«сырдария»


Жазғы семестрді ҧйымдастыру



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата06.03.2017
өлшемі0,62 Mb.
#8197
1   2   3   4   5

Жазғы семестрді ҧйымдастыру 

Академиялық  қарыздары  (10  кредиттен  аспайтын)  бар  студенттер  үшін 

жазғы  семестр  ұйымдастырылады.  Жазғы  семестр  кезеңінде  пәндерді  қайта 

оқу үшін 4-5 адамнан кем болмайтын топтар жинақталады. Жазғы семестрге 

тіркелу жазғы семестр басталарға дейінгі бір апта бұрын аяқталады. 

Жазғы  семестрге  қатысуға  жазылу  құқығына  тӛмендегі  студенттер  ие 

бола алады: 

 



рейтингтік бақылау нәтижелері бойынша сессияға жіберілмеген; 

 



академиялық қарыздары бар; 

 



қайта  қабылдау,  ауыстыру,  академиялық  демалыстан  оралу  кезінде 

академиялық айырмашылықтары бар. 

Жазғы семестрде жалпы кредит саны 10 құрайтын пәндер саны тӛрттен 

аспаған жағдайда қайта оқуға болады.  

Жазғы  семестр  нәтижесі бойынша  кӛшіру балын  (GРА)  жинай  алмаған 

студенттер қайта оқыту курсына қалдырылады. 

  Тіркеу  офисі  жазғы  семестрді  ұйымдастыру  және  жазғы  семестрге 

студенттерді тіркеу жұмыстарын жүргізеді. 

Жазғы семестрді ұйымдастыру тәртібі:  


 

 

Ф-009/027



 

28 


 

 



жазғы  семестрге  қатысатын  студент  ӛтініште  курс  пен  курс  бойынша 

жүргізілген тӛлем ақыны кӛрсете отырып тіркеледі; 

 

жазғы семестрдің сабақ кестесі құрастырылады. 



Жазғы  семестрде  игерілген  мамандықтың  оқу  жоспарының  пәндері 

бойынша емтихан нәтижелері кӛшіру балында (GРА) ескеріледі. 

Оқылған  пәндер  бойынша  студенттің  жинаған  барлық  балдары 

транскрипте кӛрсетіледі. 



 

Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі 

Білім алушыларды ауыстыру 

 



Білім алушыны  курстан  курсқа ауыстыру жазғы емтихан сессиясының 

қорытындысы  (аралық  аттестаттау)  бойынша  жазғы  семестрдің 

нәтижелерін  және  алынған  ауысу  баллдарын  ескере  отырып  жүзеге 

асырылады. 

 

Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру «Сырдария» университетінің  



ректорының бұйрығымен ресімделеді. 

 



Белгіленген  ауысу  баллын  жинаған  және  академиялық  қарызы  бар 

болған  жағдайда  келесі  курсқа  ауыстырылған  білім  беру  гранты 

бойынша  білім  алушы  білім  беру  грантын  жоғалтпайды,  ал 

академиялық қарызын ақылы негізде жояды. 

 

Қайта  оқу  курсына  қалдырылған  білім  беру  гранты  бойынша  білім 



алушы осы гранттан айырылады және одан әрі ақылы негізде оқиды. 

 



Білім  алушыны  бір  ЖОО-дан  екіншісіне  ауыстыру  рәсімі  мынадай 

тәртіппен жүзеге асырылады: 

 

Басқа  ЖОО-ға  ауысуға  ниет  білдірген  білім  алушы  білім  алып  жатқан 



университет  ректорының  атына  ауысу  туралы  ӛтініш  береді  және 

ауысуға  мӛрмен  бекітілген  жазбаша  келісім  алып,  қызығушылық 

танытқан басқа ЖОО басшысына ӛтініш білдіреді; 

 



Қабылдаушы  ЖОО  басшысының  атына  жазылған  ауысу  туралы 

ӛтінішке  ОӘЖ  проректор  мен  ТО  қол  қойған,  мӛрмен  бекітілген 

трансткрипттің; ұлттық бірыңғай  тестілеуді  немесе  кешенді  тестілеуді 

тапсырғандығы  туралы  сертификаттың;  білім  беру  грантының  иегері 

куәлігінің  (егер  грант  иегері  болса); оқыған  ЖОО  басшысының  атына 

жазылған  ӛтініштің  (басшының  қолымен  және  мӛрмен)  кӛшірмелері 

қоса тіркелуі қажет;  

 



Факультет  деканы,  ОӘБ  басшысының,  ОІЖ  жӛніндегі  проректордың 

қойған бұрыштамаларына сәйкес «Сырдария» университетінің ректоры 

білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады. 


 

 

Ф-009/027



 

29 


 

 



Білім алушы ауысатын ЖОО-ның  ректоры бұйрық шыққан мерзімнен 

бастап үш күн ішінде бұрын білім алушы оқыған ЖОО-ға оның жеке іс 

қағаздарын жіберу туралы жазбаша сұраныс жібереді. 

 



Білім  алушы  бұрын  оқыған  ЖОО-ның  ректоры  мұндай  сұранысты 

алғаннан  кейін  «(ЖОО  атауы)  ауысуына  байланысты  оқудан 

шығарылды»  деген  мазмұнындағы  оқудан  шығару  туралы  бұйрық 

шығарады және бұйрық шыққан мерзімнен бастап үш күн ішінде білім 

алушының  жеке  іс  қағаздарын  қабылдаушы  ЖОО-ның  мекен-жайына 

жолдайды. 

 

Білім  алушы  оқыған  ЖОО-да  транскрипттің  кӛшірмесі,  сынақ 



кітапшасы,  студенттік  билеті  және  жіберілетін  құжаттардың 

тізімдемесі қалады.  

 

Бір  ЖОО-нан  екіншісіне  білім  беру  гранты  негізінде  білім  алушыны 



ауыстыру  кезінде  қабылдайтын  ЖОО-ның  басшысы  білім  алушыны 

қабылдау  туралы  бұйрықтың  кӛшірмесін,  оның  атына  жазылған  білім 

беру  гранты  куәлігінің  кӛшірмесімен  бірге  ҚР  БЖҒМ  ЖЖБД  және 

тиісті  бюджеттік  бағдарлама  әкімшісіне  ЖОО-ның  қаржыландыру 

кӛлемін қайта қарау үшін ұсынады. 

 



Білім  беру  гранты  бойынша  білім  алушы  бір  ЖОО-дан  екіншісіне  бір 

курсқа тӛмен ақылы негізде ғана ауысуы мүмкін. 

 

Мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  бойынша  жекелеген  ЖОО  үшін 



бекітілген 

нысаналы 

орындарға, 

сондай-ақ 

педагогикалық 

мамандықтарға бӛлінген квота шегінде түскен білім алушыларды білім 

беру  грантын  сақтай  отырып  бір  ЖОО-дан  екіншісіне  ауыстыруға 

болмайды. 

 

Бір  ЖОО-дан  екіншісіне  ақылы  негізде  оқу  үшін  білім  алушыларды 



ауыстыру  білім  алушы  мен  қабылдаушы  ЖОО  арасында  шарт  жасасу 

арқылы жүргізіледі. 

 

ЖОО-дан  шығарылған  білім  алушы  кез  келген  оқыту  нысанына,  кез 



келген  мамандыққа  және  кез  келген  жоғары  оқу  орнына  шығарылған 

мерзіміне  қарамастан  білім  алушылар  қатарына  оқуға  қайта 

қабылдануға құқылы. 

 



Оқудың  құнын  тӛлемегені  үшін  оқудан  шығарылған  ақылы  негізде 

оқитын  білім  алушы  қарызын  тӛлеген  жағдайда  шығарылған  күнінен 

бастап тӛрт апта ішінде қайта қабылдана алады. 

 



Білім  алушылар  қатарына  қайта  қабылдау  және  оқу  жұмыс 

жоспарының пәндеріндегі айырмашылықтарды жою тек ақылы негізде 

жүзеге асырылады. 


 

 

Ф-009/027



 

30 


 

 



Білім  алушының  бір  ЖОО-ның  ішінде  бір  мамандықтан  және  оқу 

нысанынан  екіншісіне  ауысуы  шартқа  тиісті  ӛзгерістер  енгізу  арқылы 

жүргізіледі  және  «Сырдария»  университеті  ректорының  бұйрығымен 

ресімделеді. 

 

Оқу  мерзімі  кезінде  пайда  болған  ауру  нәтижесінде  берілген 



мамандықта  оқуға  тыйым  салынғаны  туралы  дәрігерлік-кеңес 

комиссиясының  шешімі  бар  білім  беру  гранты  бойынша  білім  алушы 

бір мамандықтан екіншісіне бос орындарға білім беру гранты бойынша 

ауысады. 



Білім алушыларды қайта қабылдау тәртібі

 



 

.

Білім  алушылар  қатарына  қайта  қабылдау  және  оқу  жұмыс 



жоспарының  пәндеріндегі  айырмашылықтарды  жою  тек  ақылы 

негізде жүзеге асырылады.

 



 



Оқуға  қайта  қабылдау  рәсімі  мынадай  тәртіппен  жүзеге 

асырылады:- білім алушы оқуға қайта қабылдану үшін ӛзінің оқуын 

жалғастырғысы  келген  ЖОО  басшысының  атына  ӛтініш  береді. 

Оқуға қайта қабылдану туралы ӛтінішке Анықтама (түпнұсқа)  қоса 

тіркеледі; 

 



Факультет  деканы,  ОӘБ  басшысы,  ОІЖ  жӛніндегі  проректордың 

қойған  бұрыштамаларына  сәйкес  университет  ректоры  білім 

алушыны оқуға қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады. 

 



Оқуға  қайта  қабылдау  туралы  ӛтініш  келесі  академиялық  кезең 

басталудың алдында кемінде бес күн бұрын ұсынылады. 

 

Білім  алушы  басқа  білім  беру  ұйымына  оқуға  қайта  қабылданған 



жағдайда  білім  алушы  бұрын  оқыған  білім  беру  ұйымының 

басшысы  қабылдаушы  тараптың  жазбаша  сұрауы  негізінде  білім 

алушының  жеке  іс  парағын  жібереді,  бұл  ретте  Анықтаманың 

кӛшірмесін, оқу карточкасын, сынақ кітапшасын, студенттік билетті 

және жіберілген құжаттардың тізімдемесін ӛзінде қалдырады. 

 



Оқуға  қайта  қабылдау  туралы  шешімді  университет  ректоры  оқу 

сабақтарының басталуынан кемінде үш күн бұрын қабылдайды. 

 

Жұмыс  оқу  жоспары  пәндерінің  айырмашылығын  жою  тәртібі  мен 



мерзімі ғылыми мектеп директорының ӛкімімен рәсімделеді 

Студенттің «PLATONUS» автоматтандырылған ақпараттық 

жҥйесінде жҧмыс жасауға арналған нҧсқаулығы 

Университетте  «Platonus»  автоматтандырылған  ақпараттық  жүйесі 

енгізілген. 


 

 

Ф-009/027



 

31 


 

«Platonus»  автоматтандырылған  ақпараттық  жүйесі  -  қашықтықтан 

оқытуды  қолдайтын  жүйе  (әрі  қарай  жүйе),  тӛмендегі  мүмкіндіктерді 

біріктіріп,  Интернет/Интранетте  оқу  орталығын  жасауға  мүмкіндік  беретін 

қазіргі  заманауи  бағдарламалық  қамсыздандыру  болып  келетін  - 

бағдарламалық тұғырнама, ол: 

 

оқу курстарын тіркеуді; 



 

студенттер мен оқытушыларды тіркеуді; 

 

оқу  материалдарын,  тесттер  мен  жаттығуларды  жасау  және 



жариялауды; 

 

үлгерімді есептеуді; 



 

оқу кестені құру және басқаруды; 

 

басқа да қажетті сервистер мен қасиеттерді қамтамасыз етеді. 



 

Жҥйеге кіру 

 Жұмысты  бастамас  бұрын  колданушы  алдымен  браузерді  қосу  керек 

(Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer);  

Браузердің  мекен  –  жай  жолағында  жүйе  орналасқан  мекенжайды, 

ғаламдық шығу мүмкіндікке ие болған жағдайда 

http://89.218.153.154

  теріп, 

ал  университет  ішінде 



http://192.168.1.3

  теру  қажет.  Бастапқы  бет  шамамен 

келесi түрдi қабылдайды (1- сурет).  



 

 

1-сурет. Жүйеге кіру (тілді таңдау) 



бұл бетте тілді таңдап, келесі авторландыру беті ашылады (2-сурет). 

 

 

Ф-009/027



 

32 


 

 

2-сурет. Жүйеде авторландыру 



3.  Жүйеге  кіру  үшін  авторландыру  пішінінде  жүйедегі  «Логин»  ӛрісіне 

ӛзіңізге берілген логинді және «Құпия сӛз» ӛрісіне құпия сӛзін енгізіп, содан 

соң «Кіру» пернесін басу қажет. Егер сіздің логин мен құпия сӛзіңіз болмаса, 

оны  тіркеу  офисінен  алуға  болады,  әр  студент  үшін  логин  мен  құпия  сӛз 

жеке беріледі. 

Жҥйенің интерфейсі 

Авторланған  соң  келесі  бет  жүктеледі,  ол  жүйенің  Интерфейсі                    

(3-сурет).  Сервердің  барлық  беттеріндегі  жиынтық  элементтер  үлгісін 

жүйенің  Интерфейсі  пайдаланады.  Бұл  қолданушыға  бағдарламада  жеңіл 

қалыптасуға  және  жүйенің  барлық  мүмкіншіліктерін  тиімді  пайдалануға 

мүмкіндік береді.  

 

3-сурет. Жүйенің интерфейсі 



 

 

Ф-009/027



 

33 


 

3-суретте негізгі элементтердің нұсқауы бар бағдарламаның үлгісі 

кӛрсетілген. 

Қолданушының атқаратын қызметтер топтамасы  

Қолданушының  блогында  (жоғарғы  оң  жақтағы  бұрышта)  қолданушы 

блогінің келесі мүмкіндіктеріне ие бола аласыз:  

 

Кітапхана; 



 

Чат;  


 

Форум; 


 

Басқа бетке; 

 

Шығу.  


Басты мәзір 

 

Бұл  қолданушының  атқаратын  әрекеттерін  таңдаудағы  басты  құралы 

болып табылады. Студент үшін оқу аудитория, журнал, оқу кестесі, жеке оқу 

жоспарлары,  академиялық  күнтізбе,  транскрипт,  апелляциялар  және 

хабарламалар ұсынылған (4-сурет).  

 

4-сурет. Меню қатары 

Меню қатарындағы «Журнал» қатарын басар болсақ, мұнда біз ӛтіліп 

жатқан сабақтан сабақ үлгерімімізді кӛре аламыз (5-сурет). 



 

 

Ф-009/027



 

34 


 

.

 

5-сурет. Журнал

 

6-суретте «Академический календарь» қатарында біз оқу үдерісінің 1 



жылдық жоспарын кӛретін боламыз (аралық бақылау, қысқы сессия, демалыс 

күндері т.б).  



 

6-сурет. Академиялық күнтізбе 



 

 

Ф-009/027



 

35 


 

Меню қатарынан «Транскрипт» жазудың үстінен шертер болсақ, тӛмендегі 

кӛріністі  кӛретін  боламыз  (7-сурет).  Мұнда  біз  барлық  пәндерден  алған 

бағаларымыздың соңғы орта балын кӛретін боламыз.

 

 

7-сурет. Транскрипт 



Жеке мәліметтерді қарау және ӛзгерту 

Қолданушы ӛздігінен ӛзгертулер енгізуге ыңғайлы қолданушының есептік 

жазбасында бірнеше қатарлық атрибуттар бар («Настройки» бейнесінде). Бұл 

қолданушының тіркеу карточкасындағы жолақтары: 

 

логин; 


 

құпия сӛз. 

 


 

 

Ф-009/027



 

36 


 

 

8-сурет. Настройка 



 

«Хабарламалар»  бӛлімі.  Бұл  бӛлім  студент  пен    мұғалім  арасындағы 

байланыс болып табылады. Әсіресе Қашықтықтан оқыту орталығында (ҚОТ) 

білім алатын студенттер үшін жиі пайдаланылатын бӛлім (9-сурет). 

 

 

9-сурет. Хабарламалар 



 

Емтихан.  Жылын  екі  рет  болды:  1)  Қысқы  емтихан,  2)Жазғы  емтихан. 

Тестілеу  барысында  40  минут  ішінде  сізге  40  сұрақ  берілетін  болады. 

Жоғарыда  кӛрсетілген  сұрақты  оқып,  тӛменгі  бӛлігінде  орналасқан  5 

жауаптан тек 1 ғана тышқан батырмасының сол жақын шерте отырып келесі 

сұраққа кӛшетін боламыз (10-сурет). 

 


 

 

Ф-009/027



 

37 


 

 

10-сурет. Тестілеу барысы 



 

Ал,  келесі  сұраққа  ӛту  үшін,  жоғары  жақта  орналасқан  келесі 

батырмалармен жұмыс жасайтын боламыз (Кесте-1). 

 

 



«Ең бірінші сұраққа» 

 

«Артқа» 



 

«Келесі» 



 

«Ең соңғы сұраққа» 

Кесте-1. 

Ӛзімізге  берілген  40  сұрақтың  бәрін  толық  белгілеп  болған  соң,  соңында 

пайда  болатын  «Жіберу»  батырмасын  басып,  ӛз  нәтижемізді  сол  жерден 

кӛретін боламыз. 



 

 

Ф-009/027



 

38 


 

 

Ғылыми кітапхана қызметін  пайдаланудың жалпы ережелері 

 

Университет  кітапхана  қорында  миллиондаған  оқулықтар,  ғылыми 



басылымдар  жинақталған.  Ғылыми  кітапхана  жыл  сайын  ғылыми 

монографиялар,  мерзімді  ғылыми-танымал  журналдармен  толықтырылып 

отырады. 

Кітапхана  сайтында  (

http://www.ko-sirdariya.kz/

)  «Кітапхана»  бетінде 

электрондық каталог, электронды ресурстар және мақалалар деректер базасы 

мен кітапхана құжаттары туралы негізгі мәліметтер насихатталған. 

Электронды  оқулықтар    мен  оқырман  залдарында  Интернет  жүйесінің 

барлық  ресурстарын,  сонымен  қатар  оқулықтардың  толықмәтінді  деректер 

базасын, оқу-әдістемелік құралдар мен мақалаларды, электрондық каталогты 

пайдалану мумкіндіктері бар. 



Оқырмандардың  қҧқықтары,  мiндеттерi және жауапкершілігі 

 



кітапхана  кӛрсететін  кітапхана-ақпарат  қызметінінің    негізгі  түрлерін 

тегін пайдалануға; 

 

ақпарат кӛздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға; 



 

библиографиялық    және    анықтама-ақпараттық    қызметтерін 



пайдалануға; 

 



уақытша  пайдалану  үшін  оқу  залдары  мен  абонементтерден  керекті 

құжаттарды алуға; 

 

ақпарат  кӛздерiн  iздестiру  мен  таңдауда  кеңесшiлiк  қызмет  алуға, 



сонымен қатар Интернет жүйесін пайдалануға; 

 



алынған құжаттардың қайтару мерзімін ұзартуға құқығы бар. 

 

Оқырмандар кітапханаға кірерде және құжаттарды аларда жеке куәлігін 



кӛрсетуге міндетті. 

 

 

Ф-009/027



 

39 


 

 

Кiтаптарды, басқа баспасӛз туындылары мен материалдарды алар кезде 



оқырмандар  басылымды  мұқият  тексерiп  шығады.  Қандай  да    бiр  ақау 

табылған  жағдайда  ол  жӛнiнде  кезекшi  кiтапханашыға  хабарлайды.  Олай 

болмаған жағдайда кiтапты бүлдiргенi үшiн басылымды соңғы пайдаланған 

оқырман жауап бередi. 

 

Оқу  орнынан  кетерде  оқырмандар  ӛзiне  жазылған  басылымдар  мен 



оқырман билетiн кiтапханаға қайтарады.  

 

Басылымды жоғалтқаны немесе бүлдiргенi үшiн жауапты оқырман оны 



дәл сондай басылыммен немесе оның кӛшiрмесiмен, немесе кiтапхана құны 

бiрдей деп тапқан басылыммен алмастырады. 

 

Оқырманға мыналар рұқсат етiлмейдi: 



 

қызмет бӛлмелерi мен кiтап қоймасына рұқсатсыз кiруге; 

 

кiтапханаға сырт киiммен кiруге; 



 

кітапхананың ішінде шылым шегуге; 

 

құмар ойындарын ойнауға; 



 

тамақ пен сусындар алып келіп ішуге; 

 

телефонмен сӛйлесуге; 



 

оқу залынан құжаттарды кітапханашының рұқсатынсыз алып шығуға; 

 

кiтапхана бӛлмелерiнде тыныштық пен тәртiп бұзуға. 



 

Пайдалану  ережелерін  бұзған  оқырмандар  кітапхананы  пайдалану  

құқығынан келесі мерзімге дейін айырылады: 

 

тыныштықты бұзған үшін – 1 айға; 



 

қызметтік  міндетін  орындау  барысында  кітапханашаға  тіл  тигізгені 

үшін – 2 айға; 

 

кітапханашының  рұқсатынсыз  оқырман  залынан  кітап  алып  шыққан 



үшін – 6 айға; 

 

кітапхананы  пайдалану  ережесін  бернеше  қатар  бұзғаны  үшін  –  1 



жылға; 

 

қасақана  басылымдарды  бүлдіргені  (белгi  салу,  сызу,  парақтарын 



жыртып,  мұқабасын  бүлдіргені)  үшін  кітапхананы  пайдалану 

құқығынан  мүлдем  айырылады.  Ғылыми  кітапхананы  пайдалану 

ережелерін ӛрескел бұзған студенттер жайлі      мәліметтер деконаттар 

мен ректоратқа беріледі. 

 

Оқырмандарды  кітапханаға жазу тәртібі 

Кiтапханаға 

тіркелуде 

студенттер 

тӛлқұжатын, 

оқытушылар, 

қызметкерлер  мен  оқырмандардың  басқа  категориялары  үшiн  –  тӛлқұжатын  

немесе қызмет куәлiгiн,  3х4 ӛлшемдi екі фото суретiн ӛткізуі тиіс. Оқырман 

билеті барлық абонементтермен оқу залдарын пайдалануға құқық береді. 

Оқырман билетiнiң қолданылу мерзiмi – бiр жыл. Кiтапхана жыл сайын 

ӛзi  белгiлеген  мерзiмде  оқырмандарды  оларға  жазылған  әдебиеттiң  бәрiн 

кӛрсетуiмен  қайта  тiркеуден  ӛткiзiп,  оқырман  билетiн  ұзартады.  Қайта 

тiркеуден ӛтпеген оқырмандарға кiтапхана қызмет кӛрсетпейдi. 


 

 

Ф-009/027



 

40 


 

 

 

 

Оқу залын пайдалану қағидалары 

Оқу  залында  тек  қана  оқу  залы  қорынан  алынған  құжаттармен 

пайдалануға болады. 

Оқу  залына  кірерде  оқырман    жеке  куәлігін  міндетті  түрде  кӛрсетуі 

қажет. 

Энцикплопедияларды, анықтамалық, басылымдарды, сӛздіктерді сирек 



кездесетін  және  құнды  басылымдарды,  кітаптың  жалғыз  және  соңғы 

данасын,  сонымен    қатар,  кітапханааралық  абонементтен  алынған 

басылымдарды тек қана оқу залдарында пайдалануға рұқсат етіледі.  

 

 

Абонементтi пайдалану қағидалары 

Оқырмандар  абонементтерден  үйге  әдебиеттерді  алу  үшін,  міндетті 

түрде  оқырман  билеттерін  кӛрсетіп,  сұраныс  парағын  дұрыс  толтырулары, 

алған кітаптардың формулярларына қол қоюы қажет.  

Кітап  формуляры  мен  сұраныс  парағы  оқырманға  әдебиет    беру  және 

кітапханашының  оны  қабылдау  фактісін  растайтын  құжаттар  болып 

табылады.  

Абонементте  әдебиет үйге мына мерзiмге: 

 

оқу әдебиеттері бiр семестрге немесе бір оқу жылына; 



 

ғылыми  әдебиеттер  –  5 кiтаптан асырмай –  1 айға; 

 

кӛркем  әдебиеттер – 3 кiтаптан асырмай  – 1 айға. 



Топ  сабақтарында  пайдалану  үшiн  әдебиет  абонементте  оқытушының 

жазбаша талабы бойынша берiлiп, топтың кезекшi студенттің қол қойуымен 

тiркеу  журналына  жазылады.  Топ  сабағына  алынған  әдебиет  үшiн  оқытушы 

жауап бередi. 

 

Кітапхананың жҧмыс тәртібі 

          Дүйсенбі - жұма               8-30 –19-00 (үзіліссіз) 

          Сенбі                                 8-30 –15-00   (үзіліссіз) 

Жексенбі                           демалыс күн 

Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні. 

 

Білім беру қызметінің тӛлемақы тӛлеу тәртібі 

Оқу ақысын тӛлейтін валюта түрі мемлекеттік стандартқа сәйкес «теңге» 

болып табылады. 

Білім  алу  ақысы  әрбір  оқу  жылына  ҚР  Үкіметінің  қаулысы  негізінде 

қабылданған мемлекеттік тапсырыс бойынша оқудың тӛлемақысы деңгейінің 

кӛлемінде 

«Сырдария» 

университетінің 

ректорының 

бұйрығымен 

белгіленеді. 

«Сырдария»  университетіндегі  оқу  тӛлемақысы  кӛрсетілген  оқу 

жылындағы  ҚР  Үкіметінің  қаулысына  сәйкес  мемлекеттік  оқу  грантында 

оқитын  әр  студентті  оқытуға  жұмсалатын  қаржы  кӛлемінің  ӛзгеруіне 


 

 

Ф-009/027



 

41 


 

байланысты ӛзгереді. Оқу ақысының мӛлшері оқу жылында бір реттен артық 

ӛзгертілмейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет