Нұрқасым МАРАТҰЛЫ.
Жаңақорған аудандық сотында ҚР Қылмыстық
Кодексінің 200-бабы 1-бөлігімен айыпталған
А-есімді азаматқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Сот
отырысында
анықталғандай,
2016
жылғы 29 қыркүйек күні сағат 09:00 шамасын-
да, Машбек ауылының батысында төрт шақырым
қашықтықта орналасқан егістік алқабында тұрған
«Lada» үлгісіндегі автокөлігінің иесінің Қызылорда
қаласында екенін пайдаланып, кілтті қалдырған К.
есімді азаматтан жымқыру мақсатынсыз, Түркістан
қаласына қыдырып барып, қайту ниетімен сұрап
алған.
2016 жылдың 29 қыркүйек күні сағат 23:00 ша-
масында күдікті А. Түркістан қаласында аталған
автокөлікті айдап, қыдырып жүрген жерінен
Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының по-
лиция қызметкерлеріне ұсталып, Жаңақорған
аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесіне
жеткізілді.
Нəтижесінде сотталушы А. Қазақстан Респу-
бликасы ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің талаптары-
на сəйкес жəбірленуші Е-мен медиация тəртібімен
татуласуына жəне келтірілген зиянды қалпына
келтіруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босатылып, ол жөнінде ҚК-нiң 200-бабы 1-бөлігімен
айыпталған қылмыстық іс тоқтатылды.
Мейіржан ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ,
Жаңақорған аудандық сотының
аға сот приставы.
КӨЛІК ҰРЛАУ
КӘСІП ЕМЕС
ХАЛЫҚ ТЫНЫШТЫҒЫН
КҮЗЕТЕТІН
ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ
ҚЫЗМЕТІ ЖЫЛДЫҢ
ҚАЙ МАУСЫМЫНДА ДА
ҚАУЫРТ. ҚАУІПСІЗДІКТІ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН
ҚЫЗЫЛ ЖАҒАЛЫЛАР ТА-
БАНДАРЫНАН ТІК ТҰРЫП,
БАСШЫЛЫҚ БЕРГЕН ТАП-
СЫРМАНЫ ТИЯНАҚТЫ
ОРЫНДАУҒА ТЫРЫ-
СЫП БАҒАДЫ. СЕБЕБІ,
ОЛАРҒА АРТЫЛҒАН
ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ
АУЫР. СОНДЫҚТАН, БІЗ
АНТЫНА АДАЛ, СЕРТІНЕ
БЕРІК ІШКІ ІСТЕР
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
БІР КҮНДІК ӨМІРІМЕН
ТАНЫСУҒА БЕЛ БУДЫҚ.
ПРОЕКТ
ОБ ОПРЕДЕЛЕНИИ МЕСТ
ВЫПАСА ЖИВОТНЫХ
В соответствии с подпунктом 1) статьи
10-1 Закона Республикик Казахстан от 10
июля 2002 года «Ветеринарии» РЕШИЛ:
1. Определить местами выпаса живот-
ных на участке Южнее село Озгента до
границы Кожакентского аульного окру-
га, территории между трассами Кандуз-
Жанакорган и вокруг канала К-1 320га,
между каналами Келинтюбе и село Аксуат
территории 25 га, от село Аксуат вокруг
озеро Озгент территории 38 га, от село
Аксуата восточнее вокруг озеро Озгент до
река Сырдарии и канала К-1 территории
97 га, всего 480 гектаров.
2.Настоящее решение вводится в дей-
ствие по истечении десяти календарных
дней после дня первого официального
опубликования
Н.ОСПАНОВ,
аким сельского округа Озгент.
ЖОБА
МАЛ ЖАЯТЫН ОРЫНДАРДЫ
АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ
«Ветеринария
туралы»
Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі
Заңының 10-1 бабының 1-тармақшасына
сəйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өзгент ауылының оңтүстігіне қарай
Қожакент ауылдық округінің шекарасына дейін,
Қандөз-Жаңақорған трассасы мен К-1 кана-
лы жағалауын қоса алғандағы аралықтағы
320 га, Мұсаханов каналы мен Ақсуат елді
мекені аралығындағы 25 га , Ақсуат ауылынан
шығысқа көлді жағалай 38 га жəне Ақсуат ау-
ылынан шығысқа қарай көлді жағалап дарияға
қарай К-1 каналын бойлай жатқан 97 га аймақ,
барлығы 420 га жайылымдық жерлер мал жая-
тын орындар болып айқындалсын.
2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған
күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Н.ОСПАНОВ,
Өзгент ауылдық округінің əкімі.
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС
БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ
ТҰЛҒАЛАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
№
Аты-жөні
Лауазымы
Қабылдау
күні
Қабылдау
уақыты
1
Тəжіғұлов
Қалмұхамбет
Жолмырзаұлы
Бөлім
басшысы
Әр аптаның
сəрсенбі күні
15-00 –ден
19-00 –ге
дейін
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18
қарашадағы №410 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ту-
ралы» Заңының жəне Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің əдептілік
нормаларын жəне мінез-құлық қағидаларын одан əрі жетілдіру
жөніндегі шаралар туралы» Әдеп кодексінің (Қағидаларының)
талаптарын жүзеге асыру мақсатында бөлімнің қызметкерлері
тарапынан құқық жəне заң бұзушылық əрекеттері орын алған
жағдайда, Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №37 үйде
орналасқан аудандық құрылыс бөлімінде 22-3-24 сенім телефо-
ны жұмыс істейтінін хабарлайды.
Қазақстан Респу-
бликасы «Нотари-
ат туралы заңының»
60 – бабы негізінде
қайтыс болған Ша-
рапиев Орынба-
сар Сарсенбаевичтің
атында қалған мұралық
мүлікке мұраның
ашылғандығы туралы
өтініш түсуіне байла-
нысты, мұрагерлері бо-
лып танылатын туыста-
ры мұрагерлік куəлік
алу үшін Жаңақорған
ауданының нотариусы
Әлайдар Әбушахма
Өсербайұлына
өтініш беруіне бола-
ды. Жаңақорған кенті,
Аманкелді көшесі
№134.
МҰРАГЕРЛІК
КУӘЛІК
АО «ШалкияЦинкЛТД» извещает о том, что рабочий про-
ект «Очистные сооружения хозяйственно-бытовых стоков горно-
обогатительного комплекса АО «ШалкияЦинк ЛТД» с Разделом
«Оценка воздействия на окружающую среду (РОВОС)» передан на
государственную экологическую экспертизу в Управление природных
ресурсов и регулирования природопользования Кызылординской об-
ласти.
Разработчик проекта – ТОО «Стройреклампроект».
Разработчик Раздела «Оценка воздействия на окружающую сре-
ду» - ТОО «Тана-Пракс».
Принятые проектные решения делают маловероятным заметное
воздействие объекта на окружающую среду. Выявленные при разра-
ботке Раздела факторы воздействия на окружающую природную сре-
ду носят незначительный характер.
Воздействие на окружающую среду при строительстве и эксплуа-
тации оценивается как среднее и компенсируется природоохранными
мероприятиями, платежами.
Предварительно по материалам Раздела «Оценка воздействия на
окружающую среду» в период с 05 по 24 ноября была представлена
возможность общественности для ознакомления с материалами Раз-
дела. 25 ноября прошли общественные слушания в форме открыто-
го собрания, организованные Управлением природных ресурсов и ре-
гулирования природопользования Кызылординской области. В ходе
проведения общественных слушаний поступили замечания и пред-
ложения от общественного объединения «Сыр Экология». Подготов-
лены письменный ответ на замечания ОО «Сыр Экология» и Коммен-
тарий по учету предложений и замечаний общественности в проект-
ной документации.
Данная информация представлена во исполнение требований
п.61 «Инструкции по проведению оценки воздействия на окружаю-
щую среду», утвержденной приказом Министра охраны окружающей
среды РК от 28.07.2007 года № 204-п.
«ШалқияЦинк ЛТД» акционерлік қоғамы, «ШалкияЦинк ЛТД»
АҚ-ның тау-кен байыту кешенінің шаруашылық-тұрмыстық ағын су-
ларын тазалау құрылысы» жұмыс жобасының «Қоршаған ортаға
əсерін бағалау» тарауы (ҚОӘБТ) Қызылорда облысы табиғи ресур-
стар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасына мемлекеттік
экологиялық сараптамаға берілгенін хабарлайды.
Жобаны əзірлеуші - "Стройреклампроект" ЖШС.
"Қоршаған ортаға əсерді бағалау" тарауын əзірлеуші "Тана-
Пракс" ЖШС.
Қабылданған жобалық шешімдер нысанның қоршаған ортаға
елеулі əсері екіталай екендігін көрсетеді. Тарауды əзірлеу барысын-
да анықталған қоршаған ортаға əсер ету факторлары болмашы си-
патта болады.
Құрылыс жəне пайдалану кезінде қоршаған ортаға əсері, орта-
ша ретінде бағаланады жəне табиғат қорғау іс-шараларымен,
төлемдермен орны толтырылады.
Алдын ала, "Қоршаған ортаға əсерді бағалау" тарауы материал-
дары бойынша, 05-нен 24-ші қарашаға дейінгі мерзімде, тараудың
материалдарымен танысу үшін, жұртшылыққа мүмкіндік ұсынылды.
25 қарашада, Қызылорда облысы табиғи ресурстар жəне табиғат пай-
далануды реттеу басқармасымен ұйымдастырылған, ашық отырыс
нысанындағы қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Қоғамдық тыңдаулар
өткізу барысында, "Сыр Экология" қоғамдық бірлестігінен ескертпе-
лер мен ұсыныстар келіп түсті. "Сыр Экология" ҚБ-нің ескертпелеріне
жазбаша жауаптар жəне жобалық құжаттардағы жұртшылықтың
ұсыныстары мен ескертпелері есебі бойынша түсіндірмелер дайын-
далды.
Аталған ақпарат, ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрінің
28.07.2007 жылдан № 204-п бұйрығымен бекітілген, "Қоршаған
ортаға əсерін бағалауды жүргізу бойынша нұсқаулықтың" 61
тармағына сəйкес ұсынылды.
ХАБАРЛАНДЫРУ
ОБЪВЛЕНИЕ
Қазақстан
республикасының
2015-2025
жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стратегиясы қабылданып, жүзеге асқанына бір
жылдың жүзі болды. Мұндай маңызды құжаттың
қабылдануы қажеттіліктен туындағаны даусыз.
Соңғы жылдары қолданысқа енген заңнамаларда
мемлекеттік қызметті мінсіз етудің, халыққа
қолжетімділігін арттырудың, мамандар іріктеудегі
талапты қатайтудың тетіктері жасалынған.
Ел тəуелсіздік алған жылдардан бастап сыбай-
лас жемқорлыққа қарсы күресті табанды жүргізіп
келеді. Мұндай қадам алға дамуды, өркениетті
қоғамға жетуді мақсат еткен кез келген мемле-
кет өзінің алғашқы жұмысын жемқорлықты жоюға
арналған жоспар құрудан бастайды.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая-
си бағыты» атты Жолдауында: «Жемқорлық – жай
құқықбұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне
деген сенімді сетінетеді жəне ұлттық қауіпсіздікке
төнген тікелей қатер болып саналады» – деп
көрсетіп, кеселмен күреске ерекше маңыз берген.
Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары «Сыбай-
лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015
жылы 18 қарашада қабылданып жəне 2016 жылдың
1-ші қаңтарынан қолданысқа еңгізілген жаңа заңда
қаралған. Бұл заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды
реттейді жəне Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясатын жүзеге асыруға бағытталған.
Осы мəселе аясында Жаңақорған ауданының
əділет басқармасында, 2016 жылы «Нұр-Отан»
партиясы аудандық филиалымен, аудандағы
құқық қорғау органдар өкілдерімен, халыққа
қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен,
жемқорлықтың алдын алу мақсатында 9 семинар,
3 дөңгелек үстөлдер ұйымдастырылып өткізілді.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен
бірлесе отырып, 2016 жылы төрт рет «Әділет кеңес
береді» акциясын ұйымдастыра отырып, аудандағы
азаматтарға заңнамалық түсіндірме жəне кеңестер
берілді. Басқарманың «119» сенім телефоны-
на 2016 жылы 47 азаматтар хабарласып, оларға
нақты жауаптар берілді. Басқармада жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл жоспары жасалынып, жоспарға сай
жұмыстар жүргізіліп келеді.
Төребек ИСКАКОВ.
БІР КҮНІ
Жуырда аудандық орталық мешітте пробация
қызметкерлері мен «Жастар ресурстық орталығы»
коммуналдық мекемесі бірлесе отырып есепте тұрған
азаматтармен кездесу өткізді. Кездесу барысында бас
имам Сайділла Омаров жаза басып, қылмыс жасаған
жандарға дін туралы насихаттап, тура жолда жүруге
шақырды. Діни жəне құқықтық тақырыпта өрбіген жиын
барысында пробация қызметкерлері мен қоғамдық
жұмыста белсенділік танытып жүрген азаматтарға ішкі
саясат бөлімінің басшысы Әбілғасы Төлегеновтың «Алғыс
хаты» табысталды. Сондай-ақ, келушілерге имандылық
жолына бет бұру үшін тақия мен жайнамаз таратылды.
Одан əрі, бұл шара спорттық бағдарламамен жалғасты.
Бүгінгі шара аясында «Пробация қызметінің есебінде
тұратын сотталғандардың назарына» жəне «Подучет-
ник» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Айта кететіні, жыл басынан бері тізімде тұрған 32 аза-
мат жұмыспен қамтамасыз етілді.
Айбек МОМБЕКОВ.
Тізімде тұрғандарды
тəртіпке шақыру
МІНСІЗ
ҚЫЗМЕТ –
МЕРЕЙІҢДІ
АСЫРАДЫ
6 желтоқсан, 2016 жыл
4
Меншік иесі:
жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі
Бас директор
Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
Жаңақорған аудандық
«Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясы
Бас редактордың міндетін атқарушы
Нұрлат БАЙГЕНЖЕЕВ
Телефондар:
Бас директор -8(7242) 70-00-36
Бас редактор -21-4-35
Бас редактордың орынбасары -21-9-71
Жауапты хатшы -79-1-35
Тілшілер -22-2-44
Газет Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат агентігінде
19.06.2014 ж. қайта тіркеліп, №14411-Г куəлігі берілген.
«Жаңақорған тынысы» аудандық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009
«Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сəйкес сертификатталған.
Газет əр аптаның сейсенбі, сенбі күндері шығады. Қолжазбалар өңделеді
жəне кері қайтарылмайды. Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті
көзқарасын білдірмейді.
Газет редакцияның компьютер орталығында
теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаханасын-
да басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан
көшесі, 4. Тел: 8(7242) 40-06-68. Газеттің таралымы
бойынша 22-2-44 немесе 8(7242)70-14-08 телефоны-
на хабарласуға болады.
Таралымы 6225 Тапсырыс № 1486
Мекен-жайымыз: 120300 Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі, №58 үй. Е-mail: janakorgangazeta@mail.ru
СЫР
МЕДИА
Оқшау ой
Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.
Иə, оның ел үшін жасап жатқан ізгі амал-
дарын бірі білсе бірі біле бермейді. Қаншама
қаракөздерге пана болып, «ата» ата-
нып жүрген ел ағасы жуырда №3 мектеп-
интернатқа арнайы барып, оқушылармен
жүздесті. Өткен өмірінен сыр шертіп, балалар
көкейіндегі сауалдарға риясыз жауап беріп,
емін-еркін сұхбат алаңында арман-мұратын
ақтарды.
«Жүректерге жылу құяр жылулық»
атты іс-шараны білім ордасының директоры
Лəззат Нəлібаева ашып, мəнді де мағыналы
ой айтты. Елдің болашағы бүгінгі жас өреннің
ертеңі үшін жасап жатқан игі істері үшін
ел ағасына алғысын білдірді. Концерттік
бағдарламамен жалғасқан кеште «Сыр елі»,
«Аташым», «Ағаларым» жəне басқа əуезді
əуендер шырқалды. Жүректен шыққан ар-
нау өлеңдерін оқыған оқушылар да бол-
ды. Кеш жүргізушісі мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнара
Әлібекова. Шара барысында сұрақ қоюға
асыққан шəкірттердің жүздерінде ерекше
толқу, қуаныш лебі байқалды. Иə, осы тəлім
ордасының оқушыларына Аманкелді Абдул-
лаев үнемі қолұшын созып, қамқорлығын
көрсетіп-ақ келеді. Содан болса керек-ті
оқушылар қайырымды азаматқа сұрақ қоюға
асықты.
– Бала кезде кімді үлгі тұттыңыз? – деп
Асылжан Қожамұрат алғашқы сауалды қойды.
– Жалпы, адам баласы өмірге келген
соң өнеді, өседі, уақыт өте оның бойында
өзіндік болмыс-бітімі, ой-өрісі қалыптасады.
Ортаға бейімделіп, ақ пен қараны ажыратуға
талпынады. Биікке ұмтылады. Бұл өмірдің
заңдылығы. Ал, пенде бойындағы барлық
қасиет, оның ішінде адамгершілігі де, əділ
əрі мейірімді болу да барлығы ананың ақ
сүтінен дариды екен. Сондықтан, ананың
қамқорлығы мен мейірімін, жылулығы мен
көрегендігін көріп, сол амалдарды үлгі тұтқан
бала ешқашан жаман болмайды, – деді ел
ағасы.
– Аманкелді атаның бала күнгі арманы
қандай еді? – деді Айжан есімді 10-шы сынып
оқушысы.
– Өмір тақтайдай тегіс болмайды екен.
Бала кезде арман деген толассыз аққан
теңіздей тасып жатты. Бірақ, ол кезде
жоқшылықтың дəуірі болатын. Әкеммен төрт
жылдай қой бақтым. Мен əжемнің тəрбиесін
көп көрген баламын. Оның ыстық алақанына,
мейірім шапағатына бөленіп өскендіктен бо-
лар əрдайым жақсылыққа ұмтылып тұрдым.
Біреуге қол ұшын созып, көмек беру парыз
деп ұғындым.
Бір қызық айтып берейін, сол бал кез бо-
латын. Ең алғаш жұмыс істеп маңдай тер-
мен тапқан табысым əлі көз алдымнан
кетпейді. Дала баласына ерте еңбекке ара-
ласу қиын емес-ті. Сол бір уақытта қырман
мен диірменде аздап жұмыс жасап, ақым
үшін алған 3 келі ұнды əжеме алып келіп
бергенім есімнен кетпейді. Міне, бұл еңбек
менің жігерімді шыңдады, өрісімді кеңейтті,
– деген Аманкелді аға сөзін былай жалғады:
«Бүгінгі жастар кітап оқымайды дегенді естіп
жатамыз. Жалпы, кітап оқу керек. Мен бала
кезде кітапты көп оқитынмын. Қыраш ауылы-
на қой бағып жүріп жиі баратын едім. Себебі,
кітап оқу үшін. Кітап – адамға рухани азық
береді, ұйқыдағы сананы жаңғыртып, өзіңді
саналы да, сауатты тəрбиелеуге үйретеді. Бір
сөзбен айтқанда, жүректі байлыққа толтыра-
ды. Міне, менің бала кезгі арманым көбірек
білім алып, болашақ үшін белсенді күресуге
ұмтылу болатын. Биыл жетпіске аяқ бас-
сам да қолымнан осы құнды дүние түскен
емес. Қазір «Көшпенділер» трилогиясының
3 томдығын қолыма алып оқып жатырмын, –
деді.
Осылай оқушылардың сұрақтары тола-
стамады. Кездесу алаңына келген аудандық
ардагерлер кеңесінің төрағасы Зинабдин
Шермағамбетов те ел ағасы туралы пайым-
ды пікірін білдірді. – Әбекең туралы айтыла-
тын əңгіме көп. Ол кісінің елге еткен еңбегі
еселі. Әрқашан жанашыр іздеген жанға көмек
көрсету азаматтық борышым деп тұратын
азаматтың қатарынан. Әрі еңбекқор, мінезі
тік адам. Бір қасиеті «шалқайғанға шалқай,
еңгейгенге еңкей» деген нақылды жадына
түйген кісі, – деді.
Кеш одан əрі оқушылардың жомарттық ту-
ралы журналисттік зерттеулері мен Түгіскен
ауылына барып, ел ағасының жасаған
жақсылықтарын бейне жазбаға түсіріп,
көрермендерге ұсынумен жалғасты. Осы бір
жазбадан Аманкелді ағаның өткен ғасырда өзі
қызмет еткен Аққорған ауылдық округіндегі
жақсылығының бір ұшын көзбен көрдік. Жаны
жомарт жан мүгедек кісіге үй тұрғызып, бөліп
жармай мейірімін төге білген. Кеш барысын-
да журналист Нұрмахан Елтай мен Дина Ах-
метова ізгі тілектерін жеткізді. Әрі мектеп ди-
ректоры Лəззат Машбекқызы жомарт жанға
«алтын жүректі адам» төсбелгісін тағып,
ұжым атынан естелік альбом сыйласа, баста-
уыш сынып мұғалімі Гүлзада Искакова жылы
лебізімен сый-сияпатын тарту етті. Ал, ел
ағасы ұстаздар қауымына Тұңғыш Президент
күніне орай Елбасы бейнеленген кілемше
сыйлады. Сондай-ақ, үздік оқушылар мен
пəн мұғалімдерін марапаттады. Әсерлі кештің
бірінші бөлімінің соңында ауданның бас има-
мы Седілла Омаров ақжарма ақ тілегімен ақ
батасын берді.
– Бүгінгі кеш мен үшін ерекше əсер
қалдырды. Біріншіден, жақсылық жасаудың
сауапты іс екенін ұқтым. Екіншіден, білімге
ұмтылған жанның алар биігінің қаншалықты
боларына көзім жетті. Сондықтан, Аманкелді
атаның келешек үшін жасаған жақсылығына
ризашылығымды білдіремін. Менің де арма-
ным болашақ үшін аянбай еңбекке ұмтылу,
– деді Әнуар Дəурен.
ТҮЙІН. Қазақтың бас ақыны Абай
Құнанбаев адамның үш қасиеті болады
дейді. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы
жүрек. Бүгінде өскелең ұрпаққа ақылын ай-
тып, жаураған жүрекке жылылық нұрын
сеуіп, жабырқаған көңілге қуаныш сыйлай
білген Аманкелді Мүбарəкұлының азаматтық
істеріне ел сүйсінеді. Осындайда «Жақсының
жақсылығын айт нұры тасысын» деген
нақылды ойы ұшқыр, көкірегі ояу дана халық
тегіннен-тегін айтпаса керек-ті.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
ЖОМАРТ КІСІ
ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ АҚЫН АХМЕТ
ИҮГІНЕКИ «ЕГЕР МАҚТАҒЫҢ КЕЛСЕ ЖО-
МАРТ ЕРДІ МАҚТА, ЖОМАРТТЫҚ БАРЛЫҚ
АЙЫПТЫҢ КІРІН ЖУАДЫ, СОНДЫҚТАН
ЖОМАРТ БОЛ. ЖОМАРТ ЕР – ХАЛЫҚТЫҢ
ҚҰРМЕТТІСІ. ЖІБІМЕЙТІН КӨҢІЛІҢДІ СОЛ
КІСІ ЖІБІТЕДІ, ЖОМАРТТЫҚ АБЫРОЙ-
АТАҒЫҢДЫ, АЖАР-КӨРКІҢДІ АРТТЫРА-
ДЫ, СЕНІ СҮЙІСПЕНШІЛІККЕ БӨЛЕЙДІ...»
– ДЕГЕН ЕКЕН. ОЙШЫЛДЫҢ МАЗМҰНДЫ
ОЙЫ ҚАНШАМА ҒАСЫР ӨТСЕ ДЕ МӘНІН
ЖОЙҒАН ЖОҚ, ҚАЙТА ӨМІРШЕҢ ЕКЕНІН
ДӘЛЕЛДЕП КЕЛЕДІ. ӘСІЛІ, АДАМ БАЛА-
СЫ ӨМІРГЕ КЕЛГЕННЕН СОҢ ЖАҚСЫ АМАЛ-
ДАР ЖАСАУЫ МІНДЕТ. ҚИНАЛҒАНҒА ДЕМЕУ,
ЖЫЛАҒАНҒА ЖҰБАНЫШ, СҮРІНГЕНГЕ ТІРЕУ
БОЛА АЛАТЫН ЖАНЫ ЖАЙСАҢ, КӨҢІЛІ
КЕҢ ЖАНДАР ТУҒАН ӨЛКЕДЕ ДЕ КӨП ДЕ-
СЕК АРТЫҚ АЙТҚАНДЫҚ ЕМЕС. ӘСІРЕСЕ,
ЖАРАТҚАННЫҢ БАСҚА САЛҒАН ТАУҚЫМЕТІН
ТАРТЫП, АТА-АНАНЫҢ ҚАМҚОРЫНСЫЗ
ҚАЛҒАН, ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА ҚОЛ ҰШЫН СО-
ЗЫП, РУХАНИ ҺӘМ МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК
КӨРСЕТІП ЖҮРГЕН ТҰЛҒАЛАР ҚАШАНДА
ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ. СОНДАЙ ЖАННЫҢ БІРІ –
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕСІ, «ЖАҢАҚОРҒАН
АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ»
АМАНКЕЛДІ АБДУЛЛАЕВ.
ЖҮРЕКТЕРГЕ
ЖОЛ ТАБАДЫ
Кісінің бір-бірін кешіре білмеуі келіспеушілікке,
келіспеушіліктің соңы керіске ұласатыны сияқты
зұлымдықтың да ортаға шығуы мейірімнің жоқтығынан
мүмкін болса керек.
Мейірім атты ұлы сезімнің жұтаңдауы тіпті бір ата-
дан тараған қос перзентті бір-біріне жат еткен жоқ
па? Қабыл Әбілді өлтірді. Зұлымдық содан бері адам-
затпен əлі бірге өмір сүріп келеді.
Адамдардың қатыгездігі, қылмыстың көптігі,
əлемдегі
зорлық-зомбылықтың
барлығы
осы
зұлымдықтың көрінісі болып табылады.
Зұлымдық Құдайсыздықтан туады деген Аль-
берт Эйнштейн. Ол құдай жоқ деген достарына: Сен-
дер, материалистер қызықсыңдар. Әрбір қарапайым
нəрсенің иесі болу керек дейсіңдер де, кез келген зат-
тан да күрделі, керемет тəртіппен құралған ғаламды
өзінен-өзі пайда болған деп тұжырымдайсыңдар
дейді екен.
– Құдай бар дейсің, сонда əлемдегі зұлымдықты
да құдай жаратқан ба? Онда логикаға жүгінсек, құдай
деп жүргеніміз зұлымдықтың өзі болып шықпай ма? –
деген сауалға А.Эйнштейн былай деп жауап береді:
«Физика заңдылығына сүйенсек, біздің суық деп
жүргеніміз жылудың жоқтығын білдіреді. Қараңғылық
деп жүргеніміз жарықтың жоқтығы. Біз қараңғылықты
емес, жарықты зерттейміз. Ньютонның призмасын
пайдалану арқылы ақ жарықты əртүрлі түске бояп,
əрбір түстің толқынының ұзындығын анықтаймыз.
Ал қараңғылықты өлшей алмайсың. Сол сияқты
зұлымдық дегеніміз құдайсыздықтан туатын құбылыс»
деп түсіндіреді. Яғни, жылу мен жарықтан алыстаған
сайын суық пен қараңғылыққа қауыштынымыз сияқты
құдайдан алыстаған сайын зұлымдыққа тап бола-
ды екенбіз. Зұлымдық, дұшпандық, жаулық сияқты
қаскүнем мінез бір-бірін кешіре білмеуден туындай-
тынын айттық. Осы сөзімізге мына тəмсілді келтіре
кетейік:
«Ағайынды екі жігіт қатты жүз шайысып ренжісіп
қалады. Екеуінің үйлерінің ортасын шағын көл бөліп
тұрады екен. Ағасы ұстаны шақыртып: Көлдің ана ба-
сында тұрған үйді көріп тұрсың ба? Мен соны көргім
келмейді. Інімнің жүзін де, өзін де көрмейін, ортамызға
бір қорған салып бер, таң атқанша дайын болсын,
ақысын төлеймін, – дейді. Ұста түнімен еңбектенеді.
Таңертең сыртқа шығып қараса ұста ұзыннан-ұзақ
көл үстіне көпір салып қойыпты. Көпірдің арғы басын-
да тұрған інісі, бұны көріп, айқайлап:
– Мен бұрын кешірім сұрауым керек еді. Табыспай
өліп кетем бе деп қорықсам да көкірегім жібермей,
көзім байланып жүруші едім, жолды менен бұрын
өзіңіз ашып, үлкендігіңізді таныттыңыз. Басымды иіп,
кешірім сұраймын, – деп көз жасын көл етіп жылап
тұр екен. Міне, ұстаның ақылдылығы арқасында екі
ел қайта жарасты. Біздің арамызда осындай табы-
стыратындар емес, табалайтындардың көптігі көлігі
қандай өкініш.
ЗҰЛЫМДЫҚ НЕДЕН
ТУАДЫ?
Шараны аудан əкімінің орынбасары Бақытжан Айтбембет
ашып, жастарға ыстық ықыласын білдірді.
– Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні
мерекесі аясында ұйымдастырылып отырған шараның мəні мен
мағынасы терең. Бұл шара өскелең ұрпақты отансүйгіштікке,
патриотизмге тəрбиелейді. Отан алдындағы борышын өтеу
əрбір азамат үшін баға жетпес құндылық. Сондықтан əскерге
аттанғалы отырған жастарға сəттілік тілейік. Ел алдындағы бо-
рышын абыроймен атқарып, туған өлкеге аман-есен оралуын
тілейміз, – деді. Әрі, Бақытжан Ерманұлы аудан əкімінің «Алғыс
хатымен» жəне Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі
департаменті бастығының грамотасымен ауданның қорғаныс
саласында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар сала маманда-
рын марапаттады.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зинабдин
Шермағамбетов, ауданның бас имамы Сайділла Омаров жəне
аудан соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Абла-
кимов жас сарбаздарға ақ жол тілеп, туған өлкеге абыройлы
оралуларына тілектестік білдірді. «Арман» кенттік мəдениет
үйінің өнер ұжымы жас буынға патриоттық бағытта əн арнап,
жігерлерін жанып, ерекше дем берді. Тебіреністі көңіл-күймен
сахна төріне əскер қатарына шақырту алған жастар көтерілді.
Ал, оларға аманат хатты аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы, подполковник Нұрдəулет Бердібеков табыстады.
Әрі, елдің елеулі ұлы, патриот азаматы болып қалыптасуларына
сенім білдірді. Ата-аналар атынан Бибіайша Тұрғанбаева сөз
алып, жастарға сəт сапар тілеп, ақ батасын берді. Айта кететіні,
ауданның он төрт жасы ҚР Ұлттық ұлан əскери бөліміне шақырту
алған болатын.
– Әскер алдындағы борышты өтеу əрбір азаматтың ел
алдындағы міндеті, борышы. Сондықтан, мен үшін бүгін ерек-
ше күн. Әскер қатарына қосылу мəртебесіне ие болғанымды
абырой деп санаймын. Алла бұйыртса, жүктелген міндетті
ойдағыдай атқарып, туған жерге абыройлы оралуға дайынмын,
– деді Жанболат Кеңесбекұлы.
Айта кететіні, биылғы күзгі əскерге шақырылымға аудан
бойынша 100-ге тарта жас шақырту алса, соның 70-ке жуығы
сарбаз қатарына қосылыпты. Сала басшысының айтуы бойын-
ша жыл соңына дейін əскерге аттанушылар саны межеге жетеді
дейді.
– Жастардың бойында қайрат-жігер, күші мен рухы асқақ
болғанымен кейбірі əскерге барудан жалтарады. Ондай аза-
маттар аудан бойынша, кентте де кездеседі. Іргелі ел болғалы
Қазақстан бəсекеге қабылетті мемлкеттер қатарына еніп
келеді. Қарулы күші мықты, қорғанысы бекем елге айналды.
Сондықтан, осындай берекелі елдің шекарасы мен тыныштығын
қорғау əрбір ұланның азаматтық борышы деп қарау керек, –
Нұрдəулет Кенжебайұлы.
Әлібек ТЕМІРБЕК.
«ӘРҚАШАН ӘСКЕРИ АР-НАМЫСЫҢДЫ
САҚТА, СОЛДАТТЫҚ БОРЫШЫҢА
АДАЛ БОЛ», «СЫН ЕРДІ ШЫҢДАЙДЫ,
ҚОРҚАҚТЫ ҚИНАЙДЫ». БҰЛ БАУ-
ЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚ
АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЖІГЕРІН ШЫҢДАЙТЫН
НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ. ИӘ, «ЕР ЕЛ ҮШІН ТУ-
АДЫ, ЕЛ ҮШІН ӨЛЕДІ» ДЕМЕКШІ,
ҚАШАНДА ХАЛЫҚТЫҢ ҰЛЫ БОЛУ
ӘРБІР ЖІГІТТІҢ БИІГІ. ӘСІРЕСЕ,
ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕП,
ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛУ НАҒЫЗ
АЗАМАТТЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ. МҰНЫ
ЖҮРЕГІ ҚАЗАҚ ДЕП СОҚҚАН ӘРБІР
ЖАСТЫҢ ТҮСІНЕРІ АНЫҚ. СОНДЫҚТАН,
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ЖӘНЕ ЕЛ
ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
АУДАНДЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ БӨЛІМІ
МЕН «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІ АУДАНДЫҚ
БӨЛІМІНІҢ БІРЛЕСЕ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН
«АРМАН» КЕНТТІК МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ
ЖАСТАРДЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ӘСКЕРГЕ
ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ. ИӘ,
КЕНТТЕГІ ҚАНДАЙ ДА ИГІ ШАРАНЫ ЕРЕК-
ШЕ ӨТКІЗУГЕ АТ САЛАТЫН МӘДЕНИЕТ
ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БҮГІНГІ ША-
РАДА ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ ЕКЕНІН АЙТПАСҚА
БОЛМАС.
ӘСКЕРГЕ
БАРУ –
БОРЫШЫМ
Нағыз ана – тас емшектен де сүт шығарады.
Нағыз сіңірі шыққан кедей – біреуге алақан
жаюға арланады.
Нағыз сəуегей мен көріпкел – ісіне ақы
сұрамайды, өзін жарнама жасамайды.
Нағыз ғалым – алаңғасар, күтімін емес,
үмітін сауады, олар киімі жұпыны, күйі
жадағай, өзгемен шаруасы аздау, бір ғылымға
берілген келеді.
Нағыз басшы – Қайырханның қайырымына
қанығады, өзі туралы ел ішіне еніп, көзімен
көреді, құлағымен естиді.
Нағыз еңбекқор – атақ іздемейді жəне олар
бағаланбайды.
Нағыз адам – қанағатшыл.
Нағыз ұл – қарашаңырақты құрметтейді,
баласынан бауырын артық санайды.
Нағыз қыз – өзін өнегелі етеді, өзгеге
өнегесін көрсетеді.
Нағыз жігіт – мансапқор емес, мақсаткер
болу керек.
ОЙТОЛҒАМ
НАҒЫЗ...
Саз мамандардың айтуынша, əн екі
жағдайда орындалады. Бірі дауыспен, екіншісі
жүрекпен. Әрине, екіншісі əсерлі. Оған бір мы-
сал.
Сталиннің қатал заманы. Соғыс өрті
өршіп тұр. Ел қорғаушыларын рухтанды-
ру мақсатында патриоттық əн тудыру тап-
сырмасы түсті. Әйгілі «Тёмная ночь» əні
осылай туды. Әнін Н.Богословский, сөзін
В.Агатов жазды. Енді шығарманы кім орын-
дайды? Бұған талаптанбағаны жоқ. Осылай
тəуір əн шын иесін ұзақ таппай жатты. Со-
дан кезек Марк Бернеске келді. Ол нақышына
келтіре орындап, есімі елге лезде тара-
ды. Сөйтіп 1943 жылы Мəскеу студиясында
Марк Бернестің орындауында «Тёмная ночь»
– «Қараңғы түн» (əні Н.Богословский, сөзі
В.Агатов) грампластинкаға жазылатын болды.
Алғашқы пластинка партиясы жарамсыз бо-
лып, үлкен айқайға ұласты. Әуенге қосымша
үн қосылып кеткен. Шұғыл тексеру барысын-
да анықтағандай, техник жазылу барысын-
да əннің құдіретіне елітіп, көзінен бір там-
шы жас грампластинкаға тамып кетсе керек.
Жүрекпен айтылған əннің осындай əсері бола-
тынын түсіндірудің қажеті жоқ шығар.
Адам қанша саналы болғанмен білместігі
көп бұлдыр əлем. Екіұшты жағдайға жолығуға
үнемі мүдделі. Бірін біліп тұрып, бірін білмейді.
Олай болса, санамалап көрсек деймін.
Адам туған күнін білгенмен өлетін күнін
білмейді.
Адам бүгін не боларын білгенмен,
болашағын білмейді.
Жігіт үйленетінін, қыз тұрмысқа шығатынын
ес білгенде біледі, бірақ кіммен бас қосатынын
дəл сол мезет білмейді.
Адам
ұрыс-керістің
көпшілігі
тілден
келетінін біліп тұрып, тілдеп жібергенін
аңдамай қалады.
Қылмыс жасаған жаза кешетінін біледі,
алайда саналы түрде барып қояды.
Арақтың ағзаға зияндығын білеміз, біреудің
көңілін қимаймыз.
Жат əдетке жуығың келмейді, бірақ күнə
кешу- пендешілік дейміз.
...Осының бəрінде «бізді шайтан түртті»
деп ақталамыз.
Барға қанағат, жоққа сабыр сақтаған
байыптылық шүкіршілікке жатады. Ал,
күпіршілік – обал-сауапты біле тұрып,
білместік жасайтын, шүкіршілікті ұққанмен,
жат пиғылға жаны үйір кісінің ісі. Тіршілікте
күпіршілікті күнде жасап қоямыз. Қолыңда
заты бола тұрып өзгеге қимай қалу да
пенделігіміз. Осы үшін кейде өмір бойы өкініп
жүретініміз шындық. Тамаққа тойып тұрып,
қай-қайдағыға бас қатырамыз, біреудің
қаңсығына қайран қаламыз. Таңырқауға
əуеспіз, талпынуға қауқар аз. Құдіреті күшті
Алланы да ауыртпалық көргенде, қиналып-
қысылғанда ауызға алып, жалбарынуға,
сыйынуға бас қоямыз, салғырттығымызға се-
беп етеміз. Сол пендешілік бір кем дүниеге көп
ұрындырады. Бəлкім, қателік те күпіршілікке
кіріптар емес пе?
Қаныбек ӘБДУОВ.
БІЛМЕСТІК
ҚҰДІРЕТ
ШҮКІРШІЛІК