«сырдария»



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата06.03.2017
өлшемі0,62 Mb.
#8197
  1   2   3   4   5

 

 

Ф-009/027



 

 



 

 

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 

 

 

 

СТУДЕНТТІҢ АНЫҚТАМА – ЖОЛ СІЛТЕУШІСІ 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

ЖЕТІСАЙ, 2016 

 

 



 

 


 

 

Ф-009/027



 

 



 

Студенттің  анықтама  –  жол  сілтеушісі  «Сырдария»  университетінің 

Ғылыми Кеңесінде бекітілген. 

 

 « 31 »  08   2016 ж.     № 1  хаттама 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ф-009/027



 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ 

Мемлекеттік  Ту,  Мемлекеттік  Елтаңба,  Мемлекеттік  Әнұран  Қазақстан 

Республикасының 

мемлекеттік 

рәміздері 

болып 


табылады. 

Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік  Туы  мен  Мемлекеттік  Елтаңбасының  эталондары 

Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМ-



ЛЕКЕТТІК    ТУЫ  -  ортасында  шұғылалы  күн, 

оның 


астында 

қалықтап 

ұшқан 

қыран 


бейнеленген  тік  бұрышты  кӛгілдір  түсті  мата. 

Тудың сабының тұсында ұлттық ӛрнек тік жолақ 

түрінде  нақышталған.  Күн,  оның  шұғыласы, 

қыран  және  ұлттық  ӛрнек  бейнесі  алтын  түстес. 

Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы 1:2. 

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМ-



ЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ - дӛңгелек нысанды және 

кӛгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы 

күмбез 

тәрізді 


бӛлігі) 

түрінде 


бейнеленген, 

шаңырақты  айнала  күн  сәулесіндей  тарап  уықтар 

шаншылған.  Шаңырақтың  оң  жағы  мен  сол  жағында 

аңыздардағы 

қанатты 

пырақтар 

бейнесі 

орналастырылған.  Жоғарғы  бӛлігінде  -  бес  бұрышты 

кӛлемді  жұлдыз,  ал  тӛменгі  бӛлігінде  «Қазақстан» 

деген 


жазу 

бар. 


Жұлдыздың, 

шаңырақтың, 

уықтардың,  аңыздардағы  қанатты  пырақтардың 

бейнесі,  сондай-ақ  «Қазақстан»  деген  жазу  -  алтын 

түстес. 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҦРАНЫ 

 

Сӛзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов 

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов 

 

Алтын күн аспаны 

Алтын дән даласы 

Ерліктің дастаны 

Еліме қарашы! 

Ежелден ер деген 

Даңқымыз шықты ғой 

Намысын бермеген 

Қазағым мықты ғой! 

 

Қайырмасы: 



Менің елім, менің елім

Гүлің болып егілемін, 

Жырың болып тӛгілемін, елім! 

           Туған жерім менің, Қазақстаным! 

 

Ұрпаққа жол ашқан, 



Кең байтақ жерім бар. 

Бірлігі жарасқан, 

Тәуелсіз елім бар. 

Қарсы алған уақытты, 

Мәңгілік досындай. 

Біздің ел бақытты, 

Біздің ел осындай! 

 

 Қайырмасы: 



 

 

 

 

Ф-009/027



 

 



 

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТIНІҢ  

ҚҦРМЕТТI СТУДЕНТІ! 

 

Осы  басылым  білім  алушылар  үшiн  анықтама  және  «Сырдария» 

университетіндегі  студенттiк ӛмiрге жол сілтеушi болып табылады. 

Анықтама  -  жол  сілтеуiшiсі  университеттiң  құрылымы,  бӛлiмдер  мен  

бӛлiмшелердің орналасқан жері мен телефондары туралы ақпарат бередi.  

Сонымен  бiрге,  Сiз  анықтама  -  жол  сілтеушісінде  ЖОО-дағы  оқу 

үдерісінде кезігетін сұрақтарға жауаптар таба аласыз. 

Бiздiң  университетте  бейiмделу  үдерісінде  «Студенттiң  анықтама-жол 

сілтеушісі» Сiздiң сенiмдi кӛмекшiңіз болады деп үмiттенемiз.   

Оқу  бағыттары  туралы,  оқудан  тыс  уақытта  студенттер  ӛмiрiнiң 

спорттық және мәдени мүмкiндiктерi туралы, бiздiң ЖОО-ның стратегиялық 

даму  жоспарлары  туралы  толық  ақпарат  алуға,  сонымен  бірге  профессор-

оқытушы  құрамының  жеке  және  зияткерлiк  біліктілігін  бағалауда  Сiзге 

www.sirdariya.kz

  «Сырдария» университетiнiң сайты кӛмектеседi. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ф-009/027



 

 



МАЗМҦНЫ 

МАЗМҰНЫ.................................................................................................... 

 

 



Университет туралы жалпы мәлімет............................................................ 

 



 

Университет миссиясы, кӛрінісі, басым бағыттар мен стратегиялық  

мақсаттар........................................................................................................ 

 



 

«Сырдария» унивеситетінің студентіне арналған ішкі тәртіп 

ережелері......................................................................................................... 

 



 

Жастар комитеті.............................................................................................  12 

 

 

«7Сыр» және «Мақтаарал» газеттері........................................................... 



13 

 

 



Оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері......................................................... 

14 


 

 

Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі......................  27 



 

 

Студенттің «PLATONUS» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде 



жұмыс жасауға арналған нұсқаулығы......................................................... 

30 


 

 

Ғылыми кітапхана қызметін  пайдаланудың жалпы ережелері................ 



37 

 

 



Білім беру қызметінің тӛлемақы тӛлеу тәртібі........................................... 

39 


 

 

«Сырдария» университетінің халықаралық ынтымақтастығы..................  40 



 

 

2016-2017 оқу жылына арналған мәдени-кӛпшілік іс-шаралар жоспары..  42 



 

 

Қысқаша анықтамалық ақпарат.....................................................................  44 



 

 

 

 

 

 



 

 


 

 

Ф-009/027



 

 



Сапалы білім – табысты мансапқа  

жетелейтін жол 

 

Университет туралы жалпы мәлімет 

«Сырдария»  университеті  ЖШС  1998  жылдың  27-ші  шілдесінде 

Қазақстан  Республикасы  Білім,  мәдениет  және  денсаулық  сақтау 

министрлігінің  №408  бұйрығымен  құрылған.  1998  жылдың  5-наурызында  

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті, Мақтаарал ауданының 

Әділет  басқармасында  заңды  тұлға  ретінде  тіркелді.  2007  жылдың  6-

ақпанында қайта тіркеуден ӛткен ( қайта тіркеу №254-1958-10 ЖШС).  

Университет Жарғысы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 6-

тарауы, 41 бабы және білім беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін 

нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген. 2002 жылы 12-ақпанда 

Білім берумен шұғылдануға арналған  ААN 000169 сериялы лицензиясы, 

2010 жылы  28-қыркүйекте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 

беру қызметін жүргізу құқығы беріліп,  АБ № 0134747 сериялы лицензия 

негізінде қызметін атқаруда. 

«Сырдария»  университеті  мемлекеттік  лицензияға  сәйкес  мемлекеттік 

тапсырыс  және  ақылы  негізде  күндізгі,  сырттай,  жеделдетілген, 

қысқартылған    нысандары  негізінде  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрлігінің  Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау  комитетінің 

2010  ж  26  маусымдағы  №168  бұйрығы  негізінде  білім  беру  қызметін 

кӛрсетеді. 

 

Университет  миссиясы,  кӛрінісі,  басым  бағыттары  мен 



стратегиялық мақсаттары 

Миссиясы:  Білім беру,  ғылым мен инновациялық қызметті заман талабына 

сай  интеграциялау  және  Қазақстан  Республикасының  даму  стратегиясына 

сәйкес жаңашыл мамандар даярлау.

  

Кӛрініс:    Инновациялық  экономика  үшін  бәсекеге  қабілетті  мамандар 

дайындайтын  алдыңғы  қатарлы  отандық  және  әлемдік  университеттер 

қатарына кіру. 

Әлемдік жетекші  университеттер  талаптарына сәйкестендірілген,   білім 

беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыруға  негізделген  білім  берудің  жоғары 

сапасына қол жеткізу. 

 

Білім  беру  сапасы  саласындағы  университет  саясатының  негізгі 



мақсаты  –    жоғары  білікті,  бәсекеге  қабілетті  ,  еңбек  нарығына  қажетті 

мамандарды даярлау. 

 

Университеттің білім беру ҥдерісінің басымдық мақсаттары: 

-  бүгінгі  қоғам  дамуында  қалыпты  тұжырымға  негізделген  білім  беру 

әдістері мен ұстанымдарының қалыптасуы,  дамуы және жүзеге асырылуы; 


 

 

Ф-009/027



 

 



-  қоғамның  қалыпты  дамуындағы  ұстанымдар  мен  жалпы  адамзаттық 

құндылықтар негізінде ӛмір сүру және жаңа кӛзқарас қалыптастыруға  ықпал 

жасау; 

-  жеке  тұлғаның  рухани-адамгершілік  және  мәдени,  интеллектуалды 



қажеттіліктерін ӛтеуге жағдай жасау; 

-  отандық  және  шетелдік  тәжірибені  негізге  ала  отырып,  мемлекеттің 

қажеттілігіне,  сұранысына  жауап  беретін  білім  беру  мен  тәрбие  жүйесін 

қалыптастыру; 

-  демографиялық,  саяси,  экономикалық,  аймақтық  және  жергілікті 

ерекшеліктерді  ескере  отырып,  жобалар  жасайтын  және  оны  жүзеге  асыра 

алатын ғылыми және ғылыми-педагогикалық жоғары білікті кадрлар, сондай-

ақ бастауыш, кәсіби, орта кәсіптік білімді мамандар даярлау; 

-  ғылыми-тәжірибелік  талдамалармен,  бағдарламамен  қамтамасыздан-

дыруды жүзеге асыру; 

-  университет  базасында  компьютерлік  курстарды  (колледж,  лицей, 

кәсіптік-техникалық  мектептер,  шет  тілін  үйрету  курстары)  құру,  сондай-ақ 

басқа да білім беру, ғылыми және кеңес беру қызметтерін кӛрсету. 

 Университет  маман    дайындауда  білім  алушылардың  кәсіби  және 

жалпы  білім  деңгейін  кӛтеруге  бағытталған  кәсіби  және  білім  беру 

бағдарламасын жүзеге асырады. 



Университеттің стратегиялық бағыттары (СБ) мен мақсаттары (СМқ)

 

1  СБ:  Сапалы  білім  беру  қызметтерін  және  бәсекеге  қабілетті  кәсіптік 



мамандар даярлауды қамтамасыз ету. 

1.1  СМқ:  Біліктілігінің  деңгейі  бойынша  дамып  отырған  ішкі  нарық 

мұқтаждықтарына  және  халықаралық  стандарттар  мен  талаптарына  жауап 

бере алатын кәсіби кадрларды дайындау. 

 

2  СБ:  Ӛңірдің  және  елдің  экономикасы  мен  әлеуметтік  саласы  басымдық 



салаларын ғылыми қамтамасыз ету. 

2.1  СМқ:  Ӛңірдің  және  елдің  тұрақты  инновациялық  дамуы  үшін  іргелі 

зерттеулер  базасында  университеттің  білімі  мен  білім  беру  инновациялық 

технологияларының  бәсекеге  қабілеттілігі  мен  сұранысқа  ие  болуына  қол 

жеткізу. 

 

3  СБ:  Адам  капиталының  маңызды  сипаттамалары  ретінде  маманның 



бойында  азамат  және  патриот,  тарихи  үрдісті  жасаушы  және  ӛзінің 

ӛзектілігін  дамыта  білетін  тұлға  қасиеттерін  қалыптастыру  үшін  жағдай 

жасау. 

3.1 СМқ: Кәсіптік және әлеуметтік құзыреттілігіне ие азамат пен патриоттың 



ӛзіне сенімді және бәсекеге қабілетті тұлғасын тәрбиелеу. 

 


 

 

Ф-009/027



 

 



 «Сырдария»  унивеситетінің студентіне арналған ішкі тәртіп ережелері 

Студент қҧқылы: 

 



мемлекеттік білім беру гранттары шеңберінде және ақылы негізде білім 

алуға; 


 

оқу түрлерін таңдауға; 



 

оқу үдерісіне қатысуға қажетті ақпаратты еркін алуға; 



 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  барлық  түрлеріне,  конференциялар 



мен симпозиумдарға қатысуға; 

 



мәдени-кӛпшілік шараларға қатысуға; 

 



ӛзінің  жұмыстарын    «7СЫР»  «Мақтаарал»  газеттерінде  және  басқа 

басылымдарда жариялауға; 

 

бос уақытында оқуды еңбекпен ұйымдастыруға; 



 

оқудағы, ғылыми және шығармашылық жетістіктері үшін ынталандыру 



шараларына ұсынылуға; 

 



«Сырдария»  университетінің  студенттік  ӛзін-ӛзі  басқару  органы  – 

Жастар Комитетінің жұмысына қатысуға; 

 

 ҚР  Заңнамаларында  белгіленген  тәртіпке  сәйкес  әкімшіліктің 



бұйрықтары мен ӛкімдерін бұздыру туралы шағым беруге. 

Студент міндетті: 

 



ҚР  Конституциясы  мен  заңдарын,  «Сырдария»  университетінің 

Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін, жатақханада тұру Ережелерін және 

басқа да нормативтік актілерді сақтауға; 

 



ҚР  мемлекеттік  рәміздерін,  ұлттық  мәдениетті,  Қазақстанның  тарихы 

мен  мемлекеттілігін  қадірлеуге    және  құрметтеуге,  университет 

дәстүрлерін мұқият сақтап, молайта түсуге; 

 



елдегі  тәртіпті  тұрақсыздандыруға  бағытталған  ақпаратты  таратпауға, 

рұқсат берілмеген жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, ереуілдерге 

қатыспауға; 

 



ұқыпты, таза, киім үлгісімен киінуге міндетті; 

 



сабақтың барлық түрлеріне кешікпей, оқу кестесіне сәйкес қатысуға; 

 



сабақ үстінде ұялы телефондарды ӛшіріп қоюға; 

 



сабақ үстінде сӛздерімен, жүрісімен оқытушыға бӛгет жасамауға; 

 



оқу үдерісіне белсенді қатысуға; 

 



денсаулығына немесе басқа да дәйекті себептермен сабаққа қатыспаған 

жағдайда дәлелді құжаттарды уақытында әкелуге; 

 

оқу тобының, курстың, факультеттің жұмысына қатысуға ұмтылуға; 



 

оқу пәндері бойынша СӚЖ-ін жасауға; 



 

университет  мүлкіне,  кітапханалық-ақпараттық  және  басқа  да  



ресурстарға ұқыпты болуға; 

 



оқу үдерісі үстінде тамақ ішпеуге; 

 



оқу  ғимараттарында  шылым  шекпеуге,  ластамауға,  сағыз  шайнамауға, 

тәртіп пен тазалық сақтауға; 

 

университет жарғысына сәйкес ішкі тәртіп ережелері мен жатақханада 



тұру ережелерін сақтауға. 

 

 

Ф-009/027



 

 



     Университет ғимаратында қатаң тыйым салынады: 

 



сырт және бас киіммен жүруге; 

 



сабақ  үдерісі  кезінде  аудиторияда  немесе  коридорда  қатты  сӛйлеуге, 

балағат сӛздер айтуға, шулауға; 

 

оқу  ғимаратында  темекі  шегуге,  алкогольдік  сусындар  ішуге, 



нашақорлық  немесе  токсикологиялық  күйде  жүруге,  наркотик  немесе 

психотропты заттарды таратуға;  

 

университетте, жатақханада бейджиксіз жүруге; 



 

университеттің  мүлкіне  зиян  келтіруге,  рұқсатсыз  пайдалануға  тыйым 



салынады. 

 

Студенттік жатақханалардағы ішкі тәртіп ережелері 

Басқа  қаладан  келген  немесе  шетелдік  студенттерді  оқу  жылы 

қарсаңында  университет  оқу  ғимараттарына  ыңғайлы  орналасқан 

жатақханамен қамтамасыз етеді.  



Жатақхана тҧрғындарының қҧқығы: 

 



ішкі  тәртіп  және  келісімшарт  ережелерін  сақтаған  жағдайда  берілген 

орында оқу жылының соңына дейін тұруға; 

 

жатақхананың 



санитарла-тұрмыстық 

ғимараттарын, 

бӛлмесін, 

жуынатын бӛлме, әжетхана және т.б. пайдалануға; 

 

директорлардың 



орынбасарлары 

мен 


коменданттың 

жазбаша 


рұқсатымен ғана бір бӛлмеден екінші бӛлмеге ауысуға; 

 



жатақхананың  Студенттік  Комитетін  сайлауға  және  сайлауға  түсуге; 

Студенттік  Комитеттің  жұмыстарына  қатысуға,  жатақхананың 

тұрмыстық ӛмірін жақсартуға үлес қосуға; 

         Жатақхана тҧрғындарының міндеттері: 

 



жатақхананың  ішкі  тәртіп  ережелерін,  техника  қауіпсіздігін,  ӛрт 

қауіпсіздігін, келісімшарт және т.б. актілерді қатаң сақтауға; 

 

электр  энергиясын,  газ  бен  суды  үнемдеп  жұмсау.  Бӛлмеден  немесе 



жатақханадан  шыққанда  ыстық  және  суық  су  шүмектерін  жауып, 

терезе,  есіктерді  жауып,  жарықты  және  электрқұрылғыларын  сӛндіріп 

кетуге; 

 



бӛлменің артық кілтін жатақхананың вахтерына ӛткізуге, жатақхананы 

тек тұрғылықты орын ретінде пайдалануға, кілтті немесе бӛлмені бӛтен 

адамға бермеуге; 

 



жатақхананың мүлкін күтіп ұстауға,   кӛпшілік орындарда тазалық пен 

тәртіпті  қатаң  ұстауға,  тұрғылықты  бӛлмеде  жиі  тазалық жұмыстарын 

жасауға; 

 



жатақхананың 

мүлкіне 


материалды 

жауапкершілікте 

болуға, 

жатақхананың  мүлкіне  зиян  келген  жағдайда  материалдық шығынның 

ақысын ӛтеуге; 

 



жатақханадан шығарда жатақхана мүлкін түгелімен қайтаруға; 

 



университет  әкімшілігінің,  коменданттың  рұқсатынсыз  жатақханаға 

бӛтен адамды  кіргізбеуге. 



 

 

Ф-009/027



 

10 


 

Жатақхана тҧрғындарына қатаң тыйым салынады: 

 



директорлардың  орынбасарларының жазбаша рұқсатынсыз ӛз еркімен 

бір  орыннан  екінші  орынға  ауысуға.  Ордерде  кӛрсетілген  бӛлмеде 

тұрмаған  жағдайда,  ол  студент  жатақхананың  ішкі  тәртіп  ережелерін 

бұзған болып саналады; 

 

жатақхана  комендантының  рұқсатынсыз  жеке  пайдалануға  берілген 



мүліктерді ӛз еркімен бір бӛлмеден екінші бӛлмеге тасуға; 

 



жатақханаға  кіру  рұқсат  қағазын  жатақханаға  кіру  үшін  бӛтен  адамға 

беруге; 


 

жатақхананың  кез-келген  жерінде  темекі  шекпеуге,  жатақханада 



алкогольді,  нашақорлық  күйде  келуге,  сонымен  қатар  есірткі, 

психотропты, алкогольді заттарды таратпауға және пайдалануға; 

 

аудио,  теле  және  видеоаппаратура  қондырғыларын  барлық  қатты 



дауыста қоюға; 

 



үй жануарларын пайдалануға, бауырымен жорғалаушы  және құстарды 

асырауға; 

 

жатақхана  айналасын  ластауға,  ас  әзірлейтін  бӛлмеде,  кӛпшілік 



пайдаланатын орындарда, коридорда қоқыс тастауға; 

 



электрқондырғыларын  пайдалануға,  соның  ішінде  сапа  сертификаты 

жоқ  электрұзартқыш және жалғастырғыш құрылғыларды пайдалануға; 

 

шатырға  шығуға,  кӛтерілуге,  балкон  мен  терезелерге  асылып  тұруға, 



отыруға; 

 



құмар  ойындар  ойнауға,  балағат  сӛздер  сӛйлеуге,  ұрыс-тӛбелес 

ұйымдастыруға; 

 

басқа тұрғындардың бӛлмелеріне тұрғындардың рұқсатынсыз кіруге; 



 

жоғарыда  кӛрсетілген  ішкі  тәртіп  ережелерін  бұзған  жатақхана 



тұрғындары,  сонымен  қатар  техника  қауіпсіздігі,  ӛрт  қауіпсіздігі, 

санитарлық  ережелерді,  жатақханада  тұру  келісімшартын  бұзған, 

жатақхана  қызметкерлерін,  студенттік  кеңес  мүшелерін,  қабат 

жауаптыларын сыйламағандар жатақханадан шығарылып, жатақханада 

тұру үшін тӛленген ақша қайтарылмайды.  

Жатақханаға кіру тәртібі мен қонақтарды кіргізу тәртібі 

Жатақханаға  кіру  тәртібі  комендант  берген  арнайы  үлгідегі 

рұқсат қағазының кӛмегімен жүзеге асырылады. 

Рұқсат  қағазы  –  жатақханаға  кіруге  рұқсат  беретін  негізгі  құжат 

болып  табылады,  ол  жоғалған  жағдайда  қайта  жасату  керек. 

Жатақханаға  кіру  уақыты  жаз  уақытында  07:00-ден  23:00-ге  дейін,  ал 

қыс уақытында 07:00-ден 22:00-ге дейін. 

Жатақханаға 22:00 мен  07:00 аралығында кіру тек рұқсат қағазы 

немесе  жұмыс  орнынан  берілген  анықтамада  директор  мен  тәрбие 

жұмысы  жӛніндегі  проректордың  бұрыштамасы  болған  жағдайда 

жүзеге асырылады. 

 

 



 

 

Ф-009/027



 

11 


 

БІЗДІҢ ДӘСТҤР 

Сіз  кӛп  жылғы  тарихы  мен  дәстүрі  қалыптасқан  жоғарғы  оқу  орны  – 

«Сырдария»  университетінің  студенті  атандыңыз.  Алдағы  4  жыл  ішінде  ол 

Сіздің  екінші  үйіңіз  болып  кетеді.  Университет  табалдырығын  аттаған 

жағдайда,    жалпыға  ортақ  арнайы  тәртіп  ережелерімен  жүру  керек.  Оларды 

сақтау – табыс пен түсіністіктің кепілі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет