас 

өрендердің өнеріне көпшілік таңдана да, сүйсіне 

тамашалады. 



Зухра ӘЛІМБЕКОВА,

Фарида МАХАНОВА.

Жан жылуы

Жақында №162 орта мектепте «Тәртіп 

– тыныштық өзегі» тақырыбында апталық 

өткізілді. Іс-шараның әр күнінде сынып 

жетекшілері түрлі бағытта жұмыстар жүргізді. 

Мәселен, 9-сынып жетекшісі Е.Аймхановтың 

ұйымдастыруымен «Жасөспірім құқықтары ту-

ралы білесіз бе?» атты кеңсе сабағы өткізілді. 

Ал, осы аптының қорытынды айғағы ретінде 

тәрбие ісінің меңгерушісі Ұ.Маманова «Бала 

тәрбиесі – ортақ іс» тақырыбында ашық семинар 

ұйымдастырды. Бұл шаралардың өтуі баланың 

мінезін қалыптастырады, тәртібін түзетеді, тәлім 

алады. Себебі, қазақта «ұяда не көрсе, ұшқанда 

соны іледі» теген тәмсіл тегіннен-тегін айтылма-

са керек-ті.



Шарипа СЫЗДЫҚОВА .

Өнер деген ұлы өлке болса, сол өлкенің ән 

әлемін тума талантымен бағындыра білген, туған 

жердің  талантты  ұлы  Бексұлтан  Байкенжеевті 

білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә! Өмірге ән бо-

лып келіп, артына әннен өшпес мұра қалдырған 

сырлы  сазгер,  әуезді  әншінің  жүріп  өткен 

соқпақ жолы мен таудай тұлғасы өткенге өнеге, 

бүгінге  үлгі.  Аудан  өнерін  асқақтату  жолында 

аянбай  еңбек  еткен  өлшеусіз  өнер  иесін  еске 

алып,  өскелең  ұрпақ  бойына  ұлтжандылықты, 

төл  тарихты  қалыптастыру  мақсатында  №169 

Н.Илялетдинов 

атындағы 

орта 

мектепте 



«Сағынтып  кеткен  Бексұлтан»  тақырыбында 

келелі кездесу орын алды.

Ұлағатты  ұяның  екінші  сынып  оқушылары 

ұйымдастырған  тағылымды  кешке  әншінің  ізін 

жалғаған  ұлы  Әбсұлтан  Байкенжеев  қатысып, 

«Ақ баян», «Ақ гүлім», «Гүлденген Жаңақорған» 

әндерін  сырлы  баянмен  асқақтатып  шырқады. 

Ал,  кеш  қонағы  ауданның  әз  аналарының  бірі 

Жақсыгүл  Бегманова  өз  естеліктерімен  бөлісіп, 

өнер иесінің адамдық бейнесі турасында әсерлі 

әңгіме өрбітті.

Мәні мен мағынасы, тағылымы мен тебіренісі 

терең  мәдени  шараға  қатысқан  барлық 

оқушының  жүзінен  білімге  деген  құштарлық, 

өнерге деген құрмет, әнге деген ыстық ықылас 

байқалды.  Сан  түрлі  сауалға  жауап  іздеп,  та-

лантты  тұлғаның  өмірлік  ұстанымын  білуге 

ұмтылған  жас  өрендер  «Қуыршақ»,  «Ақ  шол-

пан»,  «Сағынып  жүрші»  әндерін  асқақтата 

шырқап, шығармашылықтан сыр шертті.

Расында, қарт Қаратау мен сұлу Сырдың бой-

ында  туған  қайбір  өнер  иесінің  болмасын  өмір 

жолы  өз  алдына  ерекше.  Әсіресе,  таудай  ұлы 

болуға ұмтылып, биіктікке белсенген Бексұлтан 

сынды  қазақтың  біртуар  абзал  азаматының 

халыққа  қалдырған  құнды  қазынасы,  әсем 

әндері,  тарихтан  ойып  алған  орны  бар  мәңгі 

мұра.  Көзден  кетсе  де  көңілден  кетпес  руха-

ният  әлемінің,  майталманын  осылайша  бүгінгі 

ұрпақ еске алды. Салтанатты шара арқылы әнші 

рухы асқақтап, әуезді әндер ел жадында қайта 

жаңғырды.



Ханзада ДОШАН.

БЕКСҰЛТАНТАНУДЫ

МҰРАТ ЕТКЕН КЕШ



Беттің ұстазы Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

Сырдың  сырлы  ағысында  алаштың  тағлымды  тарихы, 

мазмұнды өнегесі мен мұңды шері һәм жыры ағып жатқандай. 

Сол  жырды  дүйім  жұртқа  жеткізу  тек  сүлейлердің  ғана 

қолынан  келетіні  ақиқат.  Осы  жүгі  датпандай  ауыр  да  асыл 

өнерді арқалап жүрген өнерпаздың бірі – Аружан Әбілтай.

14 жастағы өрімдей қыз жастайынан домбыраға әуес болып, 

өзінің қуанышы мен мұңын қос ішекпен жеткізуге дағдыланады. 

11 жасында Өнер мектебінің есігін ашқанда Зәуреш Хасанова 

қос ішекті еркіне бағындыруға жәрдемдеседі. Сосын дәстүрлі 

жыр-терме  сыныбына  аңсары  ауып,  жыршылардың  жыр-

дастандарын үйрене бастайды. Бұл сыныпта Ботакөз Шайкен 

өз қарамағына алады.

Талабы  таудай,  арманы  асқақ  жас  жыршы  2015 

жылы  Қызылорда  қаласында  өткен  «Бозторғай»  балалар 

шығармашылық байқауында жүлделі орынға ілігеді. Аудандық 

конкурстарда оза шауып, келешекте кемелді жыршы болаты-

нын  дәлелдей  білді.  2016  жылы  жасөспірімдер  және  жастар 

арасында  өткен  облыстық  байқауда  екінші  сатыдан  көрінді. 

Сыр  сүлейлерінің  мекені  саналатын  Аралдың  жұртшылығы 

Аружанның  кен  диапозоның  таңдана  қарап,  «нағыз  дәстүрлі 

әнді айтатын дауыс» деп баға беріпті. 

Бұл  –  домбырамен  сырласып,  қазақтың  өнегелі  жыр-

маржанын жатқа айтатын Аружанның бағындырған биіктерінің 

бастамасы  ғана.  «Сауға»  дастанын,  Әбілқайыр  Сыздықовтың 

«Тәуелсіздік  толқауы»  атты  толқауын  және  халық  жырау-

жыршыларының  «Кәнікей,  тілім  сөйлеші»,  «Білім  турасын-

да»,  «Тәлім»,  «Ерларім  сөйле  дегейсің»,  «Жігіттерге  өсиет» 

термесін,  «Долаңа»  халық  әнін  нағышына  келтіріп  орындап 

жүр.     

– Сыр сүлейлерінің үш мектебі бар. Шиелі-Жаңақорғанда 

Нартай  мектебі,  Қармақшы-Жалағашта  –  Жиенбайдың  жыр 

мектебі,  Арал-Қазалы  өңірінде  –  Нұртуған  жыр  мектебі  бар. 

Осы  мектептердің  үздік  жыр-термелерін  Аружанға  үйретуге 

күш  саламын.  Аружан  тума  талант.  Қабілеті  жақсы  қалыгез 

қыз  тақырыптарды  тез  меңгеріп  кетеді.  Жалпы,  болашақта 

жақсы  жырау  шығады  деп  ойлаймын,  –  деді  ұстазы  Ботакөз 

Шаушанбекқызы.

–  Сылқ-сылқ  күліп  сылаңдап  аққан  тарихтың  талай  сы-

рын  қойнына  жасырған  Сырдың  жағалауын  қоныстаған 

елді  ежелден-ақ  Сыр  елі  деп  атаған.  Сол  Сыр  елінің  ақын-

жырау,  әнші-күйші,  сал  серілері  елдің  ерекше  ықыласына, 

ғажап  құрметіне  бөленген.  Қашанда  қалт  айтпайтын  дана 

халық әділ, бағасын беріп, осы елге «Жыр елі» деген тіркесті 

қосқан. Шын мәнінде тамыры тереңде жатқан жыраулық өнер 

көшпенділердің  саф  алтындай  сақтап,  ұрпақтан-ұрпаққа  ми-

рас қып қалдырған асыл қазынасы. Осы құндылықты меңгеріп, 

халқыма рухани шуақ шашу басты мақсатым. Себебі, ұлттық 

өнер – ұлылықтың белгісі, – деді №163 мектепте білім алатын 

Аружан Бақытжанқызы. 

Өмірден ерте озған ақын, профессор А.Егеубай жыраулар 

поэзиясының  қазақ  ұлтының  рухани  қалыптасуына  жасаған 

ықпалы  туралы:  «Жыраулар  поэзиясы  ұлттық  болмысытың 

қалыптасуында  аса  қуатты  ықпалдылығымен  ерекшеленді. 

Жыраулар  толғаған  адамшылық,  имандылық,  қаһармандық, 

жігерлілік  һәм  жайсаңдық  жаңа  қалыптаса  бастаған  қазақ 

ұлысының рухани келбетін кестелеуі тиіс еді. Солай болды да. 

Қазақ елінің ажары мен жан дүниесі сол шығармалардан та-

нылды.  Білім-білік,  ақиқат,  тіл,  жаратылыс  жайлы  толғамдар 

да  сол  арнада  желі  тартты.  Ежелгі  түркі  дүниесінің  бар  бол-

мысы  мен  арман-мүддесі  бір  кезеңде  қазақтың  классикалық 

мәдениеті  арқылы  жаңғыра  көрінді.  Жырау¬лар  дәуірінің 

ішкі мәніне үңілсек, төрт-бес ғасыр бойына тұтастай құбылыс 

ретінде  дамыған  әлеуетті  әлеуметтік-көркемдік  ұлы  самғау 

бұрын-соңды  болмаған  еді.  Ол  поэзияда,  елдік  құрылыста, 

тұрмыста материалдық һәм рухани мәдениетте бірдей айқын 

мүсінделді»,  деп  жыраулық  өнерді  әспеттейді.  Осы  рухты 

өнерді меңгеріп жүрген Аружан Әбілтайға өнер айдында кең 

құлаш жая жүзуге тілек білдіреміз. 

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР 

 

Көп ұлтты Қазақстан мемлекетінде бейбітшілік 

пен тұрақтылықты сақтау жолында этно-мәдени 

орталықтардың маңызы өте зор. Жергілікті 

халықтың басым көбі қазақ ұлты болғанына 

қарамастан, өзге ұлт өкілдері алаш елін өз жұртым 

деп қабылдайды. Әсіресе, Жаңақорғанда 19 ұлт 

өкілі бейбіт күнде, бір шаңырақ астында өмір ке-

шуде. Бірі – кәсіпкер, бірі – ұстаз және тағы 

басқа мамандық иелері. Сондай тұлғалардың бірі, 

Қазақстан Халықтар Ассамблеясының Жаңақорған 

аудандық филиалының өкілі, кәріс ұлтының тумасы 

Шин Ольга Григорьевна. 

Иә, қаншама жыл ұстаздық ғұмырында білім 

де, білікті шәкірт тәрбиелеп, биікке көтерді. Еңбегі 

еселі ұстаз туралы жазылар мақтаудың шегі бол-

мас. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» 

демекші, жанымда жүріп, жақсылыққа жетелеген, 

ұстаздық ақылын аямаған Ольга Григорьевнаға 

кіші әріптес ретінде алғысым шексіз.



Нұргүл ИБРАИМОВА.

СЕНІМДІЛІК – СЕРІГІМ!

Бүгінгі  мектеп  партасында  отырған  жасөспірім  –  ертеңгі  ел  азама-

ты.  Сол  жастардың  білімін  саралап,  келешекке  жолдама  беретін  тетік  – 

ҰБТ.  Оқушыларды  ҰБТ-ға  дайындауда  мектеп  психологтарына  да  үлкен 

жауапкершілік  жүктеледі.  Психологтар  ұлттық  бірыңғай  тестілеуге 

дайындық  кезеңінде  оқушылардың  мінез-құлқының  қалыптасуына,  өзін-

өзі  реттеуге,  өзін-өзі  бақылау  дағдысын,  өзіне  сенімділігін  арттыруға 

жұмыстар жүргізеді. 

№247  орта  мектептің  11  сынып  түлектеріне  «Сенімділік  –  серігім!» 

тақырыбындағы тренинг өткізілді. Оқушылардың өзіне деген сенімділігін 

арттыру,  өзара  қарым-қатынастарын  нығайту,  өз  ойларын  ашып  айтуға 

баулу,  үлкендерді  тыңдауға,  өмірде  белсенді  болуға  талпындыруды 

мақсат еткен шараны оқушы жастар жақсы қабылдап, тренингке белсе-

не қатысты. 

Тренингте  «Ерекше  амандасу»,  «Сыр  сандық»,  «Ақындар  сай-

ысы!»,  «Бұл  –  Мен!»,  «Көрші»,  тағы  сол  сияқты  ойын-жаттығулар 

ұйымдастырылды.  Тренингке  белсенді  қатысқан  оқуышалар  өздерінің 

ұйымшыл екенін, тапқыр және алғыр екендіктерін көрсете білді. 

Жадыра АЛТЫНБЕКОВА.


Наурыз  айынан  бастап  облыс  көлемінде 

«Нұр  Отан»  партиясы  Қызылорда  облыстық 

филиалы,  ҚР  Мемлекеттік  қызмет  істері 

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

агенттігінің  Қызылорда  облысы  бойынша 

департаментінің  бастамасымен  және  облыс 

әкімдігінің  қолдауымен  «Жастар  кадрлық 

резерві»  жобасы  басталды.  Осы  мәселе 

төңірегінде  аудан  әкімі  аппаратының  пер-

соналды  басқару  бөлімінің  басшысы  Ма-

рат  Ыдырысов  брифинг  барысында  кеңінен 

тарқатып айтып берді. 

– Бұл жобаға мемлекеттік қызметке  кіруге 

ынталы,  кәсіби  дағдылары  мен  біліктілігі 

жоғары азаматтар қатыса алады. Ол үшін 18 

наурызға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері 

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

агенттігінің  Қызылорда  облысы  бойынша 

департаментіне  құжат  жолдау  керек,  –  деді 

бөлім  басшысы.  Қандай  құжат  дайындау  ке-

рек туралы сауалға Марат Сатыбалдыұлы бы-

лай түсіндіре кетті:

–  Алдымен,  жеке  басын  куәландыратын 

құжаттың  көшірмесін,  білім  туралы  құжат 

немес  жоғары  оқу  орындарының  соңғы 

курсының студенті екендігін растайтын құжат 

керек.  Сонымен  қатар,  тиісті  сауалнаманы 

толтырып,  парақшаға  қолын  қойып  облыс 

орталығындағы адреске жолдау керек. Байла-

ныс телефоны 8 (7242) 70-56-26. Сондықтан, 

кешікпей құжат өткізу маңызды, – деді. 

Жобаға  қатысушыларға  қойылатын  та-

лаптар да бар. Біріншіден, үміткер ҚР азаматы 

болуы керек, екіншіден жасы 30-ға толмаған 

ана  тілді  жетік  меңгеру  керек.  Сондай-ақ, 

компьютерлік бағдарламалармен және басқа 

да  оргтехникалық  жұмыс  жасай  білу  қажет 

екен.  Жалпы,  жоба  сегіз  кезеңнен  тұрады. 

Үміткерлерді  тіркеуден  кейін  ресми  іріктеу 

кезеңі  өтеді,  содан  соң  сұхбаттасу  алаңы 

өтеді  екен.  Оқыту  курсы,  сынама  тестілеу, 

тағылымдама және қорытынды шығады екен.



Әлібек ТЕМІРБЕК.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ

 

ЖОЮ ЖОЛЫ


Шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі аналар күнінен 

орай, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде ай-

тулы шара өткізілді. Сахна төрінен орын алған  аудан 

мақтаныштары Азия Қыстаубаева, Жақсыгүл Бегмано-

ва, Айша Наубаева, Зоя Өрғараева, Ғалия Тұрабаеваға 

көпшілік қауым ыстық ықыласын қошеметімен білдірді. 

Шараның шымылдығын түрген колледж директоры 

Мадияр Ахметов: «Осы отырған апалар арасындағы Айша 

Наубаева мен Азия Қыстаубаеваның осы оқу орнының 

түлектері ретінде мақтан етеміз. Айша Дәрімбайқызы ши-

рек ғасыр бойы алып К-700 тракторының рөлінде жүріп 

атақ абыройға бөленді. Қазір ауданға есімі танымал 

қолөнер шебері – кәсіпкер. Ал Азия Абдіхалыққызы өз 

еңбек жолын  әуелде трактор айдаудан бастап. Кейіннен 

басшылық жұмыстарға араласты. Жиырма жылдан астам 

Сунақата ауылдық округінің әкімі қызметін абырой-

мен атқарды. Бұл күні ол аудан әкімінің гендерлік сая-

сат және отбасы жөніндегі кеңесшісі. Сондықтан да біз 

оларды мақтан етеміз, шәкірттерімізге үлгі ете айтамыз», 

дей келе, колледж басшысы барша әйелдер қауымын 

халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Жүздесу барысында студенттер асыл аналармен 

еркін пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Өнерлі 

өнерпаздар анаға деген махаббатты арттыратын әсерлі 

әндерден шашу шашып, жиылғандарға көтеріңкі көңіл күй 

сыйлады. 



Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.

КОЛЛЕДЖДЕГІ 



КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Орман  қоры  жерлерін  өрттен 

қорғау  –  осы  салада  жүрген 

қызметкерлердің  күн  тәртібіндегі 

міндеті.  Кез  келген  істің  алдын  алу 

–  бұл  тиянақтылықты  талап  етеді. 

Сондықтанда орман және дала өртіне 

жол  бермеуде  қырағылық  қасиет 

қажет. Осы тұрғыда өткен жылы ре-

спублика  көлемінде  орын  алған  ор-

ман  өрттеріне  тоқтала  кетсек.  2016 

жылы  мемлекеттік  орман  қорының 

республика аумағында 640,1 га бол-

са,  оның  ішінде  275,2  га  орман 

көмкерген  алқапта  306  орман  өрті 

тіркелген. Бұл дегеніміз – мемлекет-

ке  28,6  млн  теңге  нұқсан  келтірілді 

деген  сөз.  Мұндай  салғырттыққа 

жол  бермес  бұрын  тұрғындар  ара-

сында  тұрақты  насихат  жұмысын 

жүргізу  мекеме  тарапынан  жолға 

қойылған. Бүгінде көктем айы келгелі 

диқаншы  қауым  дала  жұмыстарына 

ден  қояды.  Осы  тұста  бірқатар  ша-

руа  қожалықтар  өздеріне  тиесілі 

аумақтағы қураған шөп қалдықтарын 

ортаға  жинап  өртеп  жібереді.  Алай-

да  оттың  толық  өшуін  көпшілік 

қадағаламау  салдарынан  алаулаған 

жалынның  ұшқыны  орны  толмас 

өкінішке  ұшыратып  жатады.  Немесе 

мал  іздеген  жандар  мен  аңшылыққа 

әуесі бар адамдар оттық жағып, оны-

сын  сөндірместен  тастап  кете  са-

луы  жауапкершілікті  сезінбейтіндігін 

білдіреді.  Бұл  бағытта  «Жаңақорған 

орман  және  жануарлар  дүниесін 

қорғау  жөніндегі»  мемлекеттік  ме-

кеме  ұжымы  қайғылы  апаттарға 

бол  бермес  үшін  ауыл-аймақтарды 

үгіт-насихат  жұмыстарын  жүргізуде. 

Оған  қоса,  орман  қоры  жерлеріне 

минералдық  белдеулер  тартылып 

қажетті 


орындарға 

аншылактар 

қойылуда. 

Өрт 


қауіпсіздігін 

шарасын 


нығайту 

мақсатында 

облыстық 

прокуратураның 

талаптамасы-

на  сәйкес  өрт  аса  қауіпті  мау-

сымда  мемлекеттік  орман  қоры 

аумағында  жеке  тұлғалардың  бо-

луы мен көлік құралдарының өтіуіне 

шектеу  қойылды.  Яғни,  аса  қауіпті 

өрт  кезінде  өрт  қаупі  бар  орманды 

жерлерге  жақын  орналасқан  ауыл 

тұрғындары мал жаюға, мал іздеуге, 

балық  аулауға  шыққанда  қауіпсіздік 

талаптары 

мен 


санитарлық 

қағидасын  қатаң  сақтау  жөнінде 

ескертпелер беріледі.

Түйінделе  келе,  аудан  бойынша 

орман  қорындағы  жер  үлесі  791535 

мың  гектар  аумақты  құрайды.  Ор-

ман  қоры  жерлерін  өрттен  қорғау 

мекемесінің 

екі 

орманшылыққа 



бөлініп  берілген.  Мекеменің  өрт 

сөндіру бөліміндегі кезекшілікке тұру 

барысында  өрт  сөндіру  техникала-

ры  мен  құрал  саймандары  сақадай 

сай тұр. Мәселен: өрт сөндіру маши-

насы  ГАЗ-3308,  Уаз  Фермер  390945-

330  автокөлігі,  МТЗ-80  тракторы 

тіркемесі, МТЗ-80 тракторы, ХТА-

200-10 тракторы соқасы, ХТЗ-150 

тракторы  соқасымен  тағы  өзге 

құралдар  дайын.  Десе  де,  өлке 

табиғатының  тамаша  бейнесіне 

көздің қарашығындай қарап, өрт 

оқиғаларын болдырмауға барын-

ша  сақтық  шараларын  ескерген 

абзал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет